Ақмырза Ишан көтерілісі

Ерханқызы Динара

 

Ақмырза Ишан көтерілісі

Олай болса, ғылыми жұмысымның басты тұлғасы Ақмырза ишан жайында сөз қозғайын. Тарихымызда Ақмырза ишан бастаған көтеріліс туралы әңгіме тәуелсіздік тұсында ғана айтыла бастады. Оның өзінде де ол туралы мәліметтер құпия қорларда жинақталғандықтан, нақты әңгімелермен қатар аңыздар қоса жүрді XIX – XX ғасырдың басында Сырдарияның төменгі ағысында діни-ағарту мектептері кең етек алды. Өткен заманның көрнекті ағартушылары Ақмырза ишан, Құлболды ишан, Марал ишан, Садық ахун, Дәулетназар ахундар  жергілікті халыққа сауат ашу, білім негіздерін оқытатын медресе мектептерін ашты. Олар араб елдерінен, Ауғанстаннан, Орталық Азияның мәдениет және ғылым орталықтары Самарқанд пен Бұхарадан, сондай-ақ Үндістан мен Ресейден барлық маңызды және пайдалы нәрселерді біртіндеп жинады.

Ақмырза Төсұлы 1881 жылы Қуаңдария өзені бойында «Қарақ» деген жерде туған әкесі елге сыйлы кісі болыпты. Ақмырза ауылдағы молдадан сауат ашып, діни оқуға бет бұрады. Ол 11 жасында әкесіне айтпай, керуеншілерге ілесіп бастапқыда Бұхарадағы «Көкілташ», кейіннен Стамбұлдағы медресселердің бірінде оқып білім алады. Медреседе араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс ойшылдарының тарихи, әдеби, діни еңбектерін зерделейді. Ақмырзамен бірге Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлы мен тәжік ақыны Садратдин Айни қатар оқыған. Ол кісінің оқуға деген құлшынысына, талпынысына, пәндерді игерудегі табыстарына тәнті болған ұстаз мүфтилері оған басқа елдердің білім ордаларында шындала түсуге кеңес береді. Туған халқының алдындағы перзенттік парызын түсінген Ақмырза латын, ағылшын тілдерін меңгереді. Ол Ауғансттаның Кабул мен Герат, Ресейдің Қазан мен Уфа қалаларындағы мешіт пен медресселердің ілім беру үрдісі мен дәріс беру, әдістемелерімен  танысады.

1897 жылы елге оралады. Ақмырза елге оралғаннан кейін мешіт салдырып, шәкірт тәрбиелеген. Ақмырза ел арасында «Ақмырза ишан» деп аталған. Ақмырза ишан 1928 – 1929 жылдардағы дін орындарын жабу, молда, ишандарды қудалау басталған тұста Ақмырза серіктерімен Сыр бойынан көтеріліп, Қуандағы Шортан мешіті (Ақмырза мешіті) деп аталатын жерде қиындыққа ұшыраған бірсыпыра шаруаларды қосып алды. Осылайша тарихта «Ақмырза ишан көтерілісі» деп аталатын, Кеңес өкіметінің әміршіл әкімшіл жүйесіне қарсы күрес орын алды. 1930 жылы Наурыз айында Ақмырза бастаған топтың көтеріліске шаққанынан хабардар Қазалы ауданы көтеріліске 250 адамдық қарулы отряд жасақтап, көтерілісшілерге қарсы аттандырады. Жасақшылар мен көтерілісшілер келісім таба алмай, кісі өлімі болады да, қарулы отряд көтерілісшілерді талқандады. Ақмырза бастаған топ қолға түсіп, қалғандары қашып құтылады. Осылайша кейбір деректерде Ақмырза ишан өз мешітінде құран оқып отырып қаза болған деседі.

Ақмырза ишан көтерілісін тоқтату немесе жалпы санын анықтау мақсатында біраз тыңшы жіберілген. Соның бірі Хамза Жомартов Ақмырза сарбаздарының оғынан қаза табады. Ү.Аяпов, М.Құлман, Костиндер аман қайтқан екен.

Ақмырза ишан бастаған көтеріліске қатысқан мерген Жайлыбай Керуенбаев (1902-1970) жөнінде ұрпағы Тұрсынкүл Жайлыбай қызы былайша жазыпты . «…Әкем Жайлыбай ишан көтерілісі жеңіліс тапқаннан кейін ауылға келіп, қалхоз жұмысына араласты. Бірнеше рет тергеп, тексеріп, адам өлтірмегені белгілі болған соң  босатып жіберсе де еңбек колониясына еңбек етті». -деді.

Жайлыбай Керуенбаев ел аузында аңшы, палуан деп те аты қалған. 1941 – 1945 жылдары соғысқа аттанып, онда ауыр жарақат алып, елге қайта келеді. Соғыстан кейін колхоздың өркендеуіне үлес қосып, қазіргі Тұрмағамбет ауылында қаза болады.

Науан Таңатаров соғыс біткенненен кейін Қызылқұмда тұрған. Ақмырза ишан көтерілісіне қатысқан. Ахмет Мықтыбаев  1905 жылы туылған, 1930 жылы большевиктер партиясының мүшелігіне кандидат болған. Ол Ақмырза ишан көтерілісіне қатысқаны үшін 1938 жылы  2 қазанда партиядан қуылып, қысымға алынады. Бұл ақпарат «Ленинский путь» газетінде жазылған.

Ақмырза ишан көтерілісінде басты тұлға ретінде саналған Төлеген мерген жайлы да сөз қозғығым келіп отыр. Ол жайлы архив құжаттарында және ел аузында көптеген  мәліметтер сақталған. Төлеген Жекебатыров 1904 жылы Қармақшы ауданының №16 ауылында туылған. Ақмырза ишан көтерілісіне қатысып,  кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізген.

Аты  аталаған  азаматтардан басқада көптеген азаматтар Ақмырза ишан бастаған көтеріліске қатысқан. Олар: Рай Оспанов, Ермахан Аманбаев,  Жұбатқан Құйрықбаев, Тоғызбай Аяп, Абет, Жабет, Шәкен Бесбаев, Құйрықбай Сәрсембаев, Құлжан Базаров, Әбубәкір Алдашбаев және тағы басқалары. Бұлардың барлығы бірнеше жылға сотталып, қылмыстық жазаға тартылды. Осы азаматтардың көбісі Қармақшы ауданына қарасты №4, №9, №12, №15, №16 ауылдарда тұрған деседі.

Стамбул медресесінің тәләбі болған Амангледі Жұмашұлының айтуынша, «Ақмырза қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында өмір сүрген, ислам дінінің үлкен білгірі болған, өле-өлгенше хақ жолын адалдықпен тұтынып, халқының қамын ғана ойлап өткен. Бала кезінде құлағым шалған Ақмырзаның атын Түркияға барғанда естірмін – ау деген ой үш ұйықтасам түсіме кірсейші. Стамбул қаласында ойда жоқ жерден Мұхаммед есімді ауғанстандық қазақ азаматымен таныстым. Ол кісі үйіне апарып, отбасымен таныстырып, өзінің жүрген жолдарын, ата – анасының Ауғанстанға қалай келгенін, Сыр бойынан не себепті көшкендерін, елдің кәмпескеден ауыр жағдайларын(әкесінің аузынан естігендерін) таза қазақы тілмен әңгімелеп берді. Сөз арасында мен бала кезімде әкемнен естіген Ақмырза ишанды сұрадым (әкем «ишан» дейтін, ауған қазақтары «ахун» деп атайды екен.).

-Жарықтық Ақмырза ишан ғой, біздің Ауғанстанды паналап, мұсылманшылығымызды ұстап қалуға себепші болған. Әйтпесе, кім біледі, орыстың табанында езіліп қалар ма едік, — деді ол күрсініп. Біраз ойланып отырған соң: «Шыныңды айтшы, інім, Ақмырзаны сіздің елде әлі күнге жамандайды ғой», -деді. Мен шынымды айттым: «Біздің елде жамандық түгіл, жамандық  түгіл Ақмырзаныңі атын ешкім білмейді ғой» — деп.

Сөйтіп Ақмырза туралы әңгімне басталып кетті. Сонау 1930 жылдарда Сыр елінде кәмпеске арты аштыққа ұласып, халық жаппай қырылып жатқан кезде, шолақ белсенділер, яғни большевиктердің ұрда – жық топас шабармандары ел үстінен күн көргендерімен қоймай, қолда бар азын-аулақ малмен жүйектегі қауындарын да тартып әкетіп, қарсыласқандарын ұрып-соғып, зорлық – зомбылық  көрсетеді.

Ел басына төнген қайғы-қасіретті көзімен көріп, үнсіз, қимылсыз отыруды өзінің бойына мін санаған Ақмырза ишан: «Босқа аштан қырылғанша, өзіміздің бар екенімізді, ел екенімізді, жоғарғы жақтағы ел билеуші «төрелерге» көрсетейік, өкіметтің назары түсіп, бізді де елеп — ескерер» — деген  екен. Ислам дінінің білгірі болғандықтан, сол кездері мешіт, медреселердің де жаппай жойылуы да себеп болған.

Зерттеушілер мен тарихшылардың деректері бойынша Ақмырза ишан бастаған көтеріліске қатысқандардың 81 – і қылмытық жауапқа тартылып, 10 – ы  ату жазасына кесіліп, 46 адам бірнеше жылға түрмеге қамалды және еріксіз жұмыстарға күштеп салынды. Осылайша Ақмырза ишанның ерлігі халық арасында ұмыт қалмады. Әлі күнге дейін халық бостандығы үшін өз өмірлерін құрбан еткен азамттарымыздың ерлігі тарих сахынасында атын әріптермен жазылуда.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *