Өмірге алғашқы баспалдақ-мектеп табалдырығы

Мырзахмет Ақбота

Мектеп-білім мен ғылымның,мәдениет пен дәстүрді ұштастыратын орын.Сонымен қатар мектеп бұл адам өміріндегі керемет естеліктер,кіршіксіз таза көңіл.Әрбір адамнан мектеп жайлы сұрағанда көздері жасқа толып,езулері күлкіге айналатыны сөзсіз.Себебі,сен өсіп жетілгенше,өмірдің әрбір периодын осында өткізесің.Алғашқы сезім,білімге деген құштарлық дәл осы ыстық ұяңда ашылады.

Әрине мектеп табалдырығында оқығанда мектеп қадірін білмейміз.Тезірек өсіп,мектептен алыстап,ұшып кеткіміз келеді.Дегенмен мектепке деген сағынышты кейін сезетінің анық.Осындайда ұстазымның осындай сөзі еске түседі:«Сендерге мектептен асқан ыстық ұя табылмайды,қанша мектеп бітіруге асығып жүргендеріңді көріп тұрмын,әлі ақ мектеп туралы естігенде көздеріңе жас аласыңдар».

Өзімде жақында ыстық ұямды тастап,үлкен өмірге қадам басқалы отырмын.Уақыт сыңғырлап өткен сайын мектепке баруға,сыныптастарыммен бірге уақыт өткізуге асығыатыным рас.Мектепті бітіргеннен соң алдағы өмірім мұндағыдай балғын,алаңсыз өтпейтінін түсінгендеймін.
Дегенмен амал нешік,өмірде бәрі біздің қалағанымыздай бола бермейді.Сондықтан осы кішігірім уақытты барынша есте қаларлықтай өткізу біздің қолымыздан келетін жалғыз іс.

Мектеп жайлы үлкендерден сұрағанда,олар:ең алғашқы ұстазын,сыныптастарымен өткен сәттерді,ең алғашқы махаббатын еске алады.Қанша жылдар өтсе де олар үшін бұл сәттер сондай ыстық болып қала береді.Міне,осыдан мектеп бұл адамның өмірге деген алғашқы баспалдағы екенін байқаймыз.Мектептегі бағалар,ондағы біздің тәртібіміз маңызды емес десек те,мектеп бізге өмірде өз орнымызды табуға жетелейді.Мектеп-өмір баспалдағы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *