Аталып өтілмеген — 62 жыл.

«Тарихсыз-хал тұл» демекші ,қазақ халқы өз алдына тәуелсіз мемлекет болу үшін көптеген «тар жол тайғақ кешуді» өтті. Әйгілі Романовтар билігінен бастап Патша үкіметі мен 1920 жылдың 26-шы тамызында елімізде ресми түрде Кеңес үкіметі  орнағаннан кейін, қазақ даласы көптеген өзгерістерге ұшырады.Ұлы далада (тарихы атауы  Шығыс Дешті Қыпшақ)  емін-еркін малын жайып ,жыл мезгіліне байланысты көшіп-қонып жүрген қазақ халқы үшін бір мезетте Патша үкіметінің боданына айналу өте қиынға соқты.Патша үкіметі көшіп-қонуға тыйым салып ғана қоймай,ұлттық салт-дәстүріміз бен мейрамдарымызға,дінімізге,ана тілімізге шектеу қойды. Сондай ұлттық мейрамдарымыздың бірі және бірігейде –Наурыз мейрамы.

Наурыз -ежелден тойланып  келе жатырған түркі халықтарының ұлттық мейрамы. Қазақ Әз-Наурыз немесе жыл басы ( қазақтың жаңа жылы) деп атап кетті.Наурыз мейрамы наурыз көже ішіліп,ойын-сауық құратын мейрам ғана емес,қыстан аман-есен шыққан халық бір-бірін құттықтап,ұлан-асыр той жасайды.Бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып,төс қағысады,тіпті  тарихи деректер бойынша  Әз-Наурызда жауға шаппаған деген ұғым бар.

Жылдан-жылға ата-баба дәстүрін сақтап тойланып келген Наурыз мерекесі 1926-1988 ж.ж. дейін Кеңес  үкіметнің « діни кертартпа» деген шешімімен  тойланбай қалды. Содан бері көптеген жылдар өтті, қуғын-сүргін, екі рет ашаршылықты,Ұлы Отан соғысын  т.б. тарихы оқиғаларды бастан өткерген қазақ халқы үшін  мерекенің аулы алыс еді.

Ұлттық мерекемізді  ресми түрде тойлануына бірден-бір себепкер болған, сол кезде Жалын газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған Мұхтар Шаханов ағамыз бен бір топ  зиялы қауым өкілдері  еді. М.Шаханов  1988 жылдың 27-ші ақпанда Қазақстан КОКП-ның  бірінші хатшысы  Г.В .Колбинге Наурыз мерекесінің тойлануына рұқсат беру жөнінде ұсыныс хат жазды. Г.В.Колбин ағамыздың өзін жеке кездесуге шақырып : «Науызды тойлай алмайтын болдық»- деп жауап айтады. Сол кезде М.Шаханов ағамыз Колбинге: «Наурыз мерекесі төңірегінде өте үлкен мәселелер бар. Наурыз мейрамын бүкіл түркі тілдес халықтар үш мың жылдан бері тойлап келе жатыр. Наурыз біз үшін жаңа жыл болып есептеледі. Жұрттың барлығы көшеге шығып, ағаш отырғызуы керек. Содан кейін өкпе-реніші болса кешіріп, кінәлі адамдар кешірім сұрауы қажет. Жалпы, бұл мейрам адамды жаңа биікке көтереді, тазалыққа баулиды. Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың барлығын маскүнемдер, нашақорлар, бұзақылар деп атадыңыздар. Компартия орталық комитетінің саяси бюросы бүкіл қазақ халқын қаралады. Ерте ме, кеш пе шындық орнына келеді. Сізге де бүкіл халық жылан көргендей жиырыла қарайды. Егер сіз Наурыз мерекесін тірілтіп берсеңіз, бүкіл қазақ сізге басқаша көзбен қарайтын болады деп,  өткір сөздерін айтқаны солақ еді, Колбиннің көзі жайнап кетті. «Ендеше мен Горбачевті қалай болғанда да көндіремін, Наурыз мерекесін тойлайық» деді», — деп әңгімелегенін Мұхтар Шаханов ағамыз «Тілсіздендіру анатомиясы» кітабына тайға таңба басқандай жазды.

Сөйтіп, 1988 жылы қазақтың Наурыз мейрамы тұңғыш рет Алматының Максим Горький атындағы орталық саябағында тойланады. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жүз мыңнан астам халық жиналады. Осы жылы ұлттық мейрамын сағынған халық Наурызды қыркүйек айының ортасына дейін тойлаған. Келесі жылдан бастап Кеңес үкіметіндегі бүкіл түркі халықтары халықаралық деңгейде тойлай бастады.

Қәзіргі тек жеңіл әнмен,жиын-кештермен өткізілетін Әз-Наурыз мерекесінің тарихы тереңде жатыр.Тарихы күрделі әрі қиын жолдан өткен,жылына бір рет келетін ұлттық мейрамымызды дұрыс дәріптеп жүрмізбе өзі?!.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.