ҚМЖ Жаратылыстану Адам. Адамның дене мүшелері 1-сынып

 

Сабақ:  Жаратылыстану

Тақырыбы: Адам. Адамның дене мүшелері

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

Мектеп: «Тұрар  Рысқұлов  атындағы
орта мектебі МДШО және МЖИ»  КММ

Сынып: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Сыздықбаева Индира Кенжебаевна

Осы  сабақ  арқылы
жүзеге асатын  оқу  мақсаттары

1.2.3.1  адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызмет-терін атау

Ойлау  деңгейлері

Білу  және  түсіну

Бағалау  критерийлері:Сабақта  оқушылар  адам денесінің негізгі бөліктерін біледі, тақырыпқа  сәйкес  келетін  жаңа  терминдерді қолданады.  Адамның  дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы айтып үйренеді.

Тілдік  мақсат

Оқушылар: Академиялық тілді қолдана отыра, адам денесінің
басты бөліктерімен олардың функцияларын  атайтын болады

Пәндік  лексика  және терминдер

Қол-  рука —  hand (хэнд)

аяқ – нога – Ieg (лег)

бас-голова- head (хэд)

Талқылауға берілген сұрақтар

 Біздің ұқсастығымыз неде?

 

Бұған  дейінгі  меңгерілген
білім

 Мен зерттеушімін

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған  тапсырмалар

Ресурстар

Басы 1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық
Мұғалім: 
—Екі көз не үшін керек?
Оқушы:  —  Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі
құлақ не үшін керек?
Оқушы:  —  Ақыл — кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі
қол не үшін керек?
Оқушы:  —  Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы:  —  Шетте жүрсең,                                                       
Туған жерге жету үшін                                                               Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?                                      Окушы:   Бәрін-бәрін ойлау үшін.

 Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Кіріспе. «Миға шабуыл»

—  Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

—  Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

АКТ

Адамның
дене мүшелерінің суреттері

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- тапсырма. Суретпен жұмыс:

— Суреттен кімдердің сұлбасын көріп тұрсыңдар?
(Шаш және киім үлгісі бойынша.)

Әрбір сұлбаға назар аударыңдар. Бейнеленген
балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын айтыңдар.
(билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).

— Бұған қандай дене мүшелері қатысады?

 (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.)

Оқушыларға бұл қимылдарды қайталату, дене
мүшелерін атату: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ.

Оқушыларды қол, аяқ бөліктерімен таныстыру.

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

  

Дене
мүшелерінің атауы жазылған кестелер;

үлкен
көлемдегі ватман парағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

1.Шаш және киім үлгісіне қарап сұлбаны ажырата алады.

 2.Сұлбаға қарап олардың  іс-әрекетіне қандай дене
мүшелері қатысып тұрғанын айта алады

 

 10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дескриптор

 

7 мин

 

 

2-тапсырма. Зерттейік. Адамның қандай дене мүшелері бар?

 

 Оқушының бойы толығымен сиятын ұзындықтағы  қағазға  сұлба сыздыру.Ол үшін алдымен қағазды жайып қоятын орынды таңдап алып, бір оқушыны  сол қағазға жатқызу. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіру. Оқушылар басынан бастап оның дене кескінін кезекпен сызады. Қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қабырғаға іліп, әр дене мүшесі жазылған қағазды өз орындарына  жапсырады..


 

 

Оқушылар адамның сұлбасын сыза алады.

Адамның дене мүшелерін өз орындарын тауып жапсырады

№3.  Топтық тапсырма.

Біздің денеміздің қызметі. Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұратын топтарға бөлу.

Оқушыларға әр дене мүшесінің атқаратын қызметін анықтауды ұсыну. Әр топқа  дене бөлігінің суретін тарату (жеребе көмегімен). Белгілі уақыттан кейін оқушылар ол туралы қысқаша хабарлама дайындап айтады..

Дескриптор:

Дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы айта алады.

 

 

Сергіту сәті

1 мин

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

Соңы

8 мин

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау

18-жұмыс парағы.

Адамның дене мүшесін олардың атауымен біріктір.

Адамның қанша дене мүшесі бар?

Суретке қарап жаз

«Ой қозғау»

Адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды деп ойлайсыңдар?.

Жұмыс дәптері

Дескриптор

Адамның дене мүшесін олардың атауымен біріктіре
алады.

Адамның қанша дене мүшесі бар екенін жаза алады.

 

Рефлексия 2мин

  «Білім  ағашы»

Білім ағашына жапырақтар ілу

Түсіндім –жасыл жапырақ, сұрағым бар- көк жапырақ,
түсінбедім – қызыл жапырақ.

Білім ағашының суреті, стикер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар
қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру
деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Сыныптағы білім деңгейі жоғары екі оқушыға
деңгейлік тапсырмалар орындауды ұсынамын.

1.Адам өмірінің кезеңдерін сипатта.

 2. Балалар мен жеткіншектердің нәрестелерге қарағанда, не істей алатыны (оқу, жүзу, велосипед тебу, т.б.) туралы айтып түсіндір.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *