Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі

Накипова Индира Алибековна

Баяндама тақырыбы:
«Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі»
Баяндама мақсаты:
1.Оқушылармен ата – аналарға жан — жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз, ата — ана қарым — қатынасын нығайту.
2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.
3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.
Баяндама барысы:
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге
оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.
Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым — қатысына байланысты екені анықталды.
Кей оқушылар ата — ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.
Ата — ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.
«Қиын оқушыларды» 2 топқа бөліп қарастыруға болады:

> Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.

> Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

«Қиын оқушылардың» өскен ортасының , отбасының жай — күйін талдағанда , кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр. Әдетте ,ата — аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата — аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі , балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар).
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата – аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни , баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса , бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына тәуелді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек?
— Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.

— Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.

-Танымдық қызығын арттыру.

— Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау.

-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез — құлықты талап етпеу.

— Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.
-Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.

— Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.

-Баламен әдепті сөйлесу.

— Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.

«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі — әке мен шешенің қарым -қатынасы» — деп В.А.Сухомлинский айтқандай , « Ата – ана — өз баласының тәрбиесі үшін ел , халық алдында жауапкер».
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша « қиын » оқушылардың тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік , таршылық.Қазір материалдың байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөпірімдер арасында « анау да керек , мынау да керек » деген көрсеқызарлықтың әсерінен , «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ » деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін.
Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік – педагогикалық , психологиялық әдістерді қолданып , тәрбиені ерікті , зорлықсыз түрде іске асыру керек. Ата – аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау , адам қатарына санамау) , негіссіз жазалау , көп сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің қатыгез , қатал , ашықтан — ашық отбасы талабын орындамай , өз білгенің істеуге бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады. Ымырашылдық жол – бұл , керісінше , баланың барлық талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда қолданылатын әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы баланың барлық іс — әрекеттерін жақтау , балаға жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау , өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп , үлкендер тарапынан кеміту қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз , тұйық , өзіне – өзі көңілі толмайтын , көңгіш , келеңсіз болып қалыптасады. Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде , сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай , мынадай үш кезеңді ескеруі , оның дамуын көре білуі қажет:

— Бұрынғысы;

— Қазіргісі;

— Болашағы;

Оқушының мінез – құқының ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл бөлгенміз жөн:

— Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;

— Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін , бақылау жұмыстары , шығармалары , т.б.);

— Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтарын жөнінде әңгімелесу;

— Достарымен , ата – анасымен әңгіме жүргізу;

Жазалау мен көтермелеу әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып , мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп , қиын оқушы мен педагог қарым – қатынас жақсартатыны сөзсіз.
Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Ата – ана

Мұғалім- Оқушы

Мұғалімге қандай талап қойылады?
Кәсіби шебер болу Жеке бас ерекшелігібілімді білім дағдыларын бағалау
Оқушыға қандай талап қойылады?
1. Зейінді Білімді
2. Өз бетімен жұмыс

3.Стандарт талаптарын орындау

4.Сыныптан тыс шараларға қатысу.

Ата – аналарға қандай талап қойылады?
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге , балаға , ата – анаға байланысты екенін талдадық , соның ішінде білім негізі – стандрат талаптарын орындау , ал стандарт талаптарын орындау – күнделікті дайындық пен қатемен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады, қатемен жұмыс кезінде оқушыға мұғалім мен ата – ана көмегі , қадағалауы , уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата – аналармен бірге , жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар.

Олай болса осы талаптарды орындау кімге жүктеледі.
Стандарт талаптарын орындау кімге жүктеледі?
Осыған жүгінсек – ата – анамен істелетін жұмыстың сапалылығы.

Ол үшін ата – аналарды әртүрлі ерекшелікутеріне қарай топтарға бөліп алу қажет.

Мектепте жүргізілген тест қорытындысы бойынша ата – ана мен баланың бірін – бірі қаншалықты жақсы білетіндігі анықталды.

Баласын үнемі қадағалап , бағыт – бағдар беруді мақсат тұтатын

ата – аналар жауабы дәл келіп , ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын

ата – аналар жауаптары бала жауабымен үлеспей тұрды .

Оны мынадай түрде талдауға болады.

1.Педагогикалық ойын.

1 топ: Мақтау сөздерін жазу .

2 топ : Ұрсу сөздерін жазу.

2. Педагогикалық сұрақ .( Балаға мақтау сөздер айтып , 2 – ден жарысады).

Сіздің баланыз сізді қатты қуантты?

Сіз не айтасыз?

Қалай қолдайсыз?

3. Ата – ана пікір ойыны.(Төмендегі кестедегі ойдың қайсысымен келісесіз?)

Бала тәртіпсіздік жасай қалса , төмен баға алып келсе ата – ана не істейді?

Ештеңе сатып алмайсың! Неге оқымайсың?

Ақылсызсың! Қолыңнан ештеңн кемейді.

Ұятқа қалдырасың! Енді ешқайда бармайсың!

Ата – анлар жиналысында жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты мынандай сұрақтар қойдым.

1.Баланың еркін тәрбиелеген дұрыс па? , әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

2.Сіз қандай ата – анасыз?

3.Қайтсек ұлымыз – ұлағатты , қызымыз инабаты болады?

4.Отбасыңызда ұлттық салт – дәстүріңізді қалай насихатсыз?

5.Балаңыздың қандай баламен дос болғаның қалайсыз?

Қорытындылай келсек , бала , ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана нәтежеге қол жеткізе аламыз.

Мектептегі оқу – тәрбие жұмысың осылай ата – анамен бірлескен әрекеттер негізінде құру – білімнің жаңа түріне көшуге әзірлік ретінде оқыту үрдісінде жаңа құрлымның түзіліуіне негіз болды

Қазіргі құрылым:

*Өзін – өзі тани білу;

*Сенім почтасы(көкейінде

жүрген сұрақтармен бөлісу);

*Үйлестіру кеңесі

сұрақтарға жауап береді.

Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл ата – ана екеніне көз жеткізеді.

Ата – ана жұмысын былайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық?

1.Ата – ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына мұғаліммен бірге жауап таба білді.

2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.

3.Жантану ерекшеліктері , қабілеттерінің әр түрлі болатыны туралы ата – ананың әуел өзін тануы туралы мағлұмат берілді.

4.Мектепке , педаготарға деген сенімі күшейді.

5.Тәрбие шараларын өздерінің өткізуі (тәрбие сағаттары , мұражайға бару , серуенге шығу, шырша тойы , сынып бөлмесін безендіру , қосымша әдебиеттер , ақпараттар әкелу).

6.Тікелей жұмысына араласуы арқылы ата – ананың педагогикалық – психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.

7.Ата – ананың жиналысқа қатысуы , белсенділік деңгейінің өсуі байқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік-психологиялық тренинг жаттығулары

1.Топтағы қарым-қатынас

Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеті, сенімділік, көмектесуге дайын болу, сезімталдық, көзқарастың кеңдігі, шыдамдылық және өзін-өзі құрметтеумен қатар, ізделінді жеке қасиеттің бірі болып табылады. Басқалармен өзара құрметке, коммуникацияға, ынтымаққа негізделген қарым-қатынас құрғысы келгендердің бәріне осы қасиеттер қажет. Бұған қалай жетуге болады? Біздің өміріміздің бәсекелестік рухта өтуі қиындық келтіреді.

Бәсекелестікте ұтылғандарға қарағанда жеңімпаздар аз болады. Қалай болғанда да жеңілудің болатынын түсіну өзіңе деген сенімсіздік пен әр түрлі үрей туғызады. Нәтижесінде жеңімпаздар озбыр бола бастайды, сөзсіз олардың басқа адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Бәсекелестік бізді психологиялық жағынан тұйық етеді, ерте ме, кеш пе өз күшімізге деген ішкі сенімділіқ жойылады.

Ынтымақтастық адамдарды байланыстырады, ал бәсекелестік оқшаулайды. Дегенмен соңғы жылдары ынтымақтасу идеялары танылуда.

Жаттығулар мен ойындар жарысу принциптерін ынтымақтасу принциптерімен мүмкіндігінше орнын ауыстыруға көмектеседі.

Ойындар мен жаттығулар топта жұмыс істеуге үйренуге, өзіндік сананы дамытуға, өзінің және басқаның даралығын бағалауды үйренуге мүмкіндік береді, яғни күрделі көпбаспалдақты міндеттерді бірігіп шешетін сапаларды қалыптастырады.

Жаттығулар — тек топ мүшелерінің бір-біріне деген қызығушылығын ғана туғызбайды, сонымен бірге әркімнің өзін-өзі дұрыс бағалауын қалыптастырады, басқа адамдармен өзара әрекет дағдысына машықтандырады.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің топтың дамуына психологиялық әсерінің алғы шарты – топты құрудың нәтижесінде топтағы қарым-қатынас процесінің сапалық өзгерісі болады.

Тренингке қатысушылардың маңызды кезеңінің бірі олардың белсенді позициясы. Тренингтің негізгі мазмұны оған қатысушының өзі қатысып отырған топ арасында өзін нақты көре алуы. Сондықтан маңызды ереже ретінде тренингтің өту шеңберінде («осында және енді») ғана жағдайды талқылау шектеледі және пікірін жеке өзі айтады.

Тренингтің ерекше атап өтетін тұсы топтың «эмоциялық әлеуетіне» назар аударуы.

Топтағы қарым-қатынас шектеулі уақыт аралығында, топ дамудың нақты кезеңдерінен өтетіндей ұйымдастырылады.
Ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа кәсіби проблемаларды шешу іскерлігін жаттықтырады.
Негізгі рөлдік ойындар жан-жақты психологиялық мәнге ие және мазмұнына қарамастан кез-келген психологиялық проблемаға қолданылады.
Топ мүшелерінің саны көбейсе (8-12 адамнан көп), онда психологиялық жұмыстың тиімділігін төмендететін бірқатар қиыншылықтар туындайды. Төмендегідей негізгі қиындықтарды атап өтуге болады:

 

  • бірігу қасиеті төмендейді;
  • тұлға жағдайды бақылай алмайды;
  • топтың дамуын басқару күрделенеді;
  • шағын топтарға бөлініп кетеді;
  • қатысушылар арасындағы байланыс төмендейді;
  • енжар байқаушылар саны көбейеді;
  • уақытты тиімсіз пайдалану байқалады және тренингтің нәтижелілігі төмендейді.

Қазіргі экономикалық жағдайда бізге құнды болып табылатын мынадай адамгершілік қасиеттер қажет: шығармашылық энергия, беріктік, қайсарлық сонымен бірге қомандалық рух, әлеуметтік жауапкершілік сезімі және азаматтық батылдық. Қарастырылып отырған тапсырмалар осы сапаларды дамытуға көмектеседі.

2. Жаттығу «Бұдан да жылдамырақ бола ма?» 15 мин.

Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау.

  1. Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұраңыз). Топта барлығы жақсы араласқан соң. «Тоқта» дейсіз.
  2. Бәрі жабулы көздерімен тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа айтыңыз: «Сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деңіз.
  3. Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз; есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.
  4. Ойынның әр раундынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раундқа, ойыншыларға, қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.

Нұсқаулар: Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың бәрі қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

3. Жаттығу «Танысу»

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.

Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатынын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.

Осындай қойылым қатысушылардан өз қасиеттеріне, жеке ерекшеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икемділігін, тапқырлығын талап етеді.

Талдау: Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді?

4. Жаттығу «Біз»

Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: «Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан ынтымақты қауым құрайық. Мұны бірнеше кезеңмен ақырындап жасаймыз. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз /қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші бір шеңбер жасауға болады/. Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топқа ынтымақтастық ықпалын тигізеді – бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады /бірліктің болуына әкеледі/, ортада тұрған әлде біреуге шабуыл жасау жақсы, дәл осы жағдайда маған… Енді шеңбердегі орындарыңызды ауыстырыңыздар, бәрі – ұл – қыз «арқылы» тұратын болсын.

Келесі адым — өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірлеріңізге өте жақын тұрыңыздар және бір-бірлеріңізді қолпаштаңыздар. Қолдарыңыздан, иықтарыңыздан, белдеріңізден ұстаңыздар – кімге қалай ыңғайлы.

Әрі қарай – қауымдастығымызды сезініп көрейік. Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңбермен тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты – сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? /топ өлең таңдайды/. Сонымен, бастайық…

Соңында, қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік».

Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.

Қазір өзімізді қалай сеземіз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды /бірлікті/ аз да болса біз сездік пе? Біз шеңберге тұрғанға дейін және осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз? Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөлді. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.

6. Жаттығу «Алфавит» 20 мин.

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.

Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.

Олар «Команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.

  1. Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адым — әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).
  2. Жүргізуші: «Есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталаңызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды».
  3. Бәрі есімдерін айтып болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса алдына, соңғы әріптен басталса аяғына тұру керек. Қатарға тұру кезінде сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз көрсетілген ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреулеріне ғана, өз орнына тұру үшін орындарын ауыстыруына белгі беруге болады.
  4. Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі – бәрі өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады.
  5. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады. Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

7. Жаттығу «Мәке Жәке Қоқиев» 10 мин.

Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.

Бұл жаттығу әсіресе кішкене топпен жұмыс жасауға арналған. Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. Егер жұмыс үлкен топпен жүргізілсе, оларды 6-8 адамнан ішкі топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір-бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде-кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы – ол жаман қасиет».

  1. Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.
  2. Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».
  3. Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.
  4. Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.

Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

8.Жаттығу «Рөлдік билер»

Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.

Жүргізуші: «Қазір біз рөлдік билерді билейміз. Яғни мен сіздерге образ ұсынамын, сол образды көрсете отырып билеп көрейік. Мұқият болыңыздар. Сонымен, біз «роботтар биін» билейміз… Енді «1-ші курстардың билерін» және т.с.с. »

Талдау: Осы тапсырма ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді? Образдарды көрсету барысында өзіңді қалай сезіндің? Бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар.

  1. Жаттығу «Біз қандаймыз?»

    Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.

    Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

    Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.

    Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?

    10. Қарым-қатынас педагогикалық тренингі

    Қазіргі кезеңде тренингтің үш түрі кеңінен оқу-тәрбие процесінде қолданылады. Олар:

  • когнитивтік тренингтер;
  • қарым-қатынас тренингтері;
  • релаксациялық тренингтер;

Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингін қарастырайық (1 сурет).

1-суретте қарым-қатынас тренингінің құрылысын бердік.

Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді:

  • өзара қабылдаушылық;
  • өзара түсінушілік;
  • өзара іс-әрекеттілік;

Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

  1. Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады. (Мысалы, арнаулы «Өрмекші-МИБ» әдістемесімен).
  2. Серіктестігін білу мақсатында өз презентациясын жасау арқылы өзара қабылдай алуы;
  3. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;
  4. Бірлескен-жекеленген, бірлескен-жүйеленген, бірлескен-өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *