Қазіргі білім беру  процесіндегі жаңа әдістері мен инновациялық технологиялар

Қазіргі білім беру  процесіндегі жаңа әдістері мен инновациялық технологиялар

Адайханова Гүлзия Мусақызы

«Биология» пәні оқытушысы

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»

Ақтау қаласы

«Өмірде ең өзекті жаңалықтардан    да маңызды нәрсе бар: ол – соған мүмкіндік берген әдістерді білу»

(Шығыс даналығы)

Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заманымызда білім мен ғылымның алар мәні зор. Қазіргі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып, әлемдік деңгейде білім кеңістігі өзіндік ерекшелікпен  алға басуға бағыт алуда.

Рухани , ұлттық құндылықты өрістетуге, тәуелсіздіктің ақ таңының нұрлы болуына, елді нығайтуға берік болатын ол  — білім нәрі.

Жаңашылдықты пайдалана отырып, жаһандану заманы қоғам өмірінің кез-келген аясында инновациялық-технологиялық дамудың стратегиялық бағытына бет бұруды талап етуде. Бұл бағытты игерудің бағдаршамы — жоғары білім саласы. Кез-келген салада инновациялық тұрғыда ойлап, іс-әрекеттерге жауап беретін,бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының негізгі міндеті болып табылады.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп те  атауға болады. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытушы  өзінің  тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге қол  жеткізу-педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған оқытушы жаңа технология бойынша жұмыс атқара алады.

Қазіргі  оқытушылардың негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісінде қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың, инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Студенттердің кəсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік беру. Студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамыта отырып,оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге жəне оқытудың мақсатына жетуге тиімді, əрі нақты жол ашады.

Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру студенттің өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасайды және оның шығармашылығының өздігінен іс – әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына септігін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап –студенттің берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, студентке өз ойын рет – ретімен толық жеткізуді үйрету. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше студенттің білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінен ең маңызды бөлігі.

Студенттерді жаңа тақырыпқа ендіру үшін бірнеше әдіс қолдануға болады. Бұл әдістері оқушының логикалық ойлауын, қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізіледі.

«Бас ауырту» — тақтада шашырап орнатылған сурет қиындыларын құрап, жаңа сабақтың тақырыбын шығару керек. Сол суретке қарап жаңа тақырыпты атын болжай алады.

«Иллюстрация» әдісі —  жаңа тақырып бастамас бұрын тақырыпқа қатысты фильм, видео роликті көрсету. Видеороликті  көріп болған соң оны талқылап, өтілейін деп отырған сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындай алады.

«Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді.

Сонымен қатар, «РАФТ», «Бесжолды өлең», «Бес минуттық эссе», «Автор орындығы» т.б. әдістері арқылы дарынды және талантты студенттерді  тануға болады. Олар берілген тапсырмалар шеңберінде өлең жазып, сурет салып, өз ойларын қорыта бастайды.

Бір сабақта барлық элементтерді қатарынан қолдану мүмкін емес, мүмкіншілігіне қарай сабақтың әр кезеңінде әдістерді  тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы керек. Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген тәжірибелі әдіс – тәсілдер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы өзіне сай келетінін таңдап, оны одан әрі дамытып студенттердің  жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігін,ізденімпаздығын  ашу қажет. Ең бастысы – өз пәніне, жұмысқа, студентке деген сүйіспеншілік, үздіксіз еңбекті талап етеді.

Бүгінгі жаһандану заманы жаңашылдық, жаңа көзқарастар мен өзгерістерге толы. Ал біз осы ағынмен өмірімізді жаңа өнімдерді, техникаларды, жетілген білімдерді, жан-жақты дамыған идеяларды пайдалану арқылы жалғастырып отырмыз. Сондықтан білім беру жүйесін ізгілендіру барысында оқыту үдерісіндегі, әдіс тәсілдерді жаңашылдыққа бағытталуы тиіс.

Міне осыдан келіп жаңа оқыту технологияларымен ақпараттық технологиялар негізінде оқыту жүйесін ұйымдастырудың тиімділігін сипаттау қолайлы. Кейінгі оқыту технологияларының негізгі құралы болып отырған мультимедия-құралдары әр түрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі прогрессивті техникалық инновацияларды пайдалану жаңа деңгейдегі білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік береді деуге болады. Қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сапалы да саналы білім алуына ықпал етуші құралдарды пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды орынды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» — деп атап көрсеткеніндей, білімді, саналы, дарынды, іскер, ойшыл болашақ ұрпақты даярлауда ең алдымен білім қажет. Жас ұрпақтың рухын оятатын, елін, жерін құметтейтін, мәдени ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім. Әрбір ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.

Жаңа заман жаңа технологиялармен сусындаған ақпараттық қоғамның негізгі талабы – білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа қоғамға бейімдеу мен интеллектуалды дамуын қалыптастырудың бірден-бір жол болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.
  2. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жылғы 7 желтоқсан.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *