ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ(XIX-XX Ғ. БАСЫ)

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді.

Ресей империясындағы білім беру реформасы ұлттық интеллигенцияның жандану факторына айналып, осы жағдай қазақ отбасыларындағы білімді жастар санын көбейтуге айтарлықтай мүмкіндік берді. Дәл осы жастар зиялы қауымының бірінші буынын қалыптастырады. Ұлттық қазақ зиялылары адамдарды елдің даму жолына бағыттады: тәуелсіздік алу, білім, ғылым және өнермен айналысу үшін үгіт-насихат жүргізді.Бұл үдерісте қазақ халқының өмірі мен оның мүдделерін қорғауды бейнелеуге ықпал еткен қазақ әдебиеті үлкен рөл атқарды. Тағы бір маңызды деструктивті фактор болып саналатын отарлау факторы, зорлық-зомбылық христиандандыру және орыстандыру. Осының барлығы қазақ ұлтының генезисіне ұлттық санасының қалыптасуына ықпал етті.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды.

Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді.

Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның ой-сана темірқазығы еді.

Қазақ тарихындағы өткен ғасырдың мемлекет қайраткерлерінің ішіндегіжарқын қайраткерлерінің бірі Бөкей Ордасының ханы Жәңгірхан Бөкеев (1800-1845). Ж. Бөкеев өз халқының тағдыры сол кезде Ресеймен терең байланысты жағдайда екенін терең түсінген көреген қайраткерлер десек те болады. Сондықтан ол еуропалық құндылықтардың қазақ даласына тарату ісіне белсенді қатысты. Қолайлы жағдайлар құру мақсатында қазақ дворяндарының балаларын орыс жүйесіне тарту үшін  Орынбордағы Неплюев училищесіне жіберді.

Сауаттылықты тарату және Орда балаларын білім алуға тартуға хан ерекше ықпал жасады. 1841 жылы 6 желтоқсанда Ж. Бөкеев өз қаражатына алғашқы орыс-қазақ мектебін ашады. Мұғалімдерге жалақы хан қазынасынан төленді. Балаларға үйретілген пәндер туралы айтқан кезде, Батыс Қазақстанда алғашқы ағарту ошағы болғандығын көреміз. Ол сол жылдары көптеген діни оқу орындарынан ерекшеленді. Татар, араб, орыс тілдері, арифметика, география, тарих, мұсылман заңнамасының негіздері зерттелді.

Зерттеуші Ж. Қасымбаев бірқатар үзінділерді талдап, әр түрлі авторлардың пікірлері келісетінін атап өтті, және одан шығатын түйін бір – Жәңгір хан Бөкеев қазақ тарихындағы интеллектуалды тұлға.
Қазақ даласының Ренессанс дәуіріне дейінгі рухани өмірінің бір ерекшелігі оның тұйықталуы мен оқшаулануы болды. Қазақ поэзиясы және өнері негізінен ежелгі дәстүрлердегі мысалдар арқылы және өзін-өзі байыту арқылы дамыды.
Енді қазақ ойшылдары мен ағартушылары уақыт талабына сай, Батыстық, Ресейлік өнерге, ғылымға, мәдениетке және әдебиетіне -бір сөзбен айтқанда, ұлттық тамырларды жоққа шығармай еуропалық өркениетке, бағдарлана бастады.  Нәтижесінде қысқа уақыт аралығында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті, ұлттың рухани өмірі үлкен секіріс жасап,  мүлдем жаңа сапа мен мазмұнға ие болды. Қазақ ұлтының рухани жаңғыруы Абай Құнанбаевтан (1845-1904 жж.) басталды деп айтуға болады.
Абай қазақ халқына жаңа жүйелер, ойлау мен таным әкелді. Шығыс пен Батыс мәдениеттері арасындағы көпірге айналды, қазақ мәдениетін орыстардың, арабтардың, немістер және т.б  рухани жетістіктерімен байытты.

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының құрамына кіргелі, дамудың да жаңа кезеңі басталды. Бұл үрдіс ұлттық зиялы қауымның құрылуына тікелей әсер етіп, ішкі, экономикалық процестер, дәстүрлі қоғамнан жаңа қоғамға, капиталистік қатынастарға бейімделуін  көрсететті. Жоғарыда айтылғандардың барлығы «оқығандар» және» зиялылар » деген жаңа әлеуметтік қабаттың қосылғаны туралы айтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық зиялы қауымның құрылуына метрополияның істегі еңбегін атап өткен жөн. Ресейдің кәсіптік оқу орындарында,сонымен қатар, алыс шетелде білім алған ұрпақтар өз санасында, әлемдердің шекарасында тұрғандай, оларға дәстүрлер де, инновациялар да тән болды.

Әр жылдардағы ғылыми басылымдарда цифрлық материалдар және революцияға дейінгі Ресей және бірқатар шет мемлекеттердегі белгілі бір жоғары оқу орнының түлектері, олардың санының динамикасы және аймақтың экономикасы мен мәдениетінің әртүрлі салаларында орналастыру жөнінде қазақ студенттерінің санына қатысты фактілері жазылған көптеген басылымдар бар.

Ғалымдар кәсіби дайындығы бар қазақ зиялыларының саны аз болды деген ойға келді. Себебі, 1917 жылғы революцияға дейінгі 70 жыл ішінде жалпы орта және жоғары білім алған қазақ ұлдары мен қыздарының саны 1000-нан аспады. Олар қазақ ақсүйектер отбасынан, шенеуніктердің ортасынан шыққан, ауыл шаруашылығы немесе сауда буржуазиясы, діни қызметкерлер, шаруа және т. б. қазақ қоғамын таныстырды. Қазақ жастарының мамандық пен ресей университетін таңдауы өте оңтайлы және саналы болды. Біріншіден, беделді жоғары оқу орындарына артықшылық берілді, екіншіден дәл осы мамандық өте қажеті мамандықтар болды.

Болашақ қазақ зиялыларының көбісі Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Томск университеттері мен институттарында оқыды. Жоғары техникалық оқу орындарында олар құрылыс инженері немесе экономист мамандығы, университеттерде заңгер немесе дәрігер, ауылшаруашылық мамандықтарынан – ветеринария мамандықтарын таңдады. Сонымен, 1877-1917 жылдары 20 қазақ Императорлық Қазан университетінің дипломын алды. Олардың ішінде 14 адам заңгер факультетін, 6 адам-медицина мамандығын бітірді. Сол кезеңде Қазан ветеринарлық институтын 17 қазақ бітірді.

Ресейдің жоғары оқу орындарын бітірген қазақтар өз ауылдары мен қалаларына қайтып оралып, өз білімін, ағартушылық рухын жерлестеріне беріп отырды. Отарлаушылардың тілегеніне қарама-қарсы, жаңа зиялылардың таңдаулы бөлігі өз халқының мүдделерін қорғау жолына түсті, азапқа толы рухани ізденістерден өтіп, олар рухани құлдыққа қарсы шықты және азаттық қозғалысын басқарды.

Ұлттық мәдениет ұлттық интелллигенция өкілдерінің кейінгі ұрпаққа жетіп отырған рухани-әлеуметтік қызметінің өнімі. Сол себептен ұлттық интеллигенция өкілдерінің әлеуметтік тұлғасын ұлт мәдениетінен ажыратып түсіндіру мүмкін емес. Қоғам мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. Кез-келген әлеуметтік мағынаға ие тұлғалық құбылыс мәдениеттен ғана орнын иеленбек. Тарих осы тұлғалық құбылыстың әлеуметтік шындығын сақтаушы. Тарихта әлеуметтік шындықтың нақты көріністері ғана бар. Ұлттық мәдениет әлеуметтік шындықтың нақты көріністерімен шектелмейді, осы шындыққа ұйытқы болып отыратын адам рухының туындыларына куәгер. Тұлғаның мәдени ізденісінің тарихи ішкі көрінісі руханилық, ал іс-әркет оның сыртқы көрінісі ғана. Тұлғалық істің өзегі руханилық болса, рух оның әлеуметтік-мәдени көрінісі. Қашанда халық ішінен шыққан жекелеген тұлғалардың ішкі рух серпілісі алдымен өздерін, сонан соң халықты мәдени өзгеріске бастап отырған. Осы себепті ұлттық мәдениет ұлт пен зиялылар қызметінің негізінде өсіп, жетіліп отыратын тұлғалық сананың халықтық рух деңгейіндегі көрінісі және зиялылықтың сан ғасырлық жемісі.

Елді өркениетке жеткізудің жолы бір бөлек болса, оның дәстүрлі өркениетін сақтап, уақыт ағымына жаңастырылып отырудың жолы да бөлек. Ғылыми техникалық прогресс алға басқан сайын зиялыларымыздың адамның рухани құндылықтарын негіз еткен озық идеялары уақытынан қалмай, бүгінгі қоғам қажеттіліктерімен ұштасып отыр. Әсіресе, тұлғаларымыздың қиын уақытта ұлт мүддесін сақтау үшін елдің басын біріктіретін съезд ұйымдастырып, автономия құру ісін қолға алуы, қазақ зиялыларының өркениеттілігін паш ететін басты дерек. Адам құқығын қорғау, халық еркіндігіне ара түсу, қоғамды өркениеттілікке жеткізу жолындағы басты мәселелер. Олардың кешегі күннің тарихына айналған, демократия тұрғысындағы қоғамдық идеялары болашақта да өте маңызды. Бұл арнайы әлеуметтік-философия тұрғысында зерттеуді қажет етіп отыр. Олардың түсінігінде демократия халықтық ұғым, халықтың өмір сүру құқы, еркіндігі, мемлекет саясатының халыққа берер мүмкіндігі.

Қазақ зиялыларының қоғамдық көзқарастары өркениеттіліктің негізі. Өркениеттілік әр адамның, әр елдің өз мүддесінің қажеттіктерін тани білген тұлғалық істерінен басталған. Өркениетті қоғам бүгін немесе алда болғанымен, қоғамды өркениетке бастайтын құндылықтар ел мәдениетінің түп тамырында. Оны зерттеп, ел бойына таратудың үлгісі тарихтағы зиялы тұлғалардың әлеуметтік-философиялық идеяларында.

          Аружан Амангельдиева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *