Конфликт кезіндегі мінез-құлық

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) Қазақстанның ғана емес Отралық Азияның ең беделді және жетекші оқу орындарының бірі. ҚазҰУ- бакалавр, магистр немесе докторантура дәрежесін алуға болатын көпсалалы оқу орны. Университет аумағы 100 гектардан асады. Осындай үлкен аумақта: бас әкімшілік ғимарат, 14 оқу корпусы, әл-Фараби атындағы кітапхана, 18 студенттер үйі, 4 мұражай, технопарк, студенттерге қызмет көрсету орталығы, жастар интернет орталығы, студенттік пікірталас алаңы орналасқан. Оқытушылар құрамы республикадағы және Орталық Азиядағы үздіктердің бірі болып табылады. Оның құрамында академиктер, Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік және жеке наградаларының лауреаттары, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, докторанттар бар.  ҚазҰУ-да 180 мамандық бойынша білім беретін 16 факультет бар. Ең танымал факультеттер заң, филология, медицина, биотехнология, физика және технология, IT, экономика және т.б. ҚазҰУ-да әртүрлі елдерден 26 мыңға жуық студент білім алуда. Университет дүние жүзіндегі 400 халықаралық университеттермен ынтымақтасады, студенттер алмасу, тағылымдама және бірлескен оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. ҚазҰУ беделді QS World University Rankings басылымының нұсқасы бойынша әлемнің 200 үздік университетінің тізіміне енді. 2018 жылы еліміздің университеттерінің біріншісі қамтамасыз ету деңгейі бойынша QS STARS — 4 STARS халықаралық үздік белгісімен марапатталды. Университет әлемдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін белсенді түрде күреседі және осы мәселе бойынша «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір» білім беру нысанындағы халықаралық серіктестермен ынтымақтасады.

Конфликт-күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселелер бойынша өзара түсініктің болмауы. Кез келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан,мақсаттардан тұратын ситуациялар жатады. Яғни, конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді, дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек.

Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары.

Ынтымақтастық-екі тараптың да мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып шешім карастыру.

Кұтылу-баскалардын мүдделері үшін өз мүдделерін құрбан ету (бәсекелестікке карама- карсы)

Қашу-бұл кооперапиянын да, өзінін де максаттарына жетуге де ұмтылысының болмауынан көрінетін пассивті стратегия.

Бәсекелестік-өзгелердің мүдделерін кұрбан ете отырып, өз кызыгушылығы мен мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылу.

Кооперация-өз мүдделерінен бас тартуға дайын және өзгелердің мүдделерін ішінара ескеру.

Конфликтідегі ұтымды мінез-құлықтың 12 ережесі

  1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек. Әйтпесе, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары койма. Егер адам ашуға қатты берілсе, оның ойы теріс пікірлер мен негативті сезімдерге ұласады. Сондықтан, қалайда оның оз-инве келуі үшін әрекет ету керек.
  2. Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана нақты далелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір. Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатастырады. Сондықтан, серігіңнен «айтып тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.
  3. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.
  4. Серійне қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт. «Сен мені алдап тұрсың-ау?» дегеннің орнына «Мен өзімді алданғандай сезініп тұрмын».
  5. Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң бірге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.
  6. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке, жеңіске бірге жетулерің керек.
  7. Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
  8. Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?- деп жиі-жиі сұраңыз». Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.
  9. Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.
  10. Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдіретін адам ғана кешірім сұрай алады.
  11. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.
  12. Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз.

Конфликтіні шешудің жолдары

Конфликтіні мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу: конфликтіге қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі, онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

Зорлық негізінде бітімгерлік, келістіру: мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Келіссөздер: екі жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады, конфликтіден шығудың мәні, ерекшеліктері, әлеуметтік негізі және т.б. зерттелінеді.

Қорытындылай келе, эмпатия мен құрмет жанжалдарды шешудің кілті екенін есте ұстаған жөн.  Қарсы тараптың көзқарасын түсінуге тырысыңыз және өз көзқарасыңызды таңудан гөрі өзара түсіністікке ұмтылыңыз.  Конструктивті қарым-қатынас пен ымыраға келуді іздеу қарым-қатынастарды бұзбай, қақтығыстарды шешуге көмектеседі.  Пікірлер әртүрлі болса да, шыдамды және диалогқа ашық болыңыз.  Қақтығыс жағдайында эмоцияларыңызды бақылау және айыптау мен қорлаудан аулақ болу маңызды екенін ұмытпаңыз.  Оның орнына мәселені шешуге және жеңу-жеңіс шешімдерін табуға назар аударыңыз.

 

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Жақсылық Н.Қ.,  1-курс студенті

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *