«Ертегі терапиясы»

Сердалиева Динара

Мақсаты: Ертегінің желісін түсіндіріп, сөздік қорларын, ой-санасын және көз алдарына елестету қабілеттерін дамыту, ертегіні рөлге бөліп орындауға тәрбиелеу. Кейіпкерлерге енгізе отырып, пәнге деген қызығушылықтарын нығайту.

 

Өтілу барысы:

Психолог: Балалар мында қарайықшы, бұл не? (сандықшаны көрсетеді)

— Дұрыс айтасыңдар, бұл сиқырлы сандықша, қарайықшы балалар, оның ішінде не бар екен? (сандықша музыка әуенімен ашылады)

— Қане, қарайықшы, мынау сиқырлы қапшық. Балалар бұл қапшық жәй қапшық емес, сиқырлы.

— Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

— Балалар оның ішінде сендердің сүйікті ертегілерің бар!

— Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

— Қандай ертегілерді білесіңдер? Балалардың жауабы.

— Жарайсыңдар балалар, сендер көп ертегілерді біледі екенсіңдер.

(қатты дауыл тұрады) балалардың барлығы айналып құлайды.

— Ой, балалар, біз қайдамыз, бізге не болды, қайда ендік?

— Балалар, бұл ертегілер елі ғой, біз сендермен ертегілер еліне ендік. Балалар бұл зұлым сиқыршы, біздерді дауылға қалдырып, барлық ертегілер елін сиқырлап тастады.

— Балалар енді не істейміз?

— Ендеше, ертегілер кейіпкерлеріне ертегіні дұрыстауға көмектесейік. Алдымызда алыс саяхат күтіп тұр, түрлі тапсырмалар бар, солардың барлығына дайынсыңдар ма?

Психолог: сандықшадан сиқырлы жіпті шығарады. Бізге мына сиқырлы жіп жол табуға көмектеседі. Сиқырлы сөз айту: «Сиқырлы жіп домала, бізге ертегілер еліне жол сілте»

 

— Балалар қараңдаршы, көл ағып жатыр, одан қалай өтеміз? Ендеше балалар мына көпірден өтейік. Бір-бірінің артынан кезекпен өтеді. (муз, әуенімен)

Алдарынан қоянның, түлкінің үйшігі кездеседі, бірақ қоянның орнына тауық жылап отыр.

Тауық: Ко-ко! Маған не болды? Мен қайдамын.

Психолог: Тауық сен неге мұңайып отырсың?

— Мен атам мен әжемнің үйінде тұрып едім, енді мұздан, ағаштан жасалған үйшікке тап болдым. Балалар маған көмектесесіңдер ме?

— Балалар тауыққа көмектесеміз бе? Тауық қай ертегі еліне енген?

«Қоян мен түлкі» ертегісі. Қане есімізге түсірейікші, ағаш үйде қай кейіпкер тұрды? Ал, мұздан жасалған үйде қай кейіпкер тұрды? Ол түлкінің үйшігі неге еріп кетті? (күн жылынғасын) Түлкі қандай кейіпкерді қуып шықты? (қоянды). Қоянға үйін қайтаруға қай кейіпкер көмектесті? – Әтеш.

Оған түлкі не деп жауап берді?

— Ал тауық қай ертегінің кейіпкері? Оны өз ертегісіне оралтады.

Біз жолымызды жалғастырамыз. Жіп әрі қарай домалайды

— Балалар алдымызда үлкен үңгір бар, содан еңбектеп өту керек.

 

— «Қасқыр мен жеті лақ » ертегісіне келдік. Бірақ аюдың дауысы естіледі.

Аю: -ууу, ой масқара! Мен қайда тап болдым.

— Саған не болды?

— Маған жаңа піскен майлы бауырсақ ән айтып тұр еді, ал мында 7 лақ секектейді, түсінбедім.

— Балалар маған өз ертегіме оралуға көмектесесіңдер ме?

— Балалар, бұл ертегіні де зұлым сиқырлаған. Бұл қай ертегінің кейіпкері?

— «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкері

 

— Ал аю қай ертегіге енген?

Терезеден қарап тұрған қандай жануар?- лақ, ол ненің төлі? –Ешкінің төлі

— Аналары қайда кеткен?

— Орманға азық алып келуге.

— Ешкі орманға кетіп бара жатып, лақтарына не деді?- Есікті ешкімге ашпаңдар.

— Ешкінің айтқанын не тыңдап тұрды?- Қасқыр

— Лақтар неге қасқырға есік ашпады?

— Себебі оның дауысы жуан.

— Ал аю қай ертегіге оралу қажет?

— «Бауырсақ» ертегісіне, дұрыс айтасыңдар

— Міне сендер аюды өз ертегісіне оралуға көмектестіңдер! Жарайсыңдар!

— Сиқырлы жіп одан әрі домалайды.

Балалар жол жүрген сайын қиындап барады. Алдымызда батпақ жол. Аяғымыздың ұшымен тастан-тасқа секіріп, құламай өтейік.

 

— Міне, балалар «Шалқан» ертегісіне де келдік. Балалар бұл не? – Ит

Ит: — Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бізде сұмдық жағдай болды. Сиқыршы біздің ертегіні сиқырлады, ертегіні шадастырды. Бізге көмек қажет!

— Балалар біз қандай ертегіге келдік? «Шалқан» ертегісі

— Бұл ертегіде барлығының орындары шатасып, не істейтіндерін ұмытқан? Барлығына өз орындарын табуға көмектесейік!

— Шалқанды бірінші кім  еккен?

 

— Ата, ол кімді көмекке шақырды? — Әжені

— Әжеден кейін кім тұрады? — Әже кімді шақырды? — Немересін

— Ал немересі нені шақырды? – Итті

— Ал ит нені көмекке шақырды? — Мысықты шақырды

— Ал шалқанды ненің көмегімен тартып жұлды? – Тышқанның көмегімен.

Барлығы достықпен бірге тартып жұлды. Дұрыс айтасыңдар!

— Міне, балалар иткеде көмектестік, итпен қоштасады

— Сау бол!

Ит: — Балалар сендерге көп рақмет, мынау біздің атымыздан сендерге сыйлық! (қорапша береді)

— Міне, балалар, біздің саяхатымыз да соңына келді, ендеше өз балабақшамызға қалай ораламыз?

— Ендеше, сиқырлы жіпті тыңдайық! Сиқырлы жіп не істеуге болады?

— Балалар жіпті бірге ұстап, көзімізді жұмайық. Қане сиқырлы сөзімізді айтайық! «Эни, бени, раба!» Жайлап көзімізді ашайық, міне өз балабақшамызғада келдік, міне біз сиқырлы әлемді тамашаладық. Сендер маған өте ұнадыңдар, сендер өте ақылды екенсіңдер, қорықпадыңдар! Барлық ертегілерге орнын табуға көмектестіңдер!

Ендеше, қарайықшы, ит досымыз бізге не берді екен? Мынау балалар, бояйтын ертегілер кітапшасы, қазір оларды үзілістен кейін бояймыз!

Келген қонақтармен қоштасу, балаларды мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже

Баланың білуі: Ертегінің желісін түсінеді.

Баланың меңгеруі: Сөздік қорларын, ой-санасын және көз алдарына елестету қабілеттерін дамытады,ертегіні рөлге бөліп орындауға дағдыланады.

Баланың жасай алуы: Кейіпкерлерге ене отырып, пәнге деген қызығушылықтарын нығайтады, топтық жұмыс жасайды; әртүрлі ертегі кейіпкерлеріне көмектеседі

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *