Қазақстан мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылық

Қазақстан мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылық

Сан ғасырлық даму тарихы бар қазақ өнері мен мәдениеті кемел шыңына жеткен аса бай құндылықтарға толы тылсым әлем. Заман ағымына сай, ұрпақтан-ұрпаққа өз жалғасын тауып, халқымыздың тарихында ерекше орын алған жайы бар. Осылайша, өзіндік қалыптасу жолы мен әралуандығы, таңғажайып құбылыстары бар киелі өнер – шеңбері кең ұлт қазынасына айналды. Қазақ мәдениетінің құндылығы неде? Идеологиялық орны қандай? Мәдениеттің құндылығы сол – адам бойындағы кісілік қасиетті, ақылдылық пен білімпаздылықты, парасаттылық пен әдептілікті, яғни  барлық рухани құндылықтарды қамтамасыз етеді. Осыдан барып төл мәдениеттің көрінісі анықталып, адам әлемі тұлғалық деңгейге жетеді. Өз кезегінде идеологиялық күш те мәдениеттің қалыптасуына себін тигізеді. Өйткені адами түсінік қалыптасып, тарихымыз, тіліміз, дініміз, руханиятымыз және салт-дәстүріміз көрнекті өмір дамуының ағымына ілесіп кете береді.

Сондай-ақ қазақтың рухани мәдениетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаларымыз ұлы Абай,  Әлихан Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында мәдениеттің қалыптасуындағы идеологияның маңыздылығын кеңінен ашып береді.

Иә, мәдениет – тарихи құбылыс. Оның адам өміріне тигізетін ықпалы өте зор. Адамзат ғұмыры жер бетінде қанша ғасыр өмір сүріп жатыр, сонша ғасыр мәдениет дамуының куәсі болып келеді. Мәдениеттану ғылымында «дәуір мәдениеті», «этнос мәдениеті», «ұлттық мәдениеті», «шығыс мәдениеті», «батыс мәдениеті» және т.б. осылайша жалғасып кете береді. Ал бүгінгі күні біз жаңа заманның, жаңа дәуірдегі мәдениеттің ұрпақтары екеніміз баршаға аян.

Қорыта айтқанда, Қазақстан мәдениетінің қалыптасуындағы идеологияның алар орны орасан зор. Адам табысқа жету үшін алдына мақсат қояды, мақсатқа жетуде де мықты идеология бар.  Ал мәдениет пен идеологияның, яғни идеологияның мәдениетке тікелей байланысы болып қала бермек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *