Қазақстанның болашағы — мектептен басталады.

Алматы облысы , Ескелді ауданы  Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   тәрбие жұмысының орынбасары К.Т.Укешова

жетілген сайын , халық соғұрлым  бақытты  болатындығын  адамзат  тарихы дәлеледеген.«Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп  алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние  танымын ,өмірге  деген көзқарастарын  және соған сай мінез –құлқын қалыптастару»,-делінген тәрбие тұжырымдамасында.Тәрбие жұмысы негізгі 8 бағыт бойынша  жоспарланып жүзеге асырылуда. Ең маңызды бағытының бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталады. Ол  жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие деп аталады.  Жыл бойына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Біз тәуелсіз ел ұландары » , «Мемлекеттік рәміздер менің мақтанышым» тақырыбында 6сынып оқушыларымен А.Нұртаева  челендждер ұйымдастырды. Басқа сыныптарда тәрбие сағаттар өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстану бағытында «Үйде бол» челленджін ұйымдастыруды бастадық. Бұл челленджге ата-аналарымыз біз ойлағаннан да өте белсенді түрде қатысты. Оқушылар өздерінің карантин кезінде эпидемиологиялық талаптарды қалай сақтау керек екенін, сонымен қатар, әр оқушы өз денінің сау болуы үшін дене жаттығулар жасау қажеттігі жайлы шағын бейнероликтер жасап, көпшілік назарына ұсынды. Қашықтықтан өткен облыстық «ЖҚТБ індетінен сақтайық» тақырыбында өткен байқауға 6сынып оқушысы  Серікжан Қыдырбек және 5сынып оқушысы Нұрлан Естай 1-2орынды иеленді. Көркем эстетикалық және еңбек тәрбиесі бағытында  «Менің қолымнан бәрі келеді»,« Менің шебер отбасым» атты челлендж өткізілді  . Мысалға  еңбек тәрбиесі бағытында Нұртілеуұлы Сетер өзінің әкесімен бірге домбыра,  астау, тостаған  бұйымдарын жасасып жатқанын, сүйікті ісі – ағаштан әр түрлі заттар ойып жасау екенін көрсетеді.  Осы жұмыстар Облыстық «Шебер қала »  отбасылық қолөнер  байқауына  қатысқан Нұртілеуұлы Сетер облыс көлемінде Бас жүлдені жеңіп алды.

Оқушылар бойында туған өлкенің табиғатына, экологиясына деген   сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында  іс- шаралар ұйымдастырылды.   Туған жер , мұражайлар туралы бейнероликтер, виртулды саяхаттар ұйымдастырылды. «Жетісу Дарыны » ұйымдастырған  Экологиялық күнтізбелік байқауларға оқушыларымыз белсенді қатысып отырды.  7сынып оқушысы  Кенжебекқызы Әсем «Менің кішкентай достарым» фотоколлажы     1 орынды жеңіп алды.«Жетісу Дарыны » ұйымдастырған  Экологиялық күнтізбелік 2сынып оқушысы  Керемкулова Мерей «Құстарға қамқорлық» жұмысымен облыстық 3 орын жүлдегері атанса , 5 сынып о0ушылары  «Табиғат » тобымен  командаалық   жүлделі 2 орынды жеңіп алды.

Жүріп жатқан індетке байланысты назарға алған бірінші шарамыз-оқушылардың өмір қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау және карантин ережелерін қатаң сақтауын қадағалау мақсатында ата-аналар мен оқушыларға ақпарат беру болды. Осы мақсатта ғаламтор желісі арқылы  вирустан қалай сақталу керек екендігі жайлы жадынама, роликтер таратылды. Одан ары салауатты өмір салтын ұстану бағытында «Үйде бол»,«Біз біргеміз!» челленджін ұйымдастырылды. Бұл челленджге ата-аналарымыз біз ойлағаннан да өте белсенді түрде қатысты. Оқушылар өздерінің карантин кезінде эпидемиологиялық талаптарды қалай сақтау керек екенін, сонымен қатар, әр оқушы өз денінің сау болуы үшін дене жаттығулар жасау қажеттігі жайлы шағын бейнероликтер жасап, көпшілік назарына ұсынды..

Жалпы қорытындылар болсақ, қатарластарымен мектеп қабырғасында білім алып дағдыланған  әр оқушының карантин кезінде психологиялық күйзеліске түспеуіне  қашықтықтан ұйымдастырған  бұл тәрбиелік шаралардың маңызы зор болды деген ойдамыз. Және де, алдағы уақытта қандай да бір  белгіленген мерзім аралығында  қашықтықтан білім берген  жағдайда  тұжырымдамада көрсетілген 8 бағытты қамти отырып, түрлі шаралармен тәрбие жұмысын үздіксіз жүргізетініміз анық.

Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады». Өнегелі адамды тек өнегелі ұстаз ғана тәрбиелей алады. Сонда ғана, жастар болашағының шоқтығы биік болмақ.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *