Ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану

Ағылшын тілі сабағында

жаңа технологияларды пайдалану

 

Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану .

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі — бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі — ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық — электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда

ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық — электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.

Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

· лексиканы оқып үйретеді;

· сөйлеу ырғағын;

· диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

· хат жазуға үйретеді;

· грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр — түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын.

“English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда. А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:

Модельдік технологиясы

Рейтингтік жүйе

Дамыта оқыту технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.

Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:

Оқушыға сенім көрсету;

Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;

Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;

Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;

Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;

Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.

Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің сабақ беретін сыныптарымда біршама жұмыстар жасалды. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді оқушы емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасында сыныптағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды. Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. 2004 жылдан бастап «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технолгиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.

Мақсаты: барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология. Мен 5 «А» сыныбында «Where do tigers come from?» тақырыбында «Сын түрғысынан ойлау» стратегияларын қолдандым.

І. Brainstorming (Ой қозғау) стратегиясы.

Мен 5«а» сыныбында өткен «Where do tigers come from?» сабағымда ой

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.