Қазақстандық және ағылшын ертегілерінің мағыналық құрылымы

Халықтың концептуалды бейнесін қалыптастыру сол халықтың тұрмыс тіршілігін, салт-дәстүрін, психологиясын, сенімін, үміті мен арманын, құндылықтарын зерттеуден басталады. Өйткені бұларды толық зерттеп білмей тұрып ұлтты толық танып білу мүмкін емес. Адам қоршаған ортадан алған мағлұматтарды интерпретациялайды, жіктейді, құрылымдайды және ең алдымен қабылдап, оларды біріктіре келе ертегілер арқылы оны жарыққа шығарады. Осыған сүйене отырып ертегінің құрылымын және семантикасын айқындап ашып көрсету, халықтың концептуалды бейнесін құрауда маңызды орын иеленеді деп сеніммен айта аламыз.

Жалпылап алғанда концепт сөзі –материалдық негіздің иделадық бір сипаты: абстракцияның жоғары денгейі және жинақтап қорытындылаудың маңызды көрсеткіші. Осымен байланысты ертегілердің тек қазіргі күйі ғана емес, олардың тарихы мен басталу нүктесі де ғаламның, нақтылап айтқанда халықтың концептуалды бейнесін құрауда маңызды орын иеленеді.

Уақыт тұрғысынан келгенде қазақ ертегілерінде мифпен ұқсастық көрініс тапқанымен, ислам дінің элементтері де кездеседі. Осыдан шыға келе,қазақ ертегілерінің басқа халық ертегілерінен кейінірек шыққаннын анғаруға болады. Себебі, бұл ертегілерде мынадай қарама-қарсы құбылыстар немесе оқиғалар және қасиеттермен сипат алады: ислам, дін мен шаманизм, эндогамия мен экзогамия, кек алу, өкініш пен кешірім т.б.

Дегенмен де ағылшын ертегілері қазақ ертегілеріне қарағанда ке»інірек пайда полған деп айта аламыз. Оған дәлел ретінде, «Сиқырлы жақпа май» ертегісін мысал етіп аламыз:  басты кейіпкер бала күтушісі болып жұмыс жасайды; өз еңбегіне белгіленген ақша алады т.б. Яғни, қоғамдағы әлеуметтік тұрмыс-тіршілік, қарым-қатынас экономикалық тұрғыдан әбден қалыптасып қойған. Сондықтанда, ағылшын ертегілерінің негізгі ерекшеліктері: деректер жайында тұжырымдар, нақты ақпарат, т.б. Бұдан шыға келе, ағылшын ертегілері қиял ғажайыпқп қарағанда көбірек көңілсіз, үйренуге, тануға және де   түсінуге бағытталған болады. Алайда ағылшын ертегілері барлық жағдайда жақсылықпен аяқталмайды. Ағылшын ертегілерінде басты кейіпкер дүниені айналып, белгілі бір оқиғаларды басынан өткізіп бақылайды.

Қазақ және ағылшын ертегілерінің мазмұндық құрлымына тоқталар болсақ, ертегілер адамды қиял-ғажайып әлемге ертіп қана қоймай, сол арқылы шынайы өмірде орын алып жатқан сан қырлы оқиғаларды, айта кетер болсақ: өш алу, кешіру, қарсы шығу, қарсылықтың шешімін табу, жағымсыз кейіпкердің өз жазасын алуы, соңында әділеттілікке қол жеткізу іспетті оқиғаларды да баяндайды.

Ағылшын қиял-ғажайып ертегілері қазақ ертегілері секілді бастама, сюжет дамуы, кульминация және түйін секілді құрылымдардан тұрады. Қиял-ғажайып ертегінің сюжет негізі сиқырлы амал-құралдар немесе ғажайып көмекшілер арқылы белгілі бір жоғалтқан нәрсені, дүниені я айырылған затты қайтарумен басталады. Қазақ ертегілерінде көбінесе өсімдіктер мен жан-жануарларды, атап айтқанда, төрт түлік малды көп кездестіреміз. Бұған себеп ретінде қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, өмір сүру салтын келтіруге болады. Батырлыр, данышпан, қазы, хан, бай іспетті кейіпкерлерде қазақ ертегілерінде кеңінен таралған.

Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің бастамасынан кейін, оның нақты кейіпкерлері сөз болады. Әдетте, олар екі ұрпақ өкілдері болады: ата-анасы мен балалары, үлкендер мен кішілер. Қазақ ертегісінің басқалардан бір ерекшелігі – эпос түрінде басталады, яғни қартайған кісілерден баласы жоқ және жалбарынып сұрап алған баласының дүниеге келуі де «наннан, бір үзік майдан, күн нұрынан» т.б., өсуі де өзгеше болады («Ер Төстік», «Нан батыр»). Олар күн сайын емес сағат сайын өседі екен: «бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді. Аң аулап, құс атып, шал әкесі мен кемпір шешесін асырайды» («Ер Төстік»).

Жалпы ертегілерде кейіпкерлер бір жаққа кетуімен, бір затты іздеумен я сапарға аттануымен бастау алады. Ертегілер төмендегідей қызметтерден тұрады:

  1. Бір жаққа кету, сапарға аттану;
  2. Тыйым салу;
  3. Тыйымды бұзу;
  4. Дұшпан тіршілік иесінің пайда болуы;
  5. Қастандық жасалуы, зиян келтірілуі;
  6. Өз үйінен кету, басқа әлемге түсу;
  7. Тапсырмалар мен сынақтар;
  8. Сиқырлы құрал алу;
  9. Өткел;
  10. Шайқас;
  11. Жеңіске жету;
  12. Бастапқы уайым қайғыдан, т.б. құтылу;
  13. Кейіпкердің үйіне оралуы;
  14. Дұшпаннан қашу;
  15. Қуғыннан құтылу;
  16. Қайта оралу;
  17. Екінші сынақ;
  18. Сынақтан тек басты кейіпкер ғана өте алады;
  19. Тану;
  20. Жалған кейіпкерді әшкерелеу;
  21. Жазасын тарту;
  22. Трансформация,
  23. Бастапқы кейпіне оралу;
  24. Үйленіп, мұрат-мақсатына жету.

Алайда бұл дегеніміз-жоғарыда келтірілген қызметтердің барлығы бірдей ертегіде болуы тиісті емес. Бірақ, «Ер Төстік» ертегісінде бұл қызметтердің барлығы орын алады. Бұл жерлегі сапарға шығу және тыйымды бұзыды қос қызмет деп айта аламыз. Себебі, сапарға шығып тыйым бұзылған жағдайда ғана қиындықтар туындайды және де сол қиындыөқтарды бас кейіпкер жеңіп шыққанда ғана мұрат маұсатқа жетеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

«7M02312 – Шетел филологиясы»  мамандығы

1 — курс магистранты Нилуфар Закирова

Ғылыми жетекші: Жанысбекова Э.Т. PhD доктор, доцент м.а

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *