ЭКСКЛЮЗИВ:Америка төрінде қазақ әні шырқалмақ

 

Қазақ жері әуелден әнге бай, шежіреге шешен,өнерге алтын тұғыр бола білген киелі аймақ.Дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап бесік жырымен тербеліп өскен ұрпақтың арасында әу демейтіні жоқ. Дегенмен осынау қазақ әнінің құлашын кеңге жаю,оны шетелде насихаттау – кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт. Осынау бекзат өнерді бойына дарытып,әнге деген шексіз махаббаты арқылы тыңдарманды бейжай қалдырмайтын бүгінгі кейіпкеріміз небәрі 9 сынып оқушысы.

“Санжар Нұрғазы кім?”дегенде әуелі айтарымыз – кешегі сал-серілерден қалған тұяқ,мың құбылған сиқырлы үнімен біз түгілі шетелдік әнсүйер әсершіл қауымның таңдайын қақтырған талант. Ол қазіргі таңда А.Мәлкеев атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған Есік «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының шәкірті. Білім мен өнерді қатар алып жүрген ол,жақында халықаралық «Әуезді әуен» фестивалінің ІІ орын иегері атанып, АҚШ-қа жолдама иеленді. Алдағы уақытта қазақтың ұлттық аспабы домбырамен америкалықтардың  құлақ құрышын қандырып, ұлттық өнеріміз мен  мәдениетімізді шетелге таныстырады.

Небәрі 15 жасында мұхит асып,өнерімен өрге жүзген Санжар Нұрғазы секілді жас ұрпақты жиі насихаттауымыз керек. Себебі,қазақ әні тек саз бен сөзге құралған құрғақ даңғаза емес, қазақ әні қазақтың қатпар-қатпар қалың да қазыналы тарихы, дәстүрі, салт-санасы, тілі, ғұрпы, кешегісі мен бүгіні және болашағы. Қазақ әндері арқылы біздің өшкеніміз жанып,жоғалғанымыз табылды. Ендігі кезекте кешегі қазақ әнінің қабырғалы тобы Біржан, Ақандардан бөлек, Қайрат Байбосынов, Ғалым Мұхамеддин сынды үзілмей келе жатқан үкілі әннің үмітіне айналған Санжарға тек сәттілік тілейміз. Қазақ елінің өнері мен мәдениеті Американың аспанында асқақтай берсін!

Төкен Айгерім

Журналистика факультетінің 2-курс студенті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *