Экологиялық мәдениеттілікті арттыру

МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..3
1.Ғылыми теориялық бөлім.
1.1. Ғалымдардың экологиялық мәдениеттке жазылған пікірлері…………………5
1.2. Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы жастарды тәрбиелеу…………..10
2. Ғылыми экспериментті бөлім
2.1 Қоршаған ортаны ластайтын нелер?………………………………………………..16
2.2 .Экологиялық мәдениетті дамытудың жолдары …………………………………18
2.3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие…………………………………..19
Қорытынды…………………………………………………………………………………….22
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………………………….24

Кіріспе
Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз.Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтын адамның атмосфера ауасына, табиғи суларына, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қаракеттің санитариялық-экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді. . Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. . Экологиялық мәдениет білім берудің барлық салаларына енуі қажет және тұрғындардың барлық топтарын қамтуы абзал. Ол қоғамның табиғатпен тепе – теңдік ұстай алу қабілеті ретінде дамуы керек. Экологиялық өркениет жағдайында сананың маңызы үлкен. Қазақстанның экологиялық дағдарыстан шығуының маңызды бағыттарының бірі, тұрақты даму жолымен жүре отырып, мәні, мақсаты азаматтардың экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін, экологиялық тәрбиесін дамыту болып келетін экологиялық – ағартушылық табылады, ондағы басты мақсат қоғамның экологиялық санасын өзгерту, адамның табиғи ортаға деген қарым – қатынасын түбірімен өзгерту болу керек. Сол себепті экологиялық мәдениетті дамыту керекпіз. Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тербиенің міндеті-жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту, экологиялық тәрбие ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Менің ойымша халықтың жағдайын жақсарту үшін, елу елдің қатарына кіруіміз үшін осындай мәселелер өзінің шешімін табу керек деп ойлаймын. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, соның ішінде суды үнемдеу экологиялық мәдениеттің бір белгісі болып табылады. Судың да сұрауы бар демекші, халық оны тіршіліктің бастауы, тазалықтың рәмізі ретінде санаған.
Соңғы жылдары көптеген елдерде моральдық сананың экологизациясы орын алды және құндылықтық бағыттыр өзгерді. Адам – қоғам – табиғат қарым – қатынасы саласындағы моральдық нормалар мен мінез – құлық өнегелілігі экологиялық этиканың негізі болады. Адамның қоршаған ортаға деген қарым – қатынасындағы өнегелілік позициясы гуманистік болу керек, оның негізінде адам игілігінің басым болуымен қатар табиғаттың игілігі де болу керекСонымен, экологиялық мәдениет – табиғи ортаға деген саналы қарым – қатынас, адамның қоршаған ортаны жақсартуға өзіндік үлесін қосуы, экологиялық білімділік. Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші шарты болып табылады, тек сол арқылы ғана адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік орнатуға болады. Мәдениет жекелендіруден гөрі, адам мен табиғатты біріктіру құралына айналады.Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.Экологиялық мәдениеттің мәнін анықтау жан –жақты талдау жасауды талап етеді. Осы тұрғыда синергетикалықбағытты қолдану кең етек алған.
Ғылыми жобаның мақсаты: Экологиялық мәдениеттілікті, сауаттылықты дамыту және адамдарға әсіресе, жастарға экологиялық мәдениеттілік қалай біздін өмірімізге маңызды екенін айту.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1. Экологиялық мәдениеттіліктіі қолға алу;
2. Экологиялық мәдениеттілікті соңына дейін жүзеге асыру;
3. Экологиялық мәдениеттілікті адам өміріне пайдасын зерттеу;
4. Экологиялық мәдениеттіліктің жолдарын қарастыру.

1. Ғылыми теориялық бөлім
1.1. Ғалымдардың экологиялық мәдениеттке жазылған пікірлері
Алғаш рет «экологиялық мəдениет» ұғымын ұсынған Д.С. Лихачевтің пікірінше (1980), адамгершілік қырлардан құралатын адам тіршілігінің ақиқатты негізі — бұрынғыны қорғау, өткенді сақтау, сондықтан экологиялық мəдениетті адамгершілік мəдениеті ретінде қарастыру керек. Экологиялық мəдениеттің қарапайым ережелерін сақтамаған жағдайда ол қоғамды адамгершілік, рухани жағынан құлдырауға əкеліп соқтыратынын атап айтады. Осы еңбекте табиғат жəне адам арасындағы қарым-қатынас — бұл екі мəдениеттің қарым-қатынасы, олардың əрқайсысы жеке алғанда өздеріне тəн «мінез-құлық» жəне «əлеуметтік ережелері» бар деп тұжырымдалады. «Экологиялық мəдениет» ұғымына қатысты ғалымдардың зерттеулерінде оның мазмұны, ауқымы жағынан түрліше түсіндіріледі, бірақ түп негізі адамның өзін қоршаған, өзі тіршілік етіп жатқан табиғи ортаға деген қарым-қатынасы негізінде анықталатыны белгілі.Философ И.П. Сафронов: «Мұғалімнің экологиялық мəдениетін қалыптастыру» деген ғылыми зерттеуінде экологиялық мəдениет белгілі бір əлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып- білумен бірге, оны меңгеру жəне жаңартумен тығыз байланысты адамның іс-əрекет нəтижелерін көрсететін, адам — қоғам — табиғат арасындағы қарым-қатынастың сипаты мен сапалық деңгейін байқататын жалпы мəдениеттің бір бөлшегі деген тұрғыда пікір білдіреді.
Профессор М.Х.Балтабаев «Педагогикалық мəдениеттану» атты еңбегінде мəдениет ұғымына:
«Мəдениет дегеніміз — адам жасаған заттың жəне рухани құндылықтардың, əлеуметтік-мəдени қалыптың, қарым-қатынас пен мінез-құлықты қалыптастыру əдістерінің тарихи даму жүйесі, сондай- ақ адам табиғатындағы күштердің заттық өндіріс əдістерін ескере отырып даму əрекеті, өз мүмкіндігін жүзеге асыруды, оның шығармашылық еңбегінің адамзат əлемін өзгертуге жəне игеруге бағытталған əлеуметтік маңызды шаралары», — деп анықтама берген .
В.И.Вернадский өзінің еңбектерінде: «Экологиялық сана — адамның дүниеге, өзіне шығармашылық қарым-қатынасы», — деген пікір айтады .Қазақстан ғалым-философтарының Ə. Нысанбаев, Т. Əбжанов, Ғ. Ақпанбек пікірлерінде «табиғатқа саналы көзқарас, қарым-қатынас адам дүниетанымының құрам бөлігі» деп қаралып, адамның табиғатты қорғау үшін алдымен оны танып білуі, ол үшін өзінің жан дүниесін жан-жақты зерттеуі, түйсінуі керек дейді .Экологиялық мəдениеттің қайнар көзі халықтың ғасырлар бойы жинақталған өмір тəжірибесі — табиғатты аялау, оған ұқыпты қарау, қорғау мен үндестікте өмір сүру жəне оның байлығына деген есепті қарым-қатынас.
Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды. «Экологиялық мәдениет» түсінігінің генезисін қарастырсақ. Бастапқыда термин әлеуметтік қарым – қатынастардың белгілі бір түрін бейнелейтін, нақтырақ айтсақ қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты бейнелейтін табиғаттың бірыңғай сегментін, бөлігін білдірді. Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым – қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс – әрекеті арқылы көрініс табады. Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе – теңдігін ұстау мүмкін болады.
Қоғам дамуының бұл кезеңінде табиғатқа қарым – қатынас магиялық дәстүрлердің толық жүйесі ретіндегі адам санасында көрініс табады. Ендігі кезекте табиғатпен өзара қарым – қатынас қана емес, арнайы ритуалдар арқылы адамға көмектесетін, сонымен қоса зиян келтіретін рухтар әлемімен қарым – қатынас орнату басты бола бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:
• Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
• Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.
• Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек. Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап рухани мәдениеттің жағдайы қауіп туғыза бастады. А. Печчейдің пайымдауынша «адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек».
Экологиялық гуманизм өзінің дамуында өзінің әсер ету кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның негізінде экологиялық мәдениет жасалады. Экологиялық идеология — бұл өмір идеологиясы, адам мен табиғат арасындағы ынтымақтастық идеологиясы. Бәрінен бұрын бұл адамзат қызметінің барлық саласында табиғи ортаның оған енгізілген өзгерістерге деген реакциясын есепке алу.
Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым – қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс — әрекетке көшу, жағымды іс — әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. 1997 жылғы 23 маусымдағы БҰҰның арнайы сессиясында ел басым ыз Н.Ә.Назарбаев әлемдік қоғамдастықты экологиялық мәселелерді күш біріктіре отырып, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі мәселелерін шешуге шақырды. Халықтың табиғи ортаны қорғауға белсенді қатысу қажет екендігін түсінбейінше салынған күш күтілетін нәтиже әкелмейді. Әрине экологиялық мәдениеттің қалыптасу процесінде мемлекет, мемлекеттік саясат қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.
Әсіресе, бүгінгі экологиялық апат біздің елімізге қауіп төндіріп тұрғаны барлығымызға да белгілі. Ғасырлар бойы адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектің барлығын алды. Бірақ оған келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Экологиялық тәрбие беру – адамзат баласының әр бір іс – әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден – бір жолы. Экологиялық мәдениетте адамгершіліктің «алтын ережесі» (өзіңе не тілесең, басқаға да соны тіле) экологияның «алтын ережесіне» (өзіңе не тілесең, табиғатқа да соны тіле) айналды. Экологиялық өркениетті қалыптастыру үшін табиғи ортамен қоса мәдени ортаны да орнықты және адамдық талаптарға сай құру керек.
Табиғатты қорғау мәдениетінің қарапайым, әрі маңызды шарты – осы істегі төмендегідей қиындықтарды шеше білу:
1. табиғатты қорғауды тек мамандандырылған арнаулы ұжымдардың міндеті деп есептеу; шын мәнінде экологиялық мәселелер жалпы, қоғамдық, әмбебапты сипатта болады.
2. Экономикалық даму мақсаттарын экологиялық мәселелерден бөлек қарастыру.
3. Табиғатты қорғау заңдарының төмен деңгейі, арнаулы мамандардың жетіспеушілігі.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде экологиялық тәрбиенің мынадай міндеттер мен мақсаттарды қамтуына көңіл бөлінеді:
1. Адамның қоршаған ортаға әсері және оның заңдылықтарының орындалуын анықтайтындай алдыңғы қатарлы ой, пікірлер мен ғылыми деректерді қамтуы;
2. Қоғамның материалдық және күштерінің қайнар көзі – табиғи және әлеуметтік ортаның жан – жақты бай құндылықтарын түсіну;
3. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану дағдыларын білім, таным мәселелерін меңгеру, өзін қоршаған ортаның жағдайын бағалай білу қабілетін дамыту, жақсартудың шараларын қабылдау, адам қызметінің табиғатқа тигізер зиянын алдын – ала болжай білу.
4. Табиғатқа зиян келтірмеу бағытындағы тиісті ережелерді саналы түрде орындап отыру;
5. Табиғи және әлеуметтік ортаны жақсарту қызметін, табиғатты қорғау идеяларын жетілдіру;
6. Табиғи және әлуметтік ортаға деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру – тәрбинің құрамдас бөлігі
Табиғат – сұлулықтың қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Экологиялық мәселелерді шешу экологиялық таза технологияларды енгізумен, адамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуымен байланысты. Қалыптасқан экологиялық мәселелер – қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың, адамның ішкі дағдарысының салдары деп түсіну керек.
1.2. Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы жастарды тәрбиелеу.
Адам — табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Егер сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз, оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасалған сауапты іс деп түсінгеніңіз жөн шығар. Біз -тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халықпыз. Бұған күні кешеге дейін туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды… Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды.
Міне енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады? Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз айдан анық. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау,теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады.Адамдардың көздерін адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Экология — жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, «экология» пәнін балабақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін дамыту қабілетін мектептен бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып саналатыны атап көрсетілген. Онда «мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» — делінген. Ата заңымыздың басты талаптарының бірі – табиғат қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды, білім жүйесінде ел болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, өзінің ата — анасын, ұстаздарын құрметтеп сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін сақтап-қорғауға, сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу – мектептің қоғам алдындағы атқаратын қызметі. Қазіргі мектептің бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа экологиялық білім беріп қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық білім беру педагогика ғылымдарындағы бағыт жастарға жалпы орта білім берудің құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде мектептер жастардың бастауыш сыныптан бастап, өз іс-әрекетінің саналы болуына, экологиялық білімінің білім мазмұны арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай туғызылуы көзделеді.Мұнымен бірге ол табиғатты қорғауға көмек берерлік халықтың тарихындағы игі дәстүрлерді жаңғыртуға ,оны күнделікті өмірде тәжірибеге қолдана алуға мектеп қабырғасында дағдыландыру мәселелеріне назар аударған жөн. Бұл білім-біліктіліктің түп-тамыры балалардан бастау алатындығына да жете назар аударыла бастады.Алғашқыда экологиялық білімнің қосымша сабақ ретінде жүргізілуі туралы ой қозғаса ,кейіннен экологиялық білімнің көпшілікке міндетті бағыт екендігі алға тартылды. Аталып отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға туған табиғатты тану, экологиялық ахуалды терең түсіну бағытында тәрбие жұмыстары ғылыми негізде, белгіленген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып келеді. Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған талдауларда авторлар өздерінің зерттеу нысанына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің практикада кең көлемде қолданылып жүргенін, сондай-ақ, олардың тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға қатысты қажетті бағыттарды аңғаруға болады.Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі бастауыш сыныпоқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетік білуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.Іс–тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларына табиғатты аялау,қорғау,көзіміздің қарашығындай сақтау керек екендігін бірінші сыныптан бастап айтып және шығармашылық тапсырмалар арқылы,өлең шумақтары арқылы немесе табиғатқа қамқорлық жасау туралы сурет көрмесін ұйымдастыру арқылы оқушыларға табиғатты аялау керек екендігін барынша жүректеріне жеткізіп түсіндіруге тырысамын. Сонымен табиғатқа үнемшілдікпен қарау,суды мөлшеріне көп пайдаланбау немесе электр қуатын да үнемдеуді мектеп табалдыырығында білгендері абзал. 2016-2017 оқу жылында қалалық «Сөзмерген CUP » пікірсайысында «Табиғатты қорғау парыз ба,әлде қарыз ба?» атты 9-10 сыныптар арасында қызу пікірталас өтті.Сонда жақтаушы топ табиғатты аялау керек,өйткені табиғат өте ластанып экологиялық проблемалар көбейіп жатыр,соның салдарынын аурудың да түрлері көбейіп, адамдардың денсаулықтары нашарлауда делінеді.Ал керісінше даттаушы топ табиғат пен адамның арасындағы байланысты жоққа шығарып, ауру табиғаттың ластануынан болмайды деген сияқты өз ойларын білдіреді.Міне біз оқушыларға осындай мектеп табалдырығында табиғатты аялау керек екендігін түсіндірсек,мүмкін экологиялық проблемалар да өз шешімін табар деген ойдамын.
Табиғатты қорғау – бүкілхалықтық іс.Оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу біздің үлкен міндетіміз болса керек.Табиғатты сақтау арқылы ғана адамзат өзінің болашағын жасай алатыны айқын аңғарылды.
Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді
Экологиялық надандық-адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының заңдарын меңгеруге талапсыздық.
Экологиялық нигилизм- бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау, аталмыш заңдарды елемеушілік

Қоршаған ортаны қолға алу келесі принциптерді сақтау негізінде жүзеге асырылады..
• *Приоритет адамның денсаулығын және өмірін қорғауға,халықтың өмір сүруіне,еңбек етуіне,демалуына қолайлы болатындай етіп қоршаған ортаны сақтауға жіне қалпына келтіруге беріледі.
• *Мемлекеттік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, қазіргі және келешек ұрпақтардың қолайлы қоршаған ортаға ұажеттерін қанағаттандыру үшін, әлеуметтік-экономикалық және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын үйлестіріп шешу
• *Экологиялық апат аймақтарының бұзылған экосистемаларын қайтадан қалпына келтіру және экологиялық қауәпсіздікті қамтамасыз ету.
• *Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіру
• *Қоршаған ортаға шығын келтіруді тоқтату, оған болуы мүмкін әсерлерді алдын ала бағалау.
• *Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестіктер.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
*Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына көмек көрсетіп отыру керек
*Көшет отырғызу оны күтіп баптау
*Табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күресу.
*Экологиялық мәдениеттілікті арттыру мақсатын іс-шара өткізу.
*Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
*Феналогиялық бақылау жүргізу керек.
2. Ғылыми экпериментті бөлім
2. 1 Қоршаған ортаны нелер ластайды?
Жер қойнауынан жылына 100 млрд.тонна тау жыныстары қазып алынады.Оның тек қана 10%-ы ғана дайын өнім ретінде шықса,қалғаны өндірістік қалдық табиғатты нағыз ластаушы болып есептелінеді.Электр энергиясын алу үшін тонналаған отын жағылады. Ауаны негізгі ластаушы көздер-автокөліктер.Жеңіл автокөліктер 1 км. Қашықтықтың өзіне төрт адамнан тұратын жанұяның бір жылдық оттегін пайдаланады.Екіншіден, зауыт-фабрикалардың түтіні,ауылдық үйлердің мұржаларының түтіні,орман өрттері т.б.Олар атмосферадағы су буларымен араласып,қышқыл жаңбырды түзіп,жерге жауын-шашын күйінде қайта түседі.Ондай жаңбырлар айналамыздағы егістік жерлерге,ормандарға,су жануарларына үлкен қауіп туғызып,олардың жойылуына әсер етеді. Аэрозольдерді пайдалану кезінде атмосфераға хлорфторкөмірсулар, транспорт жұмысы нәтижесінде – көмірсутектер (бензин және т.б.) бөлінеді. Қышқылды жауын-шашын – суда күкірт қостотығымен азоттың еруі нәтижесінде түзілетін, жер бетіне жаңбыр, тұман, қар немесе шаң арқылы түсетін заттар. Көлге түсіп, қышқылды жауын-шашын балықтардың және бүкіл жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соқтырады.
Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жербеті суларына көлдер мен өзендерге тәуелді.Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі –оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км-ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады.
Теңіз сулары да ластанады. Өнеркәсіп өндірістеріне жақын жатқан өзендер мен ағын сулар арқылы теңізге жыл сайын миллиондаған тоннаға дейін химиялық қалдықтар құйылады. Мұнай өндіруші құралдардың бұзылуынан мұхитқа жыл сайын 5 млн. т мұнай түседі. Мұнай су бетінен буланып, бактериялармен ыдыратылады, бірақ оған дейін көптеген су жануарларын жойып, теңіз құстарына зиян тигізеді.
Топырақ шектен тыс пайдалану мен ластануға ұшырайтын ресурстардың бірі. Құнарлы топырақтың ауданының азаюының негізгі себебі — ауыл шаруашылықтың жетілмеуі. Жыртылған жердің құнарлы қабаты жауын-шашынмен немесе өзендермен (сулы эрозия) немесе желмен шайылады. Шамадан тыс суғару, әсіресе ыстық климаттарда топырақтың тұздануын тудырады. Бұл да ауылшаруашылық айналымынан түсудің бір себебі.
Негізінен топыраққа қауіпті радиоактивті ластану әсер етеді. Ұзақ өмір сүруші радиоактивті элементтер экожүйеде жүздеген жылдар сақталады. Олар жануарлар мен өсімдіктер организмінде жиналып, түрлі аурулар туғызады. Қоршаған орта, табиғат туралы оқушылардың үйден дайындаған тақпақтары бар, қанеки ол балаларды тыңдайық. Өте жақсы балалар осы оқыған өлеңдеріңнің мағынасын түсініп,қорытынды шығарыңдар.Белгілі ақындар,ғұлама жазушылардың барлығы қоршаған орта ,табиғатты анаға теңеген, анаңды қалай сүйсең табиғатыңды да солай сүйіп,қорғай біл.Табиғатты қорғау -отанды қорғаумен бірдей.

2.2 Экологиялық мәдениетті дамытудың жолдары
Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.
Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі болып табылады деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.Тұлғаның құндылықтық бағыттарының қалыптасуы – ұзақ және күрделі үдеріс. Оған әлемдегі, елдегі, аймақтағы жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары, аз топтың (жанұя, достар) құндылықтары әсер етеді. Экологиялық құндылықтарды меңгеру жанұяда басталады. Балалар экологиялық білім мен мінез–құлық стереотиптерінің алғашқы сабақтарын жанұядан, бәрінен бұрын ата –анасынан алады. Баланың экологиялық білім алуында мектептің ролі маңызды.Мектеп өсіп келе жатқан буынның экологиялық білімінің көзі ғана болып қоймай, сонымен бірге табиғатқа қатысты жауапкершілік, экологиялық білім алуға деген қызығушылық, қоршаған ортаға қатысты әр түрлі іс –шараларға қатысуға тырысу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Көптеген зерттеушілердің ойынша, экологиялық білім беруде мектептің әсері ата –ананың білім берудегі әсерінен асып түспесе кем түспейді.
Жанұя, мектеппен қатар әр түрлі экологиялық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. экологиялық білім берудің көзі болып табылады
2.3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру — мұғалімнің міндеті.Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
— дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
— пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
-фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың — табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Қорытынды
1. Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі.
2. Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды.
3. Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі.
4.Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады.
5 . Экологиялық мәдениеттің мәнін анықтау жан –жақты талдау жасауды талап етеді. Осы тұрғыда синергетикалықбағытты қолдану кең етек алған.
6.1997 жылғы 23 маусымдағы БҰҰның арнайы сессиясында ел басым ыз Н.Ә.Назарбаев әлемдік қоғамдастықты экологиялық мәселелерді күш біріктіре отырып, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі мәселелерін шешуге шақырды.
7. экологиялық мәдениет – табиғи ортаға деген саналы қарым – қатынас, адамның қоршаған ортаны жақсартуға өзіндік үлесін қосуы, экологиялық білімділік. Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші шарты болып табылады, тек сол арқылы ғана адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік орнатуға болады. Мәдениет жекелендіруден гөрі, адам мен табиғатты біріктіру құралына айналады.
8.Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл.
2. Ақпанбек. Ғ. Қазақ халқының дүниетанымы. — Алматы: Ана тілі, 1994.
3. Балтабаев. М.Х. Педагогикалық мəдениеттану. — Алматы, 2003. — 36-б.
4. Нысанбаев. Ə., Əбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 159 б
5. «Өзін-өзі тану» республикалық ғылыми –әдістемелік журналы №7. 2017 жыл . «Өзін –өзі тану »ғылыми-әдістемелік журналы №9 .2017 жыл .Ақпарат көздерінен.
6. . Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников истории и культуры. – 1980. — №2. — С. 38-44. 2.
7. Гирусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. — М.: Высшая школа, 1998. – 312 с.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *