«Дыбыстар»

№30 «НАЗЕРКЕ» БӨБЕКЖАЙ — БАҚШАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы:

«Сиқырлы дыбыстар»

Логопед: Қ. Н.Тайшабарова

Тараз қаласы 2019 ж

Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
Психолог: Тайшабарова . Қ. Н
Күні: 30.01.2019
Білім беру саласы: коммуникация
Бөлімі: тіл дамыту
Тақырыбы: «Сыйқырлы дыбыстар»
Мақсаты: Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру. Сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуларын қалыптастыру. Тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту.

Әрекет
түрлері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық — Бүгінгі оқу қызметімізді біз көңілді бастау үшін алдарыңдағы смайликтеріңді ала қойыңдаршы кәнекей.
— Қандай смайликтер екен балалар ?
Көңілді смайликтер екен. Олай болатын болса осы жақсы көңілімізді бір – бірімізге силайықшы.
Ендеше көңіліміз көтерілдіме ?
-Осы көңіл күймен оқу іс – әрекетімізді бастайық .
Көңілді смайликтер екен.

Көтерілді
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Біздің бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы
«Сыйқырлы дыбыстар»
— Нұрайам сенің неге көңіл күйің жоқ ?
— Өз сыйлығыңды да алмапсың ?
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
— Қыс мезгілінде гүл өсеме ?
Нұрайлымның көңіл күйін көтер үшін біз гүл жасап берейік.
-Балалар біздің гүліміз қандай әдемі болды. Әселде қуанып қалды. Жарайсыңдар. Жақсылап қараңдаршы мына жерде не ұшып келе жатыр балалар?
Ызылдап біздің тобымызғада ара ұшып келіпті. Келіп біздің гүлімізге қонып жатыр балалар көрдіңдерме. Олай болатын болса қәзір біз тіл және саусақ жаттығуын жасайық. Ол үшін қолымыздың үш саусағын қосып ұстаймыз .
— Ағайынды аралармыз,
— Еңбек үшін жаралғанбыз
— Ззз -ззз- ззз
— Шыбын іздеп күні бойы,
— Гүл бақшаны аралаймыз
— Ззз — ззз –ззз
— Қалмай ұшып соңынан
— Ара қуды Мұратты
— Ззз- ззз – ззз

Әсел гүлді жақсы көреді.
Қыс
Жоқ өспейді.

Ара

— Шағып алып қолынан
— Досымызды жылатты.
— Ууу-ууу-ууу
— Балалар ара қалай дыбыстайды екен?
— Ал жылап қалған кезде біз қалай дыбыстайды екенбіз ?
Осы «з» «у» олар дыбыстар балалар.
— Балалар дыбыстарды не істейміз?
-Жарайсыңдар балалар өте дұрыс айтасыңдар. Естейміз, айтамыз. Дыбыстар дауыс қатысына қарай екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстар болып. Дауысты дыбыстар қызыл түспен, дауыссыз дыбыстар көк түспен белгіленеді.
-Мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тауып көріңдерші ?
Жұмбақты шешпес бұрын біз артикулациялық жаттығу жасайық.
1-жаттығу : Жаңғақ
2-жаттығу: Тосап
Тыныс алу жаттығуы: Ыстық шайды суытамыз
Жұмбақ
1. Адамдардың бәрі қызығады
Ұстай берсең сәні бұзылады

2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.

3. Бірі — ағаш кесу құралы
Бірі – шырынды бал бұлағы
Бұл не екен балалар ? Бұл күн екен . Дұрыспа балалар ?
Олай болатын болса біз күн деген сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Күн деген сөзде бірінші қай дыбыс естіліп тұр екен?
-«К» дыбысы дауысты ма , дауыссыз ба?
— Қандай текшемен белгілейміз?
Жарайсыңдар көк текшемен белгілей қойыңдар бәріңде.
-Күн деген екінші дыбыс қандай екен?
-«Ү» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Қандай текшемен белгілейміз?
Кәне біріңде қызыл текшемен белгілей қойыңдар.
-Енді балалар үшінші дыбыс қандай екен ?
-«Н» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
— Қандай текшемен белгілейді екенбіз?
Олай болса көк текшемен белгілейік. Жарайсыңдар балалар. Ал енді балалар осы күн деген сөзде үш дыбыс бар екен.

— Жарайсыңдар балалар сендер жақсы жауап бердіңдер.
-Ал балалар біз шаршап кеткен секілдіміз, олай болатын болса орнымыздан тұрып бойымызды сергітіу ойынын ойнап алайық.
Ойынымыздың аты : «Кішкентай ергежеилілер»
-Балалар кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнаймыз. Мен қолымды қатты соқанда сендер қолдарыңның шынтақтарын бүгіп,саусақтарынды алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтасыңдар.
-Мен қолымды ақырын соққанда , «У» дыбысын ақырын айтасыңдар. Өздеріңнің мейірімді ергежейлі екендеріңді ұмытпаңдар, аздап қана қалжыңдаймыз.
Сергіп қалдыңдарма балалар ? Ойын ұнадыма?
Біз қай дыбысты айттық?
-Балалар біздің келесі тапсырмамыз «Сыйқырлы әуенді дыбысты тап» деп аталады екен. Біз мұнда Зайцевтің дыбысты әріп жазылған текшелерінен шыққан дыбысты ажыратамыз.
Өте жақсы жауап бердіңдер жарайсыңдар балалар.
-Келесі тапсырмамыз «Дыбыстарды ажырат» деп аталады. Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болады. Қәзір мен сендерге жануарлардың суретін көрсетіп айтамын ол қалай дыбыстайды ?
— Балалар мынау ненің суреті?
Дөңгелетіп аузыңды,
Жіңішкертіп даусыңды
Бұзаумын деп ойла да
Даусын оның қайтала.
-Қалай дыбыстайды?
— Жуан ба, жіңішке ме?
Жіңішке естілсе тақтаның оң жағына ілеміз.
Дұрыс айтасыңдар мөөөөө деген дыбыс жіңішке естіліп тұр.
-Ал енді келесі ненің суреті?
Аң патшасы арыстан
Ақырады алыстан
Кәне ааааааа
-«а» дыбысы жуанба , жіңішке ме?
Келе ғой дұрыс жуан дыбыс екен .Тақтаның сол жағына орналастырайық. Келесі суретке назар аударайық.
-Мынау ненің суреті?
Нәзік даусы қозының
Естіледі алыстан
— Қалай дыбыстайды?
— Жуан ба, жіңішке ме?

— Жарайсың келе ғой Жіңішке естілсе тақтаның оң жағына ілеміз.

Ззззззззз –деп дызылдайды.
уууууууууу

Естейміз, айтамыз.

Гүл

Күн

Ара

К дыбысы.
Дауыссыз.
Көк

«Ү» дыбысы
Дауысты
Қызыл

Н дыбысы .
Дауыссыз .
Көк

Ұнады. «У»дыбысын

Бұзау

Мөөөөөөөө
Жіңішке

Арыстан

Жуан

Қозы

Мәәәәәәәә
Жіңішке

-Жарайсың келе ғой Жіңішке естілсе тақтаның оң жағына ілеміз.
-Балалар біз жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата аламыз ба?
-Балалар біздің келесі тапсырма «Саусақ қауызы» деп аталады. Алдарыңдағы ыдыстан кәзір мен айтқан дыбыстың таңбасын ұнтақ жармасы мен жазамыз.
Оспан да өлең жаттады,
Олжаста өлең жаттады.
Қай дыбыстан басталған
Екеуінің аттары.
-Дұрыс айтасыңдар «о» дыбысынан басталған. Кәне балалар қолымызды жоғары көтеріп балан үйрек саусағымызды пайдалана отырып ауада оң қолымызбен шеңбер сызайық, екінші сол қолымызды пайдаланайық. Енді екі қолымызбен бірдей үлкен шеңбер сызайық. Жарайсыңдар өте тамаша болды.
-Алдарыңдағы ұнтақ жармасын алып саусақ қауызына ауада салған шеңберімізді салайық.
-Бұл тапсырманы да өте керемет орындадыңдар жарайсыңдар. Мен сендермен кішкене демалу үшін ойын ойнағым келіп отыр.
Тыныс алу жаттығуы: «Сыйқырлы көпіршіктер»

Иа ажырата аламыз.

О дыбысынан басталады.
Ауада шеңбер сызады.
Ұнтақ жармасына шеңбер сызады.

Рефлексия-лық-коррекция-лаушы

— Балалар біздің көпіршіктеріміз сыйқырлы екен.
Кішкентай көпіршіктеріміз бір – біріне қосылып үлкен шеңберге айналып кетіпті. Қандай керемет .
-Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді екен?
— Қандай дыбыстар болып бөлінеді екен?
-Біздің тобымызға қонаққа не ұшып келді?
— Балалар үлкен шеңберіміз «О» дыбысының таңбасы
«О» әріпі екен . Әріптермен келер жылы танысатын боламыз. Әріптерді жазамыз,көреміз.Біздің сыйқырлы «О» әріпіміз құр келмепті . Оқу іс –қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге сыйлық ала келіпті. Мен оны сендерге табыстайын. Осымен оқу іс-қызыметін аяақтаймыз.

Екіге
Дауысты, дауыссыз
Ара

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *