Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасы

Набиханова Анаргул

Мақсаты:

білімділік. Поэма мазмұнын меңгертіп,  идеясын таныту. Не жақсы ,не жаман екенін ұғындыру.  Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.

Түрі: Аралас
Тақырыпты толық меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары
I миға шабуыл                                                                                                                                               II Топтастыр
IV Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,  тарих

Сабақтың барысы: 1.Ұйымастыру: Амандасу; түгендеу; сынып тазалығын тексеру

Амал мерекесімен байланыстыра отырып оқушыларды асық суырту арқылы топқа бөлемін:

 

1-топ: Тақ сандар                                  ІІ топ  жұп сандар

 

2.Үй тапсырмасын сұрау:

3..Жаңа сабақ:бүгінгі сабағымызда амал мерекесіне орай көрісіп шығайық .

Қай ауылға баратынын  жеребе суыру арқылы анықтаймыз        (асық арқылы)

 

«Еңлік –Кебек » мазарының суреті. «Еңлік- Кебек» жыры тыңдалады.

Оқушылар  поэма мазмұнын тізбектеп айтып береді.

Тапсырмалар:1.Сюжеттік –композициялық талдау жасау:

 1 Оқиғаның басталуы

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

2 Оқиғаның байланысуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

3 Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі.Қара жартаста кездесуі

4 Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5 Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.Кеңгірбайдың қатал үкімі.

6 Оқиғаның шешімі

Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Шырылдаған сәбидің тауда қалуы.

 

Ол Кебек мықты болған жас басынан   -а

Тоқаң да тастамайды өз қасынан   -а

Жасы бала болса да , жаны отты деп   -ә,

Артық көріп не сабаз жолдасынан   -а

 

11-12 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған

 

Топтарға тапсырма:

1.Шығарма мазмұнымен танысқанда қандай кейіпкерлермен таныстыңдар  және  қандай ру атаулары кездесті?

Кейіпкерлер: Еңлік, Кебек, Нысан, Тоқтамыс,Көбей, ру адамдары

Ру атаулары:Тобықты, Матай , Найман

2.Шығарма желісінде қандай салт- дәстүр,әдет –ғұрып көрініс тапқан?Қандай жаңа ұғымдар кездесті?

-Абыз  – аса білгір, білімді адам.

Жамағайын – жақындығы бар немесе алыс туыс адамдар.

Ұрын келу— күйеу жігіттің қызыдың жеңгелеріне сый- сияпат беріп,айттырған қыздың аулына жасырын келуі.

Барымта— жауласқан екі рудың бірінің бірі мал- мүлкін тартып алып, кек қайтаруы.

Атастырып қою— ұл мен қызды бесікте жатқан сәтінен болашақта үйлендіруге сөз байласу.

 

Шәкәрім туралы аз мәлімет: Автор поэма жанрында жемісті еңбек еткен: «Қалқаман -Мамыр»,

«Мұтылғанның өмірі», «Ләйлі – Мәжнүн», «Нартайлақ- Айсұлу».

 

  1. ВЕНН диаграммасы:

Еңлік – Кебек                       Ұқсастық                                 Қалқаман –Мамыр

 

ВЕНН диаграммасын қорыту: НЕ білдім?  Не үйрендім?

 

4.Егер де мен

Егер мен автор болсам…

Егер мен …

Ақыл деген – денеге егулі дән,

Суғарылса ,кіреді оған да жан.

Ақылдың өсіп- өніп зораймағы-

Көрген білген нәрседен ғибрат алған

Шәкәрім

5.Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмысты аяқтау.Поэмадан үзінді жаттау

6.Бағалау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *