Шыңғысханның 27-ші ұрпағы.

Шыңғысханның 27-ші ұрпағы.
Атағы айға жеткен Шыңғысханның 27-ші ұрпағы кім? Ұлы моңғол билеушісінің тікелей ұрпағы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.Тұңғыш ұлы Жошыдан,одан бері қарай атасы Сұлтан Барақ,Бөкейден тараған төре тұқымының ізін жалғаушы “Алтын ұрпақтан”немесе “Алтын ұруғтан” бастау алған. Алаш арысы білімділігімен қоса атадан балаға тараған “көшбасшылық” қасиетімен дара шапқан болуы тиіс.
Оған дәлел, КСРО-ны дүр сілкіндіріп, біраз әуреге салған “Алаш”партиясы. Сонау 20 ғасырдың басында бой көтерген партияның негізін қалаушы әрі жетекшісі осы Әлекең еді.
Азулыға бар заман,азусызға тар заманда халық қамын ойлаған,қайтсе қазақты тұмшалаған қараңғылықтан шығарамын деп замандастарымен біраз сергелдеңге түскені хақ.
Еркіндікте өскен халықты,еркіндік сүйер халықты бір мезетте бодан қылған озбыр саясаттың тұсында жүгендеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ұлы іс еді. Өз сөзінде айтқандай “Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса- қазақ халқы соңынан ерер еді”деп жазғанымен, Халық ұлы өмір соңына дейін “Халық жауы”атағымен өтті. Мүмкін заман солай болды ма?Адам солай болды ма? Саясаттың қаталдығы ма? Бізге беймәлім ақиқат. Қазақ жұрты сол беті тарих жолында “тезек теріп” қала берді…
Өз мамандығы ормантанушы болғанымен,халық жаннын танушы өр тұлға ел есінде жанкештілігімен,бір сөзділігімен есте қалды. Қорыта айтқанда,“Ұлтқа қызмет ету-білімнен емес,мінезден” деген ханзаданың өмірі,жас ұрпаққа үлкен өнеге,сабақ…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *