ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Нургалиева Салтанат Кайратовна

 

 

 

 

ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

 

 

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жа- сау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2010 жылғы 29 қаңтардағы

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын- да «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын техноло- гиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деп атап көрсетті.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық іс — әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа

педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайын- дау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс — әрекеттің нәтижесі бо- лып табылады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан – жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті ел- дер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім саласындағы басты міндет — әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай бо- латыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттың моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды

 

 

 

игерген, психологиялық – педагогикалық диагно- стиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан   бұрынғы   ескі   сүрлеуден   тез   ара- да арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс — әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техноло- гияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпы- нысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқу тәрибесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану.

ІҮ. Жаңалықтарды бекіту.

Қазіргі таңда барлық орта мектептер жаңа инновациялық оқыту технологиясы бойынша жұмыс істейді.

Ауыл мектебі – еліміздің білім жүйесінің түп қазығы. Ауыл мектебінде жеке тұлғаны қалыптастыру тек қана адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады. Ал балаға бірден – бір әсер ететін орта – мектеп. Мектеп – елдің болашақ әлеуеті бастау алатын негізгі және басты орын, өйткені, білім беру жүйесіндегі нақты жетістіктер тек мектепте ғана болуы мүмкін. Демек, жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті ауыл мектебіне жүктеледі.

Ауыл мектебінің білім деңгейін көтеру үшін оқу үрдісінде педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, барлық ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тың жолдарын, әдіс

  • тәсілдерін қалыптастыру қажет.

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша ойлау, жаңаша қарым – қатынас, жаңаша көзқарас қалыптастыру керек. Осындай инновациялық жүйеге енгізілген әрбір сабақтың өзіндің құндылықтары бар. Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан –жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да

сондықтан.

Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа ту- ындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың

«Оқытудың бұрынғы әдіс — тәсілдері –бүгінгі әдістеріміздің ата –анасы» дегеніндей, жаңа техноло- гияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты тех- нологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялар:

  • жобалау технологиясы;
  • саралап даралап оқыту;
  • дамыта оқыту технологиясы;
  • модульдік оқыту технологиясы;
  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
  • сатылай кешенді талдау;
  • деңгейлеп оқыту технологиясы Инновациялық технология нәтижелері:
  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
  3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
  4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
  5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
  6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
  7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық технологияның қажеттілік, үнемділік, жобалау, бүтіндік, меңгерушілік, түзетушілік, көру, алгоритмділік, мақсатты білім беру деген ұғымдарды өз ауқымына сыйдырады.

Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологиялар- ды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету -әрбір оқытушының міндеті.

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім – біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті бо- луы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттыра- мыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып та- былады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз

–ақыл –ойын, сезімін,   білімін,   құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын

 

тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш са- луымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындар- ды енгізіп отырған жөн.

Енді шетел тілі сабақтарында қолдануға тиімді болып табылады деген ойын элементтеріне тоқтала кетелік. Шетел тілі сабағында қолданылатын оқу ойындарының   мақсаты   мен   міндеттері   бойын- ша тілдік, және сөздік деп бөлуге болады. Тілдік ойындардың ең қызықтыратыны олар өте қарапайым және қиын бейімделуді талап етпейді. Ойын үшін тек керек зат қарындаш, қағаз кейде бұл заттарды қолданып та керегі жоқ. Мысалға алатын болсақ:

«Alphabet Dinner» тілдік ойыны. Бірінші ойнаушы

«Today I have for dinner some…» дейді де, жейтін тағамды атайды. Ол «А» әріпінен басталуы керек. (apple). Екінші оқушы «Today I have for dinner some apples and bananas» деп бірінші оқушының сөзін қайталап, «B» әрпініен басталатын тағам түрін атай- ды. Бұл ойынды тағамдар тақырыбын өткен кез- де тағамға байланысты сөздерді жылдам жаттап және есте сақтауы үшін өте тиімді. Міне осылай- ша ойын шарты орындалғанша, оқушылар ойынды жалғастырады. Ал басқа оқушылармен айтылып кеткен сөздерді айта алмаған бала ойыннан шығады.

«My neighbour’s cat» ойынында І топтағы оқушылар алфавит бойынша сын есімдерді теріп айтады. Мы- салы біреуі: «My neighbour’s cat is an awful cat»дейді, келесі раундта оқушылар «B» әрпінен келетін сын есім ойластырады.

Келесі ойынның түрі «Add a word» деп аталады. Мақсаты алдыңғы оқушының сөзіне қосылып әңгіме құрады.

Солайша бірінші оқушы бір сөз айтады, екіншісі оның сөзін қосып өз сөзін айтады, үшінші оқушы тағы басқа сөз айтады. Осылайша қысқаша әңгіме құралады.

Мысалы: 1) І 2) like 3) listening 4) to 5) music, 1) my

2) favourite 3) flower 4) is 5) rose.

Сондай –ақ «Stairway» ойынының мақсаты сөздерден саты құрау, осылайша әріптер саны көбейеді. Ойнаушы оқушы алфавиттегі кез –келген әріпті таңдайды. Саты бойынша бос жер болмауы керек. Яғни, екі әріптен келетін сөз айтылса, келесі 3, 4, 5, 6 әріптен реті бойынша құралу керек. Сөзді ең соңғы атаған оқушы жеңімпаз болады.

Келесі анаграмма ойын «Transition» мақсаты белгілі бір сөзге бір немесе екі әріп жалғау арқылы сөз құрау немесе сөздегі әріптер орнын ауыстыру арқылы сөз құрау. Мысалы: vest + o = Stove, chat + w

= Watch, lead + i = ideal, fine + k = knife, pale + t = plate, rags + s = grass, wolf + e + r = flower.

Тағы бір анаграмма ойын «Count down». Мысалы ойша 9 әріп алынады және белгілі бір уақыт аралығында берілген әріптер бойынша ұзын сөз құрауы керек. Ең ұзақ сөз құраған оқушы жеңімпаз болады.

Міне осындай ойындар түрін сабақтың басында және аяғында қолдануға болады. Бұл сабақты екіге бөлу үшін және ауыртпашылықты азайту үшін қолданылады. Ең бастысы бұл жұмыс жағымды эмоция және пайда әкелуі керек. Ең бастысы шетел тілін оқыту барысында оқушылардың қызығушылығы мен мотивациясы бәсеңдемеуі керек.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық тех- нологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллек- туалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу – тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан – жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барасын- да мына факторлар ескерілуі керек:

  • Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
  • Тиімділігі, жүйелігі және басқа жақтары.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі – функционалдық сауаттылық.

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңіс – тігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.

Қ о л д а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р т і з і м і:

  1. Колесникова И. Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.
  2. Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2
  3. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
  4. В. Т. Тихомирова. «Уроки сотрудничества». Ал- маты, 2000 г.
  5. Г. Ю. Ксензова. «Перспективные школьные тех- нологии».

Учебно – методическое пособие. Москва, 2001 г

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *