«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

1-жүргізуші:
Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын.
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар — қазағы бар Абайдың.
2-жүргізуші:
Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
Сара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
Фариза:
-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы !
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев.Онан асқан бұрынғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған емес », — деп жазған Ахмет Байтұрсынов. Ендеше, Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе » атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!

Ардақ: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Ботагөз: Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай лебі, Абай үні- ана тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Аружан: Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты
Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген . Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер, Тобықты руының билеушілері болған.
Нұрхаят: Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі. . Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
Азамат:
Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей, ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.
1-жүргізуші: «Адамзаттың Абайы» атты бейнебаян қойылады.
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алған, адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірін 7 «Ә» сынып оқушысы Күмісбекова Нұрхаяттың орындауында «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек.
2-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты көркемсөз оқу сайысында ақынның ғақлиясын, яғни қарасөздерін мәнерлеп оқуға кезек берейік. 5 «А» сынып оқушысы Шынболатов Сейтжанның 15 -қарасөзін қабыл алыңыздар.
Саяжан: Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз» Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
Бұл өлеңдерде табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.
Ортаға 7 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз

Асыру Дамир «Қыс» өлеңі
Нурсатов Азамат«Жазғытұры» өлеңі
Сейлханов Нурболат«Жаз» өлеңі
Жарылкапов Қуаныш «Күз» өлеңі

Дильназ: Академик Зәки Ахметов Абай ақындығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге оның аса дарынды сазгер болғанын, көптеген әдемі,әсерлі әндер шығарғандығын айтқан.

1-жүргізуші:
5 «Б» сынып оқушысы Ибрагимова Айшаның 31-қарасөзіне құлақ салайық.
Жамила:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй ,-деп Абай атамыз өзі айтқандай 7-сынып оқушысы Фаризаның орындауында «Айттым сәлем, Қаламқас» әніне кезек берсек.
Жәдігер:
Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

Арман:
Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп Абайдың әні «Көзімнің қарасын» қабыл алыңыздар. Орындайтын 7-сынып оқушысы Қуанышова Ботагөз
2-жүргізуші:
5 «Ә» сынып оқушысы Мурзагалиева Елдостың 17-қарасөзіне кезек берейік.
Акберен:
Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай,
Бағдарымсың бет түзер Құбыладай!
Ана тілдің арқасы, ұғып келем,
Желілерін ойыңның үзіп алмай.
Аяжан:
Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай.
Диас: Қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері — Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте күй «Желдірме» 7-сынып оқушысы Қолғанатов Ардақтың орындауында.
Нұрай: Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым! Өлмейтін артына сөз қалдырған
кемеңгер Абай Құнанбаевқа биыл 170 жыл толып отыр. Бұл әдеби кешіміз Абай мерейтойына, Абай рухына арналады.
Ислам:
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен… деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін Абай өлеңдерінен нәр алған оқушыларға берейік
Ботагөз«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі
Нұрхаят«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі
Азамат «Ғашықтық, құмарлықпен сол екі жол» өлеңі
Нұржан «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
Өздеріңіз білетіндей, Абай- қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырушы, табыстырушы.Ол өзінің аудармалары арқылы қазақ жұртын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстырған адам. Олай болса, Абай аудармаларына негізделген көріністерді тамашалаңыздар.
5 «А» сынып оқушылары «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсетеді.
1-жүргізуші: 6 «А» сынып оқушысы Казбекова Қарақат 36-қарасөзін оқиды.
Дильназ: Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала — оның поэмалары. Олар: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді. Соның бір дәлелі ретінде «Масғұт» поэмасын тамашалаңыздар.
6-сынып оқушылары «Масғұт» поэмасынан көрініс дайындады..
Дамир «Ескендір» поэмасынан үзінді оқыды.
Диас: Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала,ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
6 «Ә» сынып оқушысы Муратова Аяулымның 29-қарасөзін, 6 «В» сынып оқушысы Дайрабай Дінмұхамедтің 33-қарасөзін қабыл алыңыздар.
Абай қарасөздеріне байланысты 8-сынып оқушылары 17-қарасөзден көрініс дайындайды.
Ардақ: «Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға береді.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы да көптеген шығармалар жазылды. Соның бірі ақынның құрдасы жыр даңғылы Жамбыл атамыз Абайдың портретін көргенде «Мынау тұрған Абайдың суреті ме?», ақынның баласы Әбіш өліміне көңіл айтып «Сәлем айт, барсаң Абайға» атты өлеңдер жазған екен.
Нұрай «Мынау тұрған Абайдың суреті ме?»
Назгуль «Сәлем айт, барсаң Абайға»
2-жүргізуші:
7 «Б» сынып оқушысы Рахимова Жаннетта 16-қарасөзін, 9 «Ә» сынып оқушысы Абсултанова Акбота 18-қарасөзін, 10 «А» сынып оқушысы Мадиева Маржан 12-қарасөзін оқиды.
1-жүргізуші:
Әдеби кешіміз аяқталуға жақын қалды. Әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе » атты әдеби-сазды кешті тамашаладық. Оқушылар жақсы дайындықпен келген, жүлделі орындарыңыз құтты болсын.
5-7-сыныптар бойынша:
І орын- Дайрабай Дінмұхамед
ІІ орын- Шынболатов Сейтжан
ІІІ орын- Муратова Аяулым
9-10-сыныптар бойынша:
І орын Абдикеримова Қарақат.
ІІ орын Мадиева Маржан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *