Баспанасыздық мәселесі

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері даму жолында көптеген бағдарламалар мен алғышарттарды жүзеге асыруда. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси дамуы жасалып жатқан реформалар мен заңдар негізінде іске асырылып отырғаны белгілі. Қазақстан 30 жылдық шепті еңсерді. Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлемде жауабы шешілмеген бір мәселе бар.

Елдің өзекті мәселелерінің бірі, барша әлемге таныс — баспанасыздық мәселесі. Қазақстанның өзінде 400мыңға жуық адам баспанаға мұқтаж. Ал барша әлем бойынша бұл көрсеткіш әлде қайда жоғары. Әсіресе АҚШ штаттары, Үнді елді мекені бұл жағдайға жиі тап болады. Әлеуметтік қиял тұрғысынан алатын болсақ, бұл нағыз мәселе болып табылады. Бұған не себеп және бұл мәселенің шешімі бар ма? Бұл топтағы әлеумет қандай күй кешуде?

Шындығында, қазақ елі урбанизация үдерісіне ілінгеннен бері қаладағы қорап пішіндес шектеулі шаршы метрлерге тәуелді бола бастады. Қазақта баспана – «өз үйім, өлең төсегім» деген мақалда бар. Қазақ үшін баспана жай ғана үй емес, қонақ қабылдар құтханасы, әулет айбары – қара шаңырағы. Тіпті қазіргі заманда – әлеуметтік дәреженің көрсеткіші де болып келеді. Осы себептерден әлеуметтік теңсіздік пен топтар қалыптаса бастайды. Бұл тұрғыда әлеуметтанушылар «Баспана – әлеуметтік жағдайдың индикаторы» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жасаған болатын.

Public Policy Research мекемесі жасаған зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда тұратын жасы 30-ға толмаған азаматтардың 54,3 пайызы жекеменшік пәтер жалдап тұрса, 18,6 пайызы жатақханада тұрып жатқан көрінеді. Ал 25 пайызы, яғни жастардың төрттен бірі ата-анасының немесе туыстарының үйін сағалап күн көруде. Тіпті жұмыс орнын мекен еткендер де бар екен, олар жалпы жастардың 2 пайызын құрайды.

Бұл мәселе бойынша тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауымен «Қолжетімді баспана» жобасы қолға алынған болатын. Жобаның шарты бойынша әрбір баспанаға мұқтаж тұрғындарға, кезекпен 30 шаршы метр көлеміндегі жаңа қоныс табысталу керек болатын. Алайда таратылып жатқан қоныстардың жалпы көлемі жылына 100 баспананыда құрамайды. Оның үстіне кезекте жемқорлықсыз өтпегенін айта кету керек.

Баспанаға мұқтаж жандардың көбісі бір айлық қорын пәтерге жұмсап жатса, ендігі біршама бөліктің бұғанда жағдайы келмейді. Олардың арасында жаңа қалаға, жаңа қадам басқан жас студенттерімізде бар. Студент саны жылдан жылға артпаса, кемір емес. Ал әрбір студенттің басына берілер жатақхана саны шектеулі-ақ. Осы жылы 150мыңнан астам түлек үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасады. Және олардың көбісі, жаңа өмірді далада қарсы алады деп кім ойлаған. Аталмыш санның біраз бөлігі баспана таба алмай далаға түнеген болатын. Бұл жердеде жоғарыда айтылған баспана мәселесі белең алады.

Және бұндай адам сандары әлем бойынша қаншама. Бір қызығы, пәтерге қол жеткізе алмайтын адамдардың барлығы жұмыссыз жандар емес. Статистика бойынша әрбір адамның орташа айлығын есептей отыра, айына 48000нан артық ақша жинай алмайтыны белгілі болды. Ал бұндай көрсеткіштермен, қазіргі ең арзан баспананың өзіне қол жеткізу үшін 30 жылдан аса қызмет ету керек. Сонымен бұл мәселеге төмен еңбекақысы кінәлі ме, әлде баспаналардың қымбатшылығы кінәлі ме? Қандай болса да бұл мәселе үкімет назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Болашақта бұл мәселе қалай шешілетінін, біз тек болжай аламыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *