«1986 жылғы Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан оқиғасы» деген тақырыпта ашық сабақ

Сәуір айының 15-і күні «6В04102Менеджмент» мамандығына Қазақстан тарихы пәнінен «1986 жылғы Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан оқиғасы» деген тақырыпта ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақ барысында студенттер толық қатысып,өздерінің шығармашылық өнерлерін де көрсете білді.Сабақ барысында студенттер 4 топқа бөлініп,4 түрлі тапсырмалар орындады.Сонымен қатар желтоқсан оқиғасынан үзінді видеоролик көріп,өздерінің ойларын айтып,талқыға салды.Сондай-ақ газет беттерінде желтоқсан оқиғасы жайлы мақалаларды талдап,1986 жылғы оқиғадан үзінді ретінде студенттер қойылым қойды.Студенттер арасынан Алдаберген Диас және Ниязбек Шұғыла Қайрат Рысқұлбеков пен  Ләззат Асанованың «Қабірден хат» монологтарын оқыды.

Ашық сабаққа «7M01601» Тарих мамадығының 1 курс магистранттары және т.ғ.к. Ноянов Е.Н, практика жетекшісі т.ғ.д. Байдавлетова М.Д қатысты.

«7M01601» Тарих мамадығының 1 курс магистранттары Құттыбаева А.Б

Практика жетекшісі: т.ғ.д.  Байдавлетова М.Д

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Удербаева С.К

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *