Шаш әйелдің көркі мен айнасы

 

Сұлу көркің,

Көз тоймайды жанарыннаң,

Айдай сұлу, айналайын шаштарыннаң.

Көз алдымда елестейді,елеңдейді,

Ойлай берем, күні түні бір өзінді.

 

Бір көргенде таңқалдырды шаштарын,

Бұрымдай еркелеген көз тартарын,

Қайдан ғана ғашық болдым шаштарына,

Соқыр қылды,ғашық қылды…….

шаштарын.

 

Өлең сөздерін жазған: Ахметова Балкен

 

Шаш – әйелдің көркі. Ұзын бұрымды шаш – көрік пен күштің символы саналған Тіпті қыз баласының сұлу бұрымы жайлы ақын-жазушыларымыз көптеген романдарында жазып қалдырған.Мысалы : оны көрінген жерге тастамау,жүрген жерде жаймау,  қысқа қылып кеспеу және т.б осылар секілді ақыл-кеңестер айтып отырған.Соның бірі қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза ағамыздың «Ай мен Айша» атты романында кездеседі.
— «Менің сендерден де басқа балаларым бар ғой.

Үшеуі де нәресте кетті. Құттыбай, Елтай, Сәткүлді айтам. Әйел баласы шашын

беталды тастамас болар. Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе, о дүниеде

балалары шырылдайды дейді. Анасының шашының отқа күйген иісін танып

қояды екен де: «Анамыз тозақ отына түсіп кетті-ау!» деп шыр айналып

шырылдайды екен. Тозақ отына анасын құтқарып алмақ болып, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен. Қыз баласы шашты тараған сайын аяқ астында қалдырудан сақтанғаны дұрыс. Өлі шашты жинап алғаннан кейін, шашыңыздың өртенуінен барынша сақтанған дұрыс. Айшаның заманындағы нанымды бүгінгі тұрмыс еріксіз бұрмалары анық. Десек те, барынша шашты аяқ астында қалудан сақтаған дұрыс болар» деп «Ай мен Айша» романында баяндалады.

Мінекей, бұл үзіндіден қыздардың шаштарын беталды жерге тастамау жайлы   анық айтылған

Сонымен қатар әйел адамзаты үшін бұның зияны бар .

 

  Міне қызық!

 

  1. Жайылған шаш — қыз баласының жақсы энергиясын жан жаққа шашыратып, жаман энергияны жинайжы екен.
  2. Шаш жаю – әйел адамзатының жеңіл жүрісті екенің білдіреді.

 

Ал қазіргі қыздарды айтайықшы,қай жерде жүрмесін ылғи шаштарын жалбыратып жүреді.Қазіргі заманда бұл қарапайым әрекет болып көрінгенімен,бұрыңғы кезде ол өте ерсіз қылық ретінде саналған.Тіпті ақын-жазушыларымыздың туындыларын оқығанда,қазақ қыз баласын сипаттаған жолдарын көптеп кездестіреміз.Әр-қашан ұзын шаштарын екі жаққа өріп,шолпы таққан.Шолпы – бұйымының өзі қыздың тәрбиелігін көрсеткен.

Киіз үйдің ішінде отырған ер-ақсақалдар,келе жатқан қыздың шашпауының әдемі үнің естігенде,ауыздарына құм құйылғандай үндемей қалады екен.Сонымен қатар шашапау жас қыздың жүріс тұрысынан тәртібін анық белгі берген.Егер жас қыз жүріп келе жатқанда шолпысы қатты сылдырласа,онда бұл қыздың шошақай мінезді екенің білдірген.Ал шолпысының үні баяу естілсе,онда ол сыпайы,тәрбиелі екенің көрсеткен.Бұдан қазақ халқының қыз баласын тәрбиелеу шаштан басталғаның аңғарамыз.

 

Сондықтан қыз-келіншектер, әйелдер қауымы барынша көркімізді  қастер тұтайық.Біздің бұрымдай сұлулығымыз біреудің назарын аудару үшін емес,өзіміздің маңыздылығымызды, көркем нышанымызды көрсететін құралымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *