«Достарыма арналған үй»

«Құлыншақ»  ересек  тобындағы   ұйымдастырылған оқу                                                                          қызметінің   технологиялық  картасы

 

Күні: 02.09.2020ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Мақсаты:  қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімідерін кеңейту, балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету, техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру. Төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, қайрымдылыққа, балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті,                                                    түрлі – түсті  қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар,                       қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.                                                                           Қостілділік компонент: ит – собака, мысық – кошка, достар – друзья, үйшік – домик.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

             Мотивациялық —

        қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялық —   қозғаушылық

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.

Жұмбақ.

Ырылдайды, үреді,

Үй маңында жүреді.

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.

Мақал.

Ит – адамның досы.

Жұмбақ.

Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді,

Беті – қолын жуады.

Иттер – ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес – кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын, сипалағанын қаламайды.

Пудель – өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.

Суреттерді қызыға қарайды.

 

 

Балалар жұмбақтарды  қызыға шешеді.

 

Жұмбақтың жауабы: ит.

 

 

Мақалды тыңдайды, қайталайды.

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

Жауабы: мысық.

Қайталайды: шуақ, адал.

 

Педагогтің әңгімесін тыңдайды, иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды.

 

 

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Ғажайып сәт:

Балалар, ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық. Педагог жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді.

-Біздің қонақтарымыз Дос және мурка. Олар сендерге көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп үй салып береміз бе?

Қостілділік компонент: ит – собака, мысық – кошка, достар – друзья, үйшік – домик.

Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.                                                                   -Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?

-Ал негізі ше?

-Үйшіктің тағы несі болады?

Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн – жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады.

Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді.

 

 

 

 

 

Көмектесуге ынта білдіреді.

Қайталайды: ит – собака, мысық – кошка, достар – друзья, үйшік – домик.

Үлестірмелі материялды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-Шатыры – үшбұрыш.

-Негізі – шаршы немесе тіктөртбұрыш.

-Терезелері – шаршыдан.

 

Қауіпсіздік техникасының жөн – жосығымен танысады.

                 

 

Сергіту сәті

Мысығым, тұршы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы.

Тәрбиеші ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын (наклейка) балаларға бір-бірден таратып береді.

Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.

Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл – қозғалыстар жасайды. Балалар жапсырманы жабыстырады. «Абала» деп ойыншық итке, «Марғау» деп ойыншық мысықтың жапсырмасын жабыстырады.
Рефлексиялық-

түзетушілік

-Қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді!

Балалар, Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды.

 

 

 

Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап, итпен және мысықпен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Күтілетін нәтиже:            

Біледі: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай біледі.

Игереді: ит және  мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін, олардың бір – бірінен айырмашылықтарын игереді.

Меңгереді: шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш қолданып үйшік жасауды меңгереді.

                                                        

 

                                        

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *