Ойын және мінез. Мм дыбысы және әрпі.

Умарова Гулдарай Каскырбаевна

Облысы: Ақтөбе

Қаласы: Ақтөбе

№41 «Назерке» МДҰ

Қызметі: Тәрбиеші

Тақырыбы:Ойын және мінез. Мм дыбысы және әрпі.

 

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған  оқу  қызметі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: Ойын және мінез. Мм дыбысы және әрпі.

Мақсаты: М дыбысын сөз ішінен бөліп айту білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа түрімен таныстыру. Дұрыс оқуға төсілдіру. Ойлауын дамыту. Төзімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау , әңгімелеу,«Ой қозғау» стратегиясы.

Көрнекіліктер:суреттер, кеспе әріптер, дәптер,түрлі түсті қарындаштар, ойыншық, сызбалар.

                  Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі.

-Балалар, бүгін біздің оқу қызметімізге апайлар келді. Кәне, апайлармен амандасып алайық. (Балалар амандасады)

Ойын: «Сиқырлы үйлер»: -Балалар, қарандаршы екі үй тұр. Бір үй  қызыл, ал екінші үй көк.

-Қызыл  үйде қандай дыбыстар тұрады?

-Көк  үйде қандай дыбыстар тұрады?

-Дауысты әріптерді оқып, еске түсірейік: а,о,у,ы.

-Дауыссыз әріптерді оқып, еске түсірейік: н,л,р,ш,с, д.

ІІ. Іздену- ұйымдастырушы кезеңі.

Тосын сый. Қонаққа Білгішбек келеді, балалармен амандасып:- Бұл  мектепке даярлық тобы ма? Сендер мектепке баруға дайындалып жатырсыңдар ма? (Балалар амандасып, жауап береді)

-Ал мен Білгішбекпін. Мен балалардың мектепке дайындығын қарап жүрмін:  олар жұмбақ шешу біле ме, әріптерді тани ма, оқу біле ме, әріптерді жазу біле ме екенін.

Тәрбиеші:-  Білгішбек, біздің балалар осының бәрін «Сауат ашу негіздері» оқу қызметінде үйреніп жатыр. Төрлетіңіз, балалар не үйренгенің қараңыз.

Білгішбек: -Менің қызықты тапсырмаларым бар. Соларды орындап көріңдер.

Тәрбиеші: -Кәне, балалар, Білгішбектің әкелген тапсырмаларын орындайық.

Жұмбақ жасырамын.Шешуін дұрыс тапқан соң, сиқырлы себептен ойыншық-мысықты алып шығамын: «мысық» деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Хормен 3рет «м» дыбысын айтқызып, ол қандай дыбыс екенін анықтаймыз.

«м» дыбысын  қандай текшемен белгілейміз? «м» дыбысы қай үйде тұрады?

Ойын: «Кім көп біледі?»: М дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.

Балалар, Білгішбектің М дыбысына жазып келген сөздері бар. Мен оқимын , ал сендер мұқият тыңдаңдар: қай сөзді сендер айтқажоқсыңдар.

М дыбысын  әріптерімен белгілейміз: мынау бас әрпі-М, ал мынау кішкентай әрпі-м. Мен әріптерді оқып: -М әрпі кімнің әрпісі? Дұрыс; Мөлдір және Мединаның әріптері деп, бас әріпті көрсетем.

Ойын: «Кім тез табады?». Ойынға керек зат: сызбалар, суреттер.М әрпі сөздің басында, ортасында және соңында тұрады: алма, машина, қалам.

-Балалар, сендер шахмат ойының білесіңдер ме? Ол ойынды ойнау үшін бізге не қажет?

Ойын: «Буын құр». Ойын шахмат түрінде берілген, әр суреттің қасыңда әріптер жазылған- м, а,у, о, ы. Ферзьде «м» әрпі, ол жүріргенде басқа әріптермен буын құрады: ма,му,мо, мы.

Сергіту сәті: № 38 «Қыздар мен ұлдар».

Дәптермен жұмыс. Әр тапсырмаларды талдап орындау.

№2-сөйлемді аяқтау. Бұл тапсырманы ойынмен жалғастырып жіберемін. Қонаққа «тілші» келеді: -Балалар, қалай ойнау керек?Не істеуге болмайды?

№6 –жазу. Жазу жолын  көрсетемін. Балалар өлең жумағын айтып, м әрпін өз бетінше жазады.

Білгішбек ,балалар тапсырмаларды  жақсы орындаған үшін рахмет айтып, шығып кетеді.

ІІІ. Рефлекті-коррекциялаушы кезеңі.

-Балалар, мен  де сендерге қызықты тапсырмалар дайындадым.

Ойын: «Сөз құра».  Сызба беріледі ,онда әріп және буындар жазылған : ма,л, т,та, са. Сөздер: маса, мал, мат, мата.

Тіл ұстарту жаттығуы: Ма-ма-ма,

Жалқау бала болма.

-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-Белсеңді қатысқан балаларды мадақтау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *