Тәуелсіз Қазақстан

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы жарияланды.Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы,сарғайып күткен сағынышы.Тәуелсіз,бейбіт өмірді аңсаған ата-бабамыздың арманына жастар қол жеткізді.30 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің жағдайы көтеріліп,қазіргі уақытта біршама жетістіктерге қол жеткізіп отыр.Елімізде білім,ғылым,денсаулық,спорт және мәдениет айрықша даму үстінде.Тәуелсіздік-біздің ең басты тірегіміз,баға жетпес құндылығымыз.Тәуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ,сондықтан да алтын тәуелсіздігімізді қадірлей білуіміз қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан болашаққа нық сеніммен қарай алатын тәуелсіз,зайырлы,дербес мемлекет.Сонымен қатар Қазақстан әлемнің өзге де мемлекеттерімен санасатын мемлекетке айналды.Бәсекелестікке қабілетті бола білуіміз үшін,еліміздің әл-ауқатын көтеріп,экономикамызды қарқынды түрде дамытып,сыртқы саясатты дұрыс жүргізумен қатар,даму стратегиясын да дұрыс қоя білуіміз керек.Мұндай іс-әрекеттерге жету үшін еңбек талап етіледі.Сол себептен де,еңбек нарығын да қарастырғанымыз жөн.Біздің елімізде еңбек күші жастар болып келеді.Жастардың замануи,әлем стандарттарына сай білім алуы алдағы уақытта білікті мамандарды даярлауда оң пайдасын тигізеді.Мектеп,университеттерді қазіргі заманға сай техникалық құралдармен қамтамасыз етуіміз тиіс.Жастардың сапалы білім алуына бар жағдайды жасау мемлекеттің міндеті.Еліміздің ертеңгі күні тікелей жастарға байланысты.Қазақстанның одан әрі дамуы үшін қазірден бастап ат салысып,қоғам үшін пайдамызды тигізуіміз қажет.
Қазақстан қазіргі таңда дамудың маңызды кезеңінің басынан өткізуде.Алдыға қойған мақсаттарымызға баяу болса да,нық,әрі сенімді түрде жетуіміз керек.Сол бағытты ұстанып,жарқын болашағымызға сеніммен қарайық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *