«Тәрбиеші болу менің бақыттым»

Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
№19 «Ақтілек» бөбекжайы
Тәрбиеші: Рысхан.С

«Тәрбиеші болу менің бақыттым»

Мен мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеймін.Балалармен жұмыс істеу үлкен бақыт.Себебі,тек ғана бала ешнәрсеге алаңдамай мейрімділікке сенед,кішкентай алақанның менің алақаныма қойып,өз құпияларын айтып маған сенеді. Сәбиді аялаған аналық парыз қандай киелі болса,бала тәрбиесің мойныма жүктеп алған менің жауапкершілігімнің қандай екенің сеземің. Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы.Әр мамандықтың,өз қиындығы,өз қызығы бар.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да.Балаларды ана тіліңде дұрыс сөйлету,олардың ой-сезімдерін анық,еркін,көркем жеткізу алуға баулу,танымдық қабілеттерін дамыту –тәрбиешінің міндеттерің бірі.
Мен әрқашанда білімімді жетілдіріп отырамын. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырылған курстарға қатысып жаңа технологияларымен танысып,өзімнің тәжірбиемдеі әр қарай және білімді дамытып отырамын. Биыл ақпан айында курсқа қатыстым .
Курс оқытушысы Саттибаева Рая Мажитовна қойған көптеген сұрақтарымыз ,олардың жауабын өзіміз тапқанымыз менің жан-жақты қырымды аша білген сияқтымын.Бізде жиналған топ өте белсенді,олармен жан-жақты жұмыс жасадық. Курстың тақырыбы «Мектепке дейінгі ұйымдар білім беру қызметінің сапасын бағалау негізінде заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жобалау» .Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлердің міндеті — балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өнер тілі мен әлемнің көркемдігін жаңғырту тәсілдерін тану, еркін таңдауда танымдық-эстетикалық және мәдени-коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыру, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны модельдей алу шеберлігінен құралады. Заттық ортаны модельдеу балалардың өзара білім алмасулары, бірлесулері, өзара қарым қатынастары үшін жағдай жасайды. Осы себепті, баланың жан-жақты дамуына өзінің мазмұны және қасиеттері арқылы әсер ететін дамытушы ортаның ерекшеліктерін ұғыну бүгінде маңызды міндет болып табылады.
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.
Қазіргі заманның тәрбиеші –бұл салауатты маман ,әртүрлі бағдарламаны ,әдістемелік тәсілдерді түсіне білетің,көз қарасы ойлары терен,ұжымда бір-бірлеріңе көмектесе алатың тұлға.
Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *