Тәрбиеші-бала жанының бағбаны

Онласынова Гулжан Куракбековна

Түркістан Облысы
Бәйлібек ауданы
Жаңаталап ауылы
«Жаңаталап негізгі орта мектебінің»
Мектеп алды даярлық топ тәрбиешісі

    Тәрбиеші — балаларды адамзат мәдениетінің әлеміне күрделі және алуан   түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ендіретін үлкендердің бірі. Тәрбиешінің еңбегі өлшеусіз, оған ешбір өлшемде тең келмейтіндей. Анасының әлдиіне үйренген бүлдіршіннің әлдебір тәтенің талабына мойын ұсынуы қиынның қиыны екеніне ешбір тәрбиеші дау айтпас деп ойлаймын. 80-90 жылдардағы мектепке дейінгі жастағы бала белсенділігінің күрделенуі ғылым жетістіктері не жауап берушілік деп бағалаймын,                            ал ата-ана сұранысының кейбір келеңсіз тұстарын талдағанда, ұрпақ тәрбиесінің ақсап тұрған тұсы дер едім. Ол кезде көп жағдайда балалардың техникамен байланыс жасауы-теледидардан мульт- фильм көру және радиодан ертегі тыңдаумен шектелетін.                             Ал қазіргі күні 5-6 жастағы бүлдіршін ғаламтордан қажетті мультфильмді табуды, компьютер  мен әртүрлі ойындар ойнауды, кейбіреуі әлеуметтік желілерге енуді игерсе,   ал барлығы дерлік ұялы телефонмен байланыс жасауды меңгерген.                                                                   Осыған орай олардың әрбір іс-әрекетке қызығушылығын оятып, ынталандыруда бірнеше мүмкіндіктерді бастан кешіру керек. Мысалы, итті  мүсіндеу үшін оның суретін ғана көрсету, ол туралы ертегі оқу жеткіліксіз, оған бала қызықпайды, селқостық танытады.                 Ал егер ит туралы мултьфильм немесе слайд түрінде әр алуан ит түрлерін көрсетсе,оның жанды даусын естіртсе, жоғары белсенділікпен ынта-ықыласпен мүсіндейтіндігін аңғаруға болады. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделіде, қызықты. Шынын айтсам кейде жұмыстан соң үйге келгенде,қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көз дерін елестетіп, олармен қайта қауышқанша асығамын. Мөлдір бұлақтың көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиында, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші! Бұл –бала тәрбиесіне қатысты тұжырым.                      Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, мәнерлеп тақпақ жаттату, олардың жас ерекшелігіне  байланысты танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылылыққа бейімдеу, денсаулығын нығайту-тәрбиешінің күнделікті жүргізетін жүйелі іс-әрекеттері нің көріністері.  Тәрбиеші- киелі мамандық. Ол әрі әсем сөз маманы, әрі суретші, әрі әртіс және әр баланың жан-дүнисін түсіне алатын психолог болуы шарт. Балғын бүлдіршіндерді тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мәлімет беру-шыдамдылықты,шығармашылық біліктілікті, ұқыптылықты, жауапкершілікті, ең бастысы өз міндетіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін дігін естен шығармау керек. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара пар жұмыс жасау арқылы қоғам алдындағы міндеттерін айқындайды, ұрпақ тәрбиесіне деген адалдығын дәлелдейді. Менде осы салада еңбек еткен жылдардағы жетістіктерімді мақтан тұтып, қосқан үлесімнің нәтижелі боларына сенемін.                     Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, олардың алғаусыз әрекеттерін  бақылай отырып, оларға деген сүйіспеншілігім арта түседі. Ал тәрбиеші еңбегінің толыққанды талдануы және лайықты бағалануы алдағы күндер еншісінде деп білемін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *