Тұғыры биік елбасы!

Сулейменова Гулдана Сабыржановна

Мақсаты: балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айтып, Елбасының жасаған еңбектері туралы ұғым беру. Отанға, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шаттық шеңбері.

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, көк аспан.

Амансың ба, жер-ана,

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанм.

Құрметті балалар, сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз. Еліміз осылай жылдан-жылға көркейіп, жайнап, өсе берсін! Президентіміз аман болсын, еліміз тыныш болсын!

Кең даласын егін жапқан,

Бар баласы, бақыт тапқан,

Менің жерім,туған елім-

Күн сәулелі- Қазақстан!-дей отырып, «Тұғыры биік Елбасы!» атты оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

-Балалар, бүгін бізде қандай мереке?

-Тұңғыш Президент күні.

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін бізде үлкен мереке! Бұл мерекені біз жыл бойы тойлап отырамыз.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан.

-Балалар, біздің Елбасымыз кім?

-Нұрсылтан Әбішұлі Назарбаев

-Балалар, мынау менің ненің сурет?

-Қазақстан Республикасының картасы.

-Ал, балалар, біздің Президентіміз қандай зәулім уйде жұмыс жасайды?

-Ақордада.

-Біздің қаламызға осындай әдемі ғимараттарды кім салдырды?

-Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев

-Дұрыс айтасыңдар.

-Сендер сияқты кішкентай балапандар балабақшаға барсың, жастар білім алсын, — деп көптеген мектепрмен оқу орындар ашуда Президентіміз.

-Балалар, біздің Респуликамыздың рәміздеріне не жатады?

-Ту, Гимн, Елтаңба.

-Олай болса, балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, Мемлекеттік Гимнімізді орындайық. (Гимн орындалады).

-Балалар, сендер, өз отандарынды жақсы көресіңдерме?

-Иә, жақсы көреміз.

-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Отан – оттан да ыстық.

-Отан – от басынан басалады.

-Отан үшін отқа түс күймейсің.

-Өте жақсы, балалар. Сендер отан туралы мақал-мәтелдерді біледі екенсіңдер.

Қазір біз сендермен қазақтың ұлттық ойыны  «Арқан тарту» ойынын ойнаймыз. Құрметті балалар «Тұғыры биік Елбасы!» атты оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті. «Елбасымыз жасасың, Қазақстанымыз жасасың!»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *