Шынықсаң шымыр боласың

Сулейменова Гулдана Сабыржановна

Сабақтың мақсаты: Балаларды әсем жүре білуге, секіру түрлерін орындауға, ептілік, төзімділік, шапшаңдық сияқты дене сапаларына тәрбиелеу. Қимылды үйлесімді етіп жасай алуға үйрету.

Көрнекіліктер: дөңгелек шығыршықтар, доптар, самокат, гимнастикалық төсеніштер, кеглилер,т.б.

Өткізілетін орын: Спорт зал

-Құрметті, бүлдіршіндер, апайлар және қатысушы топтар. Бүгінгі шағын орталықтағы топтар арасында өткелі отырған «Шынықсаң шымыр боласың» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Ойынымзға екі топтан үш ұл, үш қыз қатысады.

Әр таңды бақытпен аттырамыз,

Өнерліні ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді,

«Балдаурен», «Байтерек» топтарын шақырамыз – деп қатысушы ойыншыларымыз ортаға шақырамыз.

Тәрбиеші: Балалар, алдымен дамыту жаттығуларын жасап алайық. Шеңбер бойымен тұрып, жаттығу жасайды.

Әділ баға беретін,

Оң көзімен көретін.

Әділ-қазы алқасын

Біз қашанда сенетін, — демекші әділ-қазы алқасымен танысамыз. Шағын орталықтың аға тәрбиешісі А.Молдашева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Серікбаев, кітапханашы М.Ақтымбаева.

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. Ойын шарттары мынандай:

1-кезең: Аяқтың арасында доп қысып жүру. (Екі аяқтың арасында доп қысып мәреге барып, қайтып келу).

2-кезең: Самокат жарысы (балалар кедергілер арасынан шапшаң өтуі керек).

3-кезең: Шығыршықпен тасу (Бастаушы жүгіріп шығыршыққа жетіп, ішіне түсіп, келесі ойыншылардықолдарынан ұстап пойыз секілді жүгіру).

4-кезең:Кім жылда? (ыдыстағы суды қасықпен келесі ыдысқа тасып толтыру).

5-кезең: Домалау (тоңқалаң асып домалап, корзинаға доп тастау).

6-кезең: кеглилерді құлату (кезекпен тізулі тұрған кеглилерді көздеп құлату).

Екі топқа екі жұмбақ,

Жел соғады гуілдеп.

Суып кетті айнала,

Жапырақсыз тал-терек.

Дірілдейді шайқала,

Бұл қай мезгіл? (Күз)

 

Шапса жұбын жазбайды,

Бір-бірінен озбайды. (Коньки) т/б.

Ал енді әділқазыларымыздың қорытындылары дайын болғанша екі тобымыздың дайындап келген нөмірлері барекен, соларға кезек берсек.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей,

Тараса бізге жарады!- деп сөз кезегін қазаларымызға береміз. Марапаттау.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!- демекші құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *