Сиқырлы математика әлемі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: Сиқырлы математика ертегілер әлемі.
Мақсаты: Ертегі арқылы математикалық білім дағдыларын шыңдау 1-5 дейінгі сандарды тура және кері санау. Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер мен түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастырып, пішіндерден неше түрлі бейнелер құрастыру. Топтасып тапсырманы орындау арқылы бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, тосынсый. Дидактикалық ойын.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз жақсылық
Ашық болсын кең аспан
Берік болсын іргеміз
Бәріміз бір біргеміз
Енді әрқайсысымыз өз орнымызға отырайық. Балалар біз өзіміз жақсы көріп тыңдайтын ертегілерімізді еске түсірейік. Ерте, ерте, ертеде………. Шалқан, Жетілақ, Қызыл телпек, Үйшік, Түлкі мен тырна, Мақтақыз бен мысық т.б. Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Бауырсақ» ертегісі арқылы бастағымыз келіп отыр.
Балалар ертегіде Бауырсақ ең бірінші қандай кейіпкермен кездеседі
1. Қоян (дұрыс айтасыңдар), (музыкамен келеді)
Мен Қоянмын,Қоянмын.
Сәбіз жесем тоямын
Қасқырдан қорқамын,
Бауырсақты жеп қоямын.
Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауабын тура тапсаңдар бауырсақты жемеймін. Сұрақ:
а) Мен қандай көкөністі жақсы көремін?
б)Сәбіздің пішіні неге ұқсайды?
Онда сыйқырлы сәбіздің тапсырмасын орындайық.
Тапсырма: Қанша мезгіл бар?Жылдың қай мезгілі?Көктем айларын атаңдар? Сендер көктем туралы тақпақ білесіңдерме? Кәне кім айтады? Тәрбиеші: Қоян саған біздің балалардың жауабы ұнады ма?
Қоян: әрине балалар мен сендерге ризамын жақсы. Сау болыңдар Тәрбиеші: Жарайды балалар сендер қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Енді Бауырсаққа орманда қай аң кездеседі.
Қасқыр: Сәлеметсіңдерме балалар мен сендерге қызықты тапсырмалар әкелдім, егер соны орындасаңдар мен бауырсақты жемеймін. Сұрақ: 1-тапсырма:1-5 ке дейін тура және кері санау.
Тәрбиеші: Балалар біз қасқырға сандар туралы білетін тақпақтарымызды айтып берейікші.
2-тапсырма: Цифрларды суреттермен сәйкестендір..
Қасқыр аралап балаларды мақтайды.
Қасқыр: Мен енді кетуім керек, тапсырманы дұрыс орындадыңдар, рахмет, сендер сияқты дос тапқаныма қуанамын. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар Қасқырдыңда тапсырмасын жақсы орындадыңдар, ол да сендерге риза болып кетті. Енді бауырсаққа орманда тағы қандай аң кездесті
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге қызықты ойындар алып келдім. Келіңдер бірге ойнайық Тәрбиеші: Ойнайық па? Онда Аюдың бірінші тапсырмасы қандай екен.
1-тапсырма: Пішіндерді айыру.(кубизм әдісі) Тәрбиеші: Аю балалар тапсырманы дұрыс орындады ма. Аю аралап жүріп, балаларды мадақтайды, жұмысын тексереді.
Аю мен бауырсақты жей алмайтын болдым, қой кетейін. Сау болыңдар. Тәрбиеші: Жұмбақ жасырады Өзі қу, өзі айлакер, Жүрген жері айқай-шу. Ол қандай аң? Ендеше орманда бауырсаққа қандай аң кездескен?
Түлкі: Сәлем, достар! Менің тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма? 1-тапсырма: Сергіту жаттығуын кім біледі, Кім көрсетеді?
2-тапсырма: Екінші, төртінші ойыншықты боя.(бояу керек) тапсырманы Тәрбиеші:Түлкінің тапсырмасын жақсы орындадық па? Түлкі: Балалар мен сендердін көп нәрсе үйрендім, сендер алғыр, тәртіпті, білімді балалар екенсіңдер, мен сендермен қоштасамын.
Тәрбиеші: Біз Бауырсақ ертегісіндегі барлық аңдардың тапсырмасын орындадық. Бізге қандай аңдар келді. Біз қандай тапсырмаларды орындадық. Олай болса қонаққа кім келеді.
Бауырсақ балалармен амандасып өз ризашылығын білдіріп, әкелген сыйлығын таратады.(сендер мені ормандағы аңдардан құтқардыңдар) Бауырсақ: Менің сыйлығыма риза болсаңдар мен қайтайын. Сау болыңдар
-Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Ендеше ортаға шығайық Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс: 1-5 ке дейінгі реттік сандарды ауызша санауды (тура, кері)
Көрсете білуі: 1-5 ке дейін санау, пішіндерді, түстерді танып, көрсете білуді игереді.
Меңгерген дағдылар мен іс-әрекеттер: Өз бетімен іс-әрекет жасай алады.
Тәрбиеші:Бобекбаева Айгерим Максатовна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *