Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Жексембинова Айжан Бекбергеновна – ҚазБСҚА колледжінің “Информатика” пәні мұғалімі

Мамандық таңдау – болашағыңыз үшін өте маңызды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қай салада жұмыс істегіңіз келетінін, сол мамандықтың сізді қанағаттандыратынына назар аударған жөн.

Адамның әлеуметтік құндылығы, адамдар арасындағы орны, жұмысына қанағаттануы, физикалық және психикалық денсаулығы, қуанышы мен бақыты кәсіби жолдың қаншалықты дұрыс таңдалғанына тікелей байланысты. Дұрыс шешім қабылдай білу мамандық таңдауға әсер ететін негізгі фактор.

Мамандықты дұрыс таңдау жасау үшін қарапайым кеңестерге жүгінуімізге болады:

  1. Алдымен өз бейімділіктеріңізді анықтаңыз.Сізде бір затты немесе құбылысты білуге, зерттеуге қызығушылық болу керек.
  2. 2. Болашақ мамандығыңыздан не қалайсыз? Кім болғыңыз келетінін, қандай қызмет саласында жұмыс істеу қызықты болатынын анықтаңыз.
  3. Егер сіз өз жетістіктеріңізге сенімді болмасаңыз, бұл туралы басқалардан сұраңыз.Кейде біз өмірдің өзіміз жақсы болатын салаларын көру қиынға соғады. Ол туралы ата-анаңыздан, басқа отбасы мүшелеріңізден, достарыңыздан және мұғалімдеріңізден сұраңыз. Олардың жауаптары сізді таң қалдыруы мүмкін және сіз ешқашан ойламаған  таңдауларға итермелеуі мүмкін.
  4. Еңбек нарығына талдау жасаңыз. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие сол төңіректе ақпарат жинаңыз. Бес жылдан кейін оқу бітірген кезде қандай жұмыс орындары мамандар іздейтінін біліңіз
  5. Таңдауды өз қалауыңызбен жасаңыз. Таңдауларыңызды шектемеңіз. Сырттан келген барлық пікірлерді қабылдаңыз, бірақ іздеу ауқымын кеңейту үшін ғана, содан кейін естігеніңізді жеке талдап сіздің табиғатыңызға ұнамды ма соны қарастырыңыз.

Әрбір адамның белгілі бір кәсіпке бейімділігі мен қабілеті болмаса, ол ешқашан жоғары білікті маман бола алмайды.

  1. Сізді қызықтыратын салада жұмыс істейтін адамдармен байланысыңыз. Сізді қызықтыратын мамандықтар туралы көбірек білсеңіз, белгілі бір кәсіптік таңдаудың барлық салдарын болжай алғаныңызға сенімді бола аласыз.

Осы орайда ҚазБСҚА колледжі мамандықтарын таңдауда өз көмегімді бергім келді.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде әр оқушы екі нұсқаның бірін таңдай алуы мүмкін:

  1. 9-сыныпқа дейін мектепте оқып, колледжге немесе басқа орта кәсіптік білім беру мекемесіне бару.
  2. 11-сыныпқа дейін оқып, содан кейін колледжге немесе жоғары оқу орнына түсу.

«ҚазБСҚА колледжі» Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Колледж келесі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды:

07310100 “Сәулет”

02110300 “Графикалық және мультимедиялық дизайн”

02120200 “Киім дизайны”

07320100 “Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану”

07310200 “Геодезия және картография”

Шығармашылық тұлғалар үшін сәулетші мен дизайнер мамандықтары, математикалық және логикалық ойлауға бейімділігі бар оқушылар үшін құрылыс инженері, жобалаушы мен геодезия мамандықтарына таңдау жасағандары дұрыс.

Колледж оқушылары заманауи деңгейде жобалық шешімдерді графикалық әзірлеуді жүзеге асырады, барлық мүмкін графикалық бағдарламаларды пайдалана отырып және құрылыс объектілерін салу кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптарын және жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеу, рәсімдеу тәртібін сақтай отырып, қалалық және сәулеттік шешімдер жобасының сәулет-құрылыс бөлігін әзірлеумен айналысады.

Қай жерде болмасын, жоғары білікті мамандар әрқашан жоғары бағаланады. Инновациялық-индустриялық дамуды ұстанатын ел үшін қазіргі заманның жоғары талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау қазіргі әлемдегі басты міндет болып табылады. Осыған байланысты, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының есіктері жоғары сапалы білім алғысы келетін немесе алған білімдерін тереңдеткісі келетіндер үшін әрқашан ашық.

Дұрыс таңдау жасау – адамның мүмкіндіктерін, оның қабілетін, денсаулық жағдайын, білім мен дағды деңгейін ескере отырып, қызықты және тартымды, қолжетімді мамандық табуға мүмкіндік ашады. Сондықтан ең бастысы – сіздің бейімділіктеріңізді, қабілеттеріңізді және еңбек нарығындағы сұранысты ескеру маңызды.

Ендеше, мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда сәттілік тілейміз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *