Сан және санау, кеңістікті бағдарлау

Бекітемін:

                КММ №103 санаториялық  балабақша

Меңгерушісі: Сатыбалдиева Б.Ж

Тақырыбы: «Сан және санау, кеңістікті бағдарлау»

 

Тәрбиеші: Турсынбаева Қ.А. 

 

Алматы 2021ж.

Тақырыбы: Сан және санау, кеңістікті бағдарлау

Мақсаты: 1-ден 10-ға дейін санай білу, балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту. Сөздік қорларын дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін санамақтар, мақал-мәтелдер арқылы дамыту.

Жылулық шеңбер

Күндей жадырап,

Күндей жадырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық!

Тәрбиеші:

  • Жылдың қай мезгілі?
  • Қыс айларын атаңдар?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Бір аптада неше күн бар?

Тәрбиеші:Бүгін ашық оқу қызметіміздің

Қызықтыру сәті: ертөстік келеді мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.

Ертөстік: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Тәрбиеші:

  • Балалар бұл «Ертөстік» ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе? Ол мұнда қандай мақсатпен келгенін сұрайық

Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім. Менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы ең кішісімін. Осы ағаларымды тауда мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты. Мен оларды қалай құтқарамын.

(слайдтан Тасболдың суретін шығарып дыбысын салу)

Тасбол: Мен сиқырщшы Тасболмын. Ертөстік мен сенің ағаларыңды сиқырлап, сандарға айналдырып жібердім. Сені көріп тұрмын, сенің тапсырмаларың қиын.

Тәрбиеші: Балалар біз Ертөстікке көмектесіп, ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарайық

  • Ендеше тапсырманы тыңдайық

Ертөстік:Сендер тапсырмаларды орындап болғанша,мен анамнан хабар алып келейін

Тәрбиеші: Балалар, біз Ертөстіктің ағаларын сиқырдан құтқарып, оларға геометриялық пішіндерден үй тұрғызуымыз керек. Әр тапсырманы орындаған сайын сиқырдың күші кетеді. Қане, дайынбызба?

1-тапсырма

Геометриялық пішіндерді ата!

Тапсырма дұрыс орындалған сайын үйдің фундаментін қалаймыз.

2-тапсырма

1-ден 10-ға дейін тура және кері санап, сол сандардың ішінен 1 санды көрсете отырып, санамақ айту.

Тапсырма дұрыс орындалса үйдің қабырғасын тұрғызамыз

Тимур:

Бір дегенім  – бөрік

Кисең басқа көрік.

Аяла:

Екі дегенім-етік

Кисең сәнді етіп.

Айғаным:

Үш дегенім-ішік,

Теріден тігеді пішіп.

Батыр:

Төрт дегенім- тымақ

Қыста кисең жылы-ақ

Карим:

Бес дегенім-байпақ,

Іші жылы тайпақ.

3-тапсырма:

«Жоғалған сандарды тап»

1 2   4   6     9
1   3   5   7 8  

Сандарды тауып үйдің шатырын орнатады.

Бой сергіту сәті:

Дөңгелене тұрамыз, шеңберді біз құрамыз

Қол ұстасып бәріміз, ақ тілекті жолдаймыз.

Әлемде нұр тыныштық, әр үйде күн ыстық

Қайырлы күн! Балабақша, Қайырлы күн! Достарым!

Достарымды көргенде, қуанып қарсы аламын

Сәлем, сәлем, сәлем!!!

Тәрбиеші: Көңіл-күйлерің қалай? Онда келесі тапсырмаға көшейік

4-тапсырма:

Сұрақ-жауапМақсаты: балалар санды есту және цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.

  1. Кемпірқосақта неше түс бар?
  2. Бағдаршамда неше көз бар?
  3. Қолғапта неше саусақ бар?
  4. Аспанда неше күн бар?
  5. Адамда неше көз бар?
  6. Жұлдыздың неше бұрышы бар?
  7. Адамда неше саусақ бар?
  8. Бір аптада неше күн бар?
  9. Бір жылда неше мезгіл бар?
  10. Қоянда неше құлақ бар?
  11. Сиырда неше аяқ бар?
  12. Машинада неше дөңгелек бар?

(үй есігін тұрғызу)

  • Өте жақсы балалар! Келесі тапсырмаға көшейік

5-тапсырма:

«Кім жылдам?»

Пазылдағы сандарды жылдам орналастыру.

(үйдің терезі орнатылады)

6-тапсырма:

Геометриялық пішіндерді орналастыр

  1. Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша
  2. Сол жақ бұрышының жоғарғы бұрышына үшбұрыш
  3. Төменгі бұрышына төрбұрышына орналастыр
  4. Оң жағының жоғарғы жағына шаршыны
  5. Төменгі бұрышына шеңберді орналастыр.

7-тапсырма:

«Санап, санмен сәйкестендіру»

Үйдің мұржасын орналастыр.

Ертөстік: Балалар, сендерге көп-көп рахмет, менің ағаларым үйге оралды, анам сендерге алғыс айтып тәттілер және мектепке баратын жол картасын беріп жіберді, сендерге үлкен рахмет!!! Мен енді, ағаларыма барайын Сау болыңдар!!!-деп қоштасып шығып кетеді.

 

  • Өте тамаша, балалар, Ертөстіктің ағаларына пішіндерді пайдалана отырып, үй құрастырдық. Енді, ары қарай жалғастырайық. Ендеше үстел үстіндегі заттармен жұмыс жасаймыз. Түсіндіріп көрсетейін. (Тәрбиеші балаларға пішіндерді пайдалана отырып, қалай жабыстыру арқылы құрастыруға болатынын көрсетеді. Тәрбиешінің айтуымен бір жақ қабырғаның сол жақ бетінің жоғарғы жағына күнді оң жақ бетінің жоғарғы жағына бұлтты төиенге үймен шыршаны жапсырды) -жарайсыңдар балалар! Тасболдың тапсырмасын орындап, Ертөстіктің 8 ағасын құтқардыңдар (сол кезде Ертөстік келеді)
  • Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
  • Ертөстік бізден қандай көмек сұрады?
  • Біз Тасболдың қандай тапсырмаларын орындадық?
  • Жарайсыңдар, балалар, сендер Тасболдың тапсырмаларын дұрыс орындап, Ертөстіктің ағаларын сиқырдан құтқарып, өз білімдеріңді көрсеттіңдер.

Күтілетін нәтиже:1-ден 10-ға дейін тура және кері санап, ауызша есептер шығара білді.

Нені игереді: оң жақ — сол жақ, жоғары-төмен, көмекту деген түсініктерді игереді.

Нені білу керек: Сұрақтарға тосын жауап беріп, санамақ, мақал-мәтелдер білу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *