Наурыз көктем мерекесі

Алматы қаласы. Жетісу ауданы.

КММ №103 санаториялық балабақшасы.

Тәрбиеші: Құдайбергенова Бағила Досановна

 Тақырыбы: «Наурыз көктем мерекесі»

                                    

Білім беру саласы:Әлеумет.

Оқу қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Наурыз көктем мерекесі»

Мақсаты: Балалардың наурыз мерекесі туралы түсініктерін толықтыру және               көтеріңкі көңіл – күй сыйлау.Патриоттық сезімдерін қалыптастырып, салт-дәстүрді құрметтеп,сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар:Слаид арқылы наурыз мерекесі туралы мазмұнды суреттер.

                                  Оқу қызмет барысы.

Шаттық шеңбері:

Жарқырап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілеймін сіздерге ақ таңның

Қуанышын,шаттығын.

Педагог:Балалар,терезеден күн нұрын төгіп тұр екен.Күн көзінен қуат алып,бір-бірімізге ыстық лебіздерімізді  арнайық.

  1. «Ақ мол болсын!»
  2. «Ұлыс оң болсын!»
  3. «Күніміз ашық болсын!»
  4. «Түніміз тыныш болсын!»
  5. «Деніміз сау болсын!»
  6. «Аманшылық болсын!»
  7. «Наурыз мерекесі құтты болсын!»

Балалар біздің еліміз бүгін көктемгі наурыз мерекесін тойлап жатыр.Наурыз мерекесінде адамдар өкпе ренішін ұмытып, бір біріне қонаққа барып,наурыз көже пісіріп, дәм татқызған.ауылдарда үлкен той болып, салт – дәстүрімізді насихаттап еске түсірген. Наурыз мерекесі құтты болсын.

«Көрісу »дәстүрі туралы.

Қыстан аман шыққан халық бір-бірімен құшақтасып көріседі,бұл дәстүр ел ішінде әлі сақталған.                                                                                                              Кәне балалар ондай болса бізде көрісіп бір-бірімізбен арқа қағысайық.Наурыз көженің жасалу жолы туралы айтып беру.Наурыз көже Наурыз мерекесінде дайындалатын тағам.Оған жеті түрлі тағам қосылады.             Бидай,ет,тұз,сүт,бұршақ,сары май,құрт немесе айран қосылады.

Тақпақтар.

Нұрболат: Наурыз тойы – елдің тойы,

Көктем тойы – төлдің тойы.

Ән айтылды күні бойы,

Жақсы көрем наурыз тойын.

Бейбарыс: Бата беріп атамыз

Бата беріп атамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Рамазан: Ата бабам тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.

Балалар Наурыз мерекесінің сәні ұлттық ойындар.Сендер қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

Балалар:-«Бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Қыз қуу»,асық ойындары.т.б

Ондай болса біз асық ату ойынын ойнайық.

Қимылды ойын:«Асық ату»

Шарты:Балалар тігілген асықтарды балалар кезекпен –кезек атып түсіріп,құлаған асығын алады.

Сергіту сәті. Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер. (Қимылмен көрсетеді)

Педагог: Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл күндей жайнасын.

Құлпырып тұр күн мен ай

Құтты  болсын наурыз тойы.

Кері байланыс:Көктем мезгілінен,наурыз мерекесінен алған әсерлерімізді мына тақта бетіне түсірейік.

Ұжымдық жұмыс «Көктем келді,наурыз келді,»

Балалар ұжымдық жұмысты бірге орындайды.(Музыка әуенімен)

Педагог қорытындылайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *