«Президент — ел тірегі»

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

«Теңге бөбекжай-бақша» тәрбиеші Изтурганова Гульмира Ордабаевна

 

№2 «Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу тәрбие жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұ.О.Қ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Президент – ел тірегі».

Мақсаты: Елбасымыздың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Рәміздермен таныстыру

Дамытушылық: Патриоттық сезімін дамыту

Тәрбіелік:Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже; жасайды: өз елінің президентін тани білу

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, лепбук, көрнекілік.

 

Ұ.О.Қ.

 

 

Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті

 

 

I Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер:

Армысың, қайырымды аспан ата!

Армысың, мейірімді жер ана!

Армысың шұғылалы алтын күнім!

Армысың, балабақша дос – жараным!

 

 Әнұран

 

II  Негізгі бөлім

-Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызыметіміз қызықты өтпек,

себебі бүгін – Президент күні.

-Балалар, бүгінгі  тақырыптық  ашық оқу қызыметіміздің тақырыбы «Президент – ел тірегі».

— Балалар, біздің отанымыз қалай аталатынын білемізбе?

— «Қазақстан» дұрыс. Біздің ұлтымыз қазақ.

— Балалар, кім отанымыз туралы мақал-мәтел біледі?

 

Ф.Ислам   Отан – оттан ыстық.

Нұрсұлтан

К.Жайна     Отан отбасыдан басталад.

 

— Жарайсындар

— Ал енді балалар, біздің тұңғыш Президентімізбен  танысайық.

 

Слайд.

Әбішұлы Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде Нұрсұлтан Назарбаев біздің президент болып тағайындалған. Қазақстан үшін сіңірген еңбегі өте зор.

 

Елбасы туралы тақпақтар.

 

С.Кәусар     Елбасызым жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

 

С.Алиәскер    Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Сергіту сәті:

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге

Тұрғанымды қалайды.

 

Рәміздермен таныстыру.

 

Ойын «Құрастыру».

                                     

— Балалар, сендерді Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жұмыстарының бірімен таныстырайын.

 

Ұлы даланың – жеті қыры.

 

1.      Атқа міну мәдениеті.

2.      Ұлы даладағы ежелгі металлургия.

3.      Аң стилі.

4.      Алтын Адам.

5.      Түркі әлемінің бесігі.

6.      Ұлы жібек жолы.

7.      Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.

 

Алма мен қызғалдақ туралы «Лепбук» арқылы түсіндіру, әңгімелеу, ойын ойнау.

 

-Жарайсыңдар балалар!

 

-Балалар, енді сендерді біздің жаңа Президентімізбен таныстырайын. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең алғашқы президенттік жұмысының бірі елордамыз Астананың атын тұңғыш президентіміздің атымен атап «Нұр-сұлтан» деп өзгертуі.

 

III  Қорытынды бөлім

 

Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізде не білдік? Экранға қарап еске түсірейкші.

Тосын сәт:

Қоңаққа Томпақ  келді.

— Сәлем балалар, менің атым – Томпақ. Мен сендерге ғаламшардан ұшып келдім.

— Сәлем Томпақ.

— Мен сендердің топтарыңда ашық оқу қызметі болып жатқанын естіп қалдым. Сендердің бүгінгі тақырыпта не үйренгендеріңді білгім келеді.

— Кәнекей балалар Томпаққа бүгін білгенімізді айтып берейік.

— Қандай керемет, рақмет балалар. Сіздің отаныңыз туралы коп нәрсе білдім. Сендерге тағыда қонаққа келемін, келесі кездескенше сау болыңыздар.

— Сау бол Томпақ!

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ашық оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?

— Ендіше қоңақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *