Оқушының бойында көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру

Шамғонова Ақсамал Айбекқызы

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет». Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.

Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі тақырыпты ашпас бұрын, ең алдымен «көшбасшы деген кім, ол қандай болу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) — нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білі, моральдық құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі.

«Көшбасшы» термині 2 мағына береді:

Іс-әрекеттің жемісті болуына әсер ететін пайдалы, айқын көрінетін қасиеттері бар индивид (топішілік қызығушылыққа ие). Мұндай көшбасшы еліктеуге болатындай үлгі, субьектіге психологиялық әсер береді. Өз тобының қызығушылықтарын біледі және солар үшін шешім қабылдай алады, бәрін ұйымдастыруға, ортақ мақсат үшін топты біріктіруге шебер адам. Бұл көшбасшылар топтың құндылықтарын қорғай алады.

Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:

  • қарым-қатынас орната білу;
  • топты қалыптастыра, біріктіре білу;
  • мақсатын анықтау;
  • қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
  • адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
  • аз уақытта көп ақпаратты игере білу;
  • белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
  • үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек.

Көшбасшы — топ мүшелерінің мінез – құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімнің атқарар ролі өте зор болып табылады. Ол үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жан-жақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, өз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сөйлеу, кез келген жағдайда өзін көрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және өзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы осы қасиеттерге ие болған жағдайда оларды болашаққа, көшбасшылыққа дайындаушы мұғалімдерге бірме-бір септігі теді. Баланың бойындағы бар қабілеті жетілдіру соншалықты дағдылы болып табылады. Себебі оқушы ойға алған істерін жандандыра біледі. Оқушылардың бойында көшбасшылық орын алмаған жағдайда оқытушы қызықты тапсырмалар мен әңгіме сабақтары арқылы көшбасшылыққа икемдей алады. Алдымен көшбасшы дегеніміздің не екендігін түсіндіреді. Оның қыр-сырын, егжей-тегжейлі оқыта келе ол қасиетті өзіне қаблдаған жағдайда қандай жетістікке тап болатындығына мән береді. Мәселен, класс ішінде бірнеше оқушы басқаларға қарағанда көшбасшылығын қалай білдіреді. Ол алдымен сыртқы ортадағы қарым-қатынасынан аңғарылады. Сойлеу мәдениеті, басқаларды тыңдай білу сауаттылығы, тапсырманы жауапкершілікпен орындау шеберлігі, сауаттылықтың басты қызмет атқаратынын сезе білушілігі, кз келген жағдайда қиындықтан жол таба білуі сияқты басты құндылыққа ие адами қасиеттері мен сабақтағы озат оқушы екендігін дәлелдеуде жалғасады.

Оқушы бойында көшбасшылықты жандандыратын қажетті функциялар:

Конструктивті функция. Бұл функция қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа қоғамның қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу керек.

Ұйымдастыру функциясы. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, жұмыстарды біріктіру, қажетті процестер мен әрекеттерді жоспарлау. Мұнда көшбасшы бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруі қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін жауапкершілікке бағыттайды. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, қажетті тұлғаларды ризашылықпен біріктіру оқушы көшбасшылығының деңгейін танытады.

            Координациялық функция. Топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Көшбасшы шешім қабылдайды, ортақ шешімге келтіреді және ортақ қоғамдық құндылық құрушы болып табылады.

            Интерактивті функция. Мұндай көшбасшы айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды біріктіреді.

Көшбасшылықтың пайда болуының 3 негізгі теориялық бағыттары бар:

            Харизматикалық теория (қылықтық теория) — бұл теория көшбасшылардың туа біткен қасиеттеріне назар аударумен ерекшеленеді. Бұл теория бойынша көшбасшы қажетті, нақты жеке тұлғалық сапалар мен психологиялық мінез – құлықтардың жиынтығына ие болған адам ған көшбасшы бола алады. Көптеген авторлар көшбасшыға тән қылықтарды не сипаттамаларды көрсетуге тырысады, алайда, мұндай қылықтар жиынтығын құрастыру мүмкін еместігін түсініп, көшбасшының пайда болуын анықтайтын басқа теорияны қалыптастырды.

            Көшбасшының жағдайлық теориясы. Бұл теория негізінен көшбасшылық жағдайлардың жемісі деген. Топта әр түрлі жағдайлардың шешілу барысында қандайда бір сапасы бойынша ерекшеленетін адам пайда болды, бұл сапалардың сол жағдайға қажеттлігіне байланысты ерекшеленген адамды топ көшбасшы жасайды, яғни бұл теорияда көшбасшының сапасы салыстырмалы түрде қарастырылып, ол «көшбасшылық — көшбасшының белсенді әсер етуі» деген сөздің мағынасын бұзады. Осы проблемаларды шешудің компромисті нұсқасы ретінде келесі теория қалыптасады.

            Көшбасшылықтың жүйелілік теориясы. Бұл теория көшбасшылық топтағы тұлғааралық қалыптасудың ұйымдастырылу процесі, ал көшбасшы – бұл процесті басқару субъектісі. Мұнда көшбасшылық топтың функциясы ретінде қаралса (яғни, өзара іс-әрекеттің мақсат — міндеттеріне екпін қойылады), сонымен қатар көшбасшы тұлғасының құрлымын дараланады (өзара әрекетті ұйымдастыру үшін адамдарға әсер ету қабілеттілігі).

Оқушыны көшбасшылыққа дайындацу барысында қажетті мәселелерді түсіндіріп келіп, оның осы тұрғыда ынтасы бар жоғын саралау қажет. Алға қойған мақсатқа жетуді қалай түсінетінін анықтау кезінде ол үшін не істей алатынын да тексеріп қойған абзал. Оқушы көшбасшылыққа немқұрайлы қрай алмайды. Ол өзін бір жүйедегі көшбасшы ретінде сезіне білуі қажет. Баланың бойында алға ұмтылыс орын алған жағдайда кез келген жұмыстарды жүргізе аласың. Оқушы сол талаптарды ауырсынбастан орындауға тырысса әрі қарай дамытуға әбден болады. Ал кейбір жағдайда оқушы өзін кейін тарта берсе, яғни берілен тапсырманы немесе объективті қызметтерді көрсее білуден жасқанса ол оқушымен ұзақ жұмыс жүргізіледі. Себебі баланы бойында алдымен сенімділікті және іске деген ынтаны қалыптастыру шаралары ұйымдастырылады. Көшбасшының ойлау үрдісіндегі айқынсыздығы бірқатар психологиялық себептердің, яғни ақпарат тапшылығының немесе тым артық болуының, оның күрделілік дәрежесінің жоғары болуына байланысты туындауы мүмкін.

            Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында нағыз көшбасшы болуға лайық жандарда қандай қасиеттер болу керек екенін анық айтып өткен болатын, соның ішінде:

  • Ақылды адамдар естігендерінің жартысына сенеді, ал қырағы адамдар қай жартысына сену керек екенін біледі деген болатын міне бұл қасиеттер нағыз көшбасшыларға тән қасиет екені тағы дәлел.Сондай – ақ әрбір көшбасшы өзіне не керек екенін анық біледі.
  • Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.
  • Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз студенттерді істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.
  • Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.
  • Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.

Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек:

  • Проблеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз.
  • Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды: біреуі одан бас тартады; біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі; үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын.
  • Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды.
  • Олар ретімен істейді. Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.
  • Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбейді. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.

Оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын студент тұлғасының кіріктірілген қасиеті.

1) Оқушылардың көшбасшылық қабілетін, тұлғаны дамыту процесінің нәтижесі ретінде, өзін-өзі жетілдіруде, өз өмірі мен іс-әрекетінің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыруда, туындап отыратын мәселелер бойынша дербес шешімдерді қабылдауда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына дербес, белсенді қатысуда басқару тәжірибесін табысты және тиімді жүзеге асыруға мүмкіншілігін сипаттайды.

2) Оқушылардың көшбасшылық қабілетінің қалыптасуында, өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығы жоғары. Себебі, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы – ол студенттердің дербес, шынайы өзіндік бастамаларына, шығармашылық және өнімді іс-әрекетіне негізделген бірлестіктің жоғары ұйымдасқан түрі. Ал, студенттердің шығармашылық және өнімді іс-әрекеті, дербес, шынайы өзіндік бастамалары негізінде басқару іс-әрекетін жүзеге асыруы, студенттің көшбасшылық қабілеттілігі қалыптасуының маңызды және тиімді шарты болып табылады.

Қорытынды

            Ел Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы – барлығы жастардың қолында. Тек солар ғана болашақты құрады. Бұл өзін патриотпын деп санайтын әрбір адамға байланысты. Ал, патриот болу деген нені білдіреді? Оқушылар үшін, бұл — өз жерінің тарихын білу, оған құрметпен қарау және білімге ұмтылыс, жетістікке қол жеткізу.

            Біздің басты міндетіміз – оқушылардың белсенділіктерін арттыру, олардан белсенді, көшбасшы тұлғаны қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық механизмдерін анықтау. Оқушылар  бойында көшбасшылықты қалыптастыру тек қана шара, үйірме, клуб жұмыстарымен шектеліп қалмауы тиіс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *