Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Жумагалиева Нургул Смагуловна

Сабақтың  мақсаты

Білімділігі: Орталық  Қазақстан  ауданының  халқы  туралы  көрсеткіштер, экономикалық  жағдай  мен  табиғат  ресурстарына, еңбек  ресурстарына  баға  беру. Өнеркәсіп, ауыл  шаруашылығы  мен  көлік  географиясының   басты  бағыты,  түрлері, сыртқы  экономикалық  байланыстары  мен  экологиялық  проблемалары,  оларды  шешу  жолдары  туралы  білім  дағдысын  қалыптастыру.

Тәрбиелігі:  Оқушылардың  өз  Отанына  деген  көзқарасын, сүйіспеншілігін  арттырып,  халықтар  арасындағы  достықты  құрметтей  білуге  тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілетін,  логикалық  ой-өрісін  дамыту.

Сабақтың  міндеті:

  1. Жаңа  материалды  меңгерту
  2. Оқушыларды ғылыми  ізденіске   баулу  арқылы  жаңа  тақырыптың  мәнін ашу.

Сабақтың  типі:  Жаңа  сабақты  меңгерту.

Сабақтың  түрі:  Баспасөз-конференция  сабағы.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:   Оқушы  пікірі,  тірек  сызбалар  арқылы  баяндау,  сұрақ-жауап.

Жаңа  технология  элементтері:  Топтастыру,  ой-қозғау, интервью  стратегиялары.

Пәнаралық  байланыс:  Тарих

Сабақтың  көрнекілігі:  Техникалық  құралдар, Қазақстанның  экономикалық  картасы,  кестелер,  сызбалар,  слайд.

Сабақтың  барысы:

I Ұйымдастыру

а)  Сыныпты  сабаққа  дайындау

ә) Оқушылардың  ойын,  пәкәрән,  жалпы  сабаққа  қатысын  тексеру.

II «Білім  минуты»

  1. Экономикалық аудандастыру  дегеніміз  не?

Экономикалық  аудандастыру    дегеніміз – елді  аумақтық  еңбек  бөлінісі  ортақ,  өзара  байланысты  экономикалық   аудандарға  топтастыру.

  1. Қазақстанды қандай  экономикалық  аудандарға  бөледі?

5  экономикалық  ауданға  бөлінеді:  Солтүстік  Қазақстан,  Батыс  Қазақстан, Орталық  Қазақстан, Шығыс  Қазақстан, Оңтүстік  Қазақстан.

  1. Қазақстанды экономикалық  аудандарға  бөлген  орыс  ғалымы?  Орыс  ғалымы  Н.Н.Баранский
  2. Экономикалық ауданның  құрамына  қандай  облыстар  кіреді?
  3. Батыс Қазақстан:  Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан  облысы
  4. Солтустік Қазақстан:  Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік   Қазақстан  облысы
  5. Орталық Қазақстан:  Қарағанды  облысы
  6. Шығыс Қазақстан:  Шығыс  Қазақстан  облысы
  7. Оңтүстік Қазақстан:  Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік  Қазақстан  облысы

       5.Географиялық  еңбек  бөлінісі  дегеніміз  не?

           Географиялық  еңбек  бөлінісі  деп – жекелеген  аудандардағы  өнеркәсіп  салаларының  және  ауыл шаруашылығының  қалыптасу  мүмкіншілігі.

       6.Мамандану  дегеніміз  не?

                Мамандану  дегеніміз – кәсіпорынның  бірыңғай  өнімдер  шығаруға  бейімделуі.

 

 

 

Жаңа  сабақ

Баспасөз – конференция  сабағы.

1-тілші:  Құрметті  ағайындар!  Орталық  Қазақстанның  ауданына  саяхат  жасап, барлық  жағдайымен  танысып  келгендеріңізге  өте  қуаныштымыз.

1-ші  сауал  тарихшы-ғалымға:

Кез   келген  мемлекеттің  бүгінін  білу  үшін  оның  өткеніне  көз  жіберу  шарт  деп  ойлаймын. Сол  үшін  Орталық  Қазақстанның   қалыптасу  тарихына  қысқаша  тоқталып  өтсеңіз.

Тарихшы-ғалым  пікірі:

2-тілші:  Менің  сұрағым  географ-саяхатшы  сізге:  Ауданның  экономикалық-географиялық  жағдайымен,  мемлекеттік  құрылымы  туралы  айтып  өтсеңіз.

Ауданның  құрамы:  Қарағанды  облысы

Ауданы:  428  мың  км2

Халқы:  1339  мың  адам

Орташа  тығыздығы:  3,1  адам

1-тілші:  Орталық  Қазақстанның  табиғат  ресурстары  жайлы  білгіміз  келеді.

Зерттеуші  ғалым  пікірі:

 

 

 

2-тілші:   Келесі  сұрағымыз  демограф-ғалімға:   Аудан  халқының  этникалық  құрамы,  демографиялық  жағдайы  қандай?

Демограф – ғалым  пікірі:

1-тілші:  Экономист – маманға:  Орталық  Қазақстан  шаруашылығына  баға  берсеңіз.

Экономист – маман  пікірі:

 

 

 

 

 

2-тілші:   Келесі  сұрағымыз    ғалым – агроном  сізге:  Ауыл  шаруашылығында  қандай  ерекшеліктер  бар  екен?

Ғалым – агроном  пікірі:

 

Ауыл  шаруашылығы
Мал  шаруашылығы:  қой, ірі  қара,  жылқы,  шошқа. Егін  шаруашылығы:  арпа,  тары,  бидай,  күнбағыс.

 

1-тілші:   Келесі  сұрақ  көлік  қызметкеріне:  Көлік  кешеніне  тоқталсаңыз?

Көлік  қызметкері  пікірі:

 

                                      Теміржол

 

Көлік                           Автомобиль

                                    

                                     Әуе  көлігі

 

2-тілші:   Орталық  Қазақстанның  сыртқы  экономикалық  байланысы  туралы  білгіміз  келеді.

Саяси шолушы  пікірі:

1-тілші:    Ауданның  мәдениеті,  жағдайына  тоқталып  өтсеңіз?

 

 

          Қарағанды  қаласы                              Қарағанды  көмірін  алғаш 

                                                                 ашушы   А.Байжановтың  ескерткіші

 

Теміртау  қаласы

 

Жезқазған  прокат  өнімдері

Бекіту  сұрақтары:

I   Кім  жылдам?

  1. Орталық Қазақстанда  ауыр  өнеркәсіптің  қандай   салалары  дамыған?
  2. Ауыл шаруашылығы  өнімін  өңдейтін  қандай  өнеркәсіптер  бар?
  3. Орталық Қазақстанның  жер  көлемі  қандай?
  4. Аудан халқының  саны  қанша?
  5. Су тапшылығын  шешу  мақсатында  қандай  канал  салынған?
  6. Қандай өнеркәсіп  тораптары  бар?

II    XXI  ғасырдың  он  сын – қатері

  1. Бірінші сын-қатер – тарихи  уақыттың  жеделдеуі
  2. Екінші сын-қатер – жаһандық  демографиялық  теңгерімсіздік
  3. Үшінші сын-қатер – жаһандық  азық-түлік  қауіпсіздігіне  төнетін  қатер
  4. Төртінші сын-қатер – судың  тым  тапшылығы
  5. Бесінші сын-қатер – жаһандық  энергетикалық  қауіпсіздік
  6. Алтыншы сын-қатер – табиғи  ресурстардың  сарқылуы
  7. Жетінші сын-қатер – үшінші  индустриялық  революция
  8. Сегізінші сын-қатер —  үдей  түскен  әлеуметтік  тұрақсыздық
  9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының  дағдарысы
  10. Оныншы  сын-қатер – жаңа  әлемдік  тұрақсыздық  каупі

Үй  тапсырмасы: 

  • 21 оқу.  Кескін  картаға Орталық  Қазақстанның  қалаларын  түсіру.

Қорытындылау. Бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *