Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Байбосынова Роза Көшерқызы

Сынып: 5 «ә » 

Сабақтың тақырыбы:   Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу туралы ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

        3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Бекіту   сабағы

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,  деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі қағаз, слайд.

Оқытудың әдісі:практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру: §10 сұрақ 1-3, № 267-272

2.«Миға шабуыл»  қайталау сұрақтары

  1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
  2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
  3. 1 саны қандай сан?
  4. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
  5. Қандай сандар 3-ке бөлінеді?
  6. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
  7. Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
  8. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?

3.«Кім шапшаң»   ойыны

№676

№677:     2·3=6;  2·5=10;   2·7=14;   3·5=15;   3 · 7 = 21;   5·7=35

№678

  1. Математикалық диктант
  2. Жай санның жұп сан болуы мүмкін бе? ( Иә)
  3. Натурал сандар қатарында бір- бірімен қатар тұрған жай сандар болуы мүмкін бе?

( Иә)

  1. 77 жай сан деген тұжырым дұрыс па?   (Жоқ)
  2. 68 құрама сан деген тұжырым дұрыс па?( Иә)
  3. Егер екі көбейткіш белгілі бір санға бөлінбесе, онда көбейтінді сол санға бөлінбейді.( Иә)
  4. Егер екі қосылғыш белгілі бір натурал санға бөлінсе, онда қосынды сол натурал санға бөлінбейді.(Жоқ)

 

  1. Деңгейлік тапсырма оқулықпен жұмыс

1-ші деңгей

Құрама сандарды жай  көбейткіштерге баған түрінде жіктеңдер: 140,  225,   72,  246

140=2*2*5*7;         225=3*3*5*5;     72=2*2*2*3*3;    246=2*3*41.

 

 

2-ші деңгей:

№6    Көлемі:  1) 27 см³;   2) 125 см³ болатын кубтың қырының     ұзындығы  неше сантиметр?

27=3*3*3 қыры 3 см;    2) 125=5*5*5;   қыры 5 см

3-ші деңгей

Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Көлемі:  1) 66см³; 2) 195см³;    3) 255см³  параллелепипедтің өлшемдері  неше  сантиметр?

  • 66=2*3*11 ені 2 см, биіктігі 3 см,  ұзындығы 11 см
  • 195=3*5*13 ені 3 см,  биіктігі 5 см,  ұзындығы 13 см
  • 255=3*5*17ені 3 см, биіктігі 5 см,  ұзындығы 17 см
  1. Электронды оқулықпен жұмыс
  2. «Ой түйін»Cабақты қорыту мақсатында тест жұмысы.
  3. Санның жай көбейіткіштерге жіктелуінің дұрысын көрсетіңдер.

1)12=3·4;  2)60 =3·4·5;  3)105 =3·5·7; 4)106=2·5·11.

  1. 642 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер.

1) 642=2·3·103;         2) 642=2·3·105;

3) 642=2·6·107;       4) 642 = 2 · 3 · 107.

  1. 12 санының барлық бөлгіштерін тап:

1) 12; 24; 36; …                   2) 1; 6; 12;

3) 1; 2; 3; 4; 6; 12;               4) 1; 2; 3; 4; 8; 12

  1.  96 санын жай көбейткіштерге жікте:

1) 25· 3;    2) 16  · 6;      3) 2·  3;       4) 24  · 6.

  1. Ең кіші жай сан?
    1) 2;   2) 4;    3) 0;    4) 6

Жауабы: 34311

Үйге   тапсырма: 4.6 тақырып

№685;   686

Сабақты қорытындылап, бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *