Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі Қмж

Мұхамбетқали Жұлдызай Пәні: Қазақ әдебиеті Педагогтің аты-жөні: Пән мұғалімі: Мұхамбетқали Жұлдызай Байғалиқызы Сынып: 10 ж.-м.б. Қатысушылар саны: 10                                                        Сабақтың тақырыбы: Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 10.2.2.1.автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқидағы көрінісін анықтау;
10.1.2.1. әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану.
Сабақтың мақсаттары: Шығарманың тақырыбын, көркемдік ерекшелігін, идеясын анықтайды. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалап, талдайды.
Тілдік құзіреттілік: Негізгі сөздер мен тіркестер: Оразақын Асқар, шетте жүрген бауырлар,қандастар,Қазақтар,Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.
Әдіс-тәсілдер:
«Лебіз», «Сиқырлы сағат», «Сыр сандық» , «Интьервью», «Жетон», «Серпілген сауал», «Олжалы қоржын», «РАФТ», «Чек», «Позетивті коменттарий», «Ондық», «Дискриптор мен бағалау»
Құндылықтар : — Зайырлы қоғам мен асқақ рух; — ортақ тарих, мәдениет және тіл; -қоғамдағы ұлттық бірлік.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану, география. биология
Алдыңғы оқу:
Қандастар ұғымын,Қазақтардың Дүниежүзі құрылтайы туралы біледі.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі\ уақыт Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу. Сынып оқушыларына жағымды ахуал қалыптастыру.
«Лебіз»                                                                                                                                Оқушының іс-әрекеті Педагогпен сәлемдеседі. Сыныпта жағымда ахуал қалыптастырады
Үй жұмысын сұрау «Сиқырлы сағат»
Үй тапсырмасын кімнің орындайтынын сиқырлы сағаттың тілі арқылы анықталады. Анықталған оқушы үйге берілген тапсырма бойынша жазып келген фантастикалық әңгімесін оқиды. Оқушының іс-әрекеті Үй тапсырмасына берілген фантастикалық әңгімесін оқиды.
ҚБ. «Позетивті коментарий» Ресурстар: Сағат,Слайд, интербелсенді тақта
Үй жұмысын бекіту «Серпілген сауал» әдісі
Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, үй жұмысын қорытындылау.
-Фантастикалық әңгіме дегеніміз не?
-Т.Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің сюжеті қандай,қай ғылым саласы туралы айтылады?
Оқушының іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді. ҚБ: «Көңіл күй одағайлары»
Ресурстар: Слайд, интербелсенді тақта
Қызығушылықты ояту
«Сыр сандық» әдісі Сандыққа бүгінгі сабаққа байланысты ресурстар салынады.Оқушылар, сандықты аша отырып заттардың сабаққа қандай қатысы бар екенін анықтайды.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
С.Сейфуллин

«Интьервью»стратегиясы
-Бұл қай ақынның шығармасы?
-Сандыққа біз қандай заттарды сақтаймыз?
-Бұл не заттар? Жусан не? Топырақ не?
-Жусан мен топырақты қандай мақсатта қолданған?
-Қазақтар ХХ ғасырдың басында қайда,қандай себептермен шетелге қоныс аударған?
-Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы қашан құрылды?
-Жусан мен топырақтың бүгінгі,біздің сабаққа қандай қатысы бар?

Оқушының іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді. ҚБ. «Жетон» Ресурстар: Сандық,жусан,топырақ,жетон

Жаңа сабақ:
« Көшбасшы және тыңдаушы» әдісі
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады.Көшбасшының қалауынша өлеңмен жұмыс жүргізу.

https://youtu.be/Qvd6_f1hWHo
Оразақын Асқар жайлы бейне үзінді
Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға»
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.

1.Өлеңнің мазмұнынан не түсіндіңдер? 2.Өлеңнің идеясы қандай

Оқушының іс-әрекеті: Өлеңнің мазмұнын, тақырыбын түсінеді ҚБ: «Жетон» Ресурстар: Интербелсенді тақта, оқулық, бейнеүзінді

1-тапсырма
«Олжалы қоржын» әдісі. Қоржыннан оқушылар тапсырма алады, тапсырма жанында ұпайы тұрады. 1-қатар Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Тақырыбы: Қандастарға үндеу
Идеясы:Шетте жүрген бауырларды Атамекенге қайтару.
Жанр түрі:өлең
Шумақ:6
Тармақ:25
Бунақ: 3бунақ
Буын саны:10-11
Ұйқас түрі:қара өлең ааба

2-қатар Өлең оқиғасын қарасөзбен баяндаңдар.
3-қатар Берілген кестені негізге ала отырып,өлеңде баяндалатын қазақ тарихымен байланысын анықтаңдар.
Үзінді Тарихи оқиға
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсеңдер де ауырласып ,
Ата жұрт шақырады тұқымым деп, құшағын байтақ дала , тауың да ашып
Оқушының іс-әрекеті: Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.Өлең оқиғасын қарасөзбен баяндайды. Берілген кестені негізге ала отырып,өлеңде баяндалатын қазақ тарихымен байланысын анықтайды.
ҚБ: «Ондық»
2-тапсырма
«РАФТ» әдісі
«РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша оқушыларға оқылған өлеңге байланысты қатарларға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б.
Р – Рөл А – Аудитория Ф – Форма Т– Тақырып 1-қатар
Р- Президент
А- бауырлар
Ф- үндеу
Т- «Шетте жүрген қандастарға» арнап заң шығару.
2-қатар
Р-Ақын
А-Үкімет
Ф-өсиет
Т- «Қандастарды қадірлейік»
3-қатар
Р-Қандастар
А-Халыққа
Ф-Аманат
Т-«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген»

Дискриптор
1.Рөльге ене отырып,өзекті ой қозғайды-3 ұпай;
2.Тілдік мәдениетті сақтай отырып,ойларын дәлелді жеткізеді- 3 ұпай.
3.Үндеу,хат,өсиет формасын сақтайды- 4 ұпай
Оқушының іс-әрекеті: Рөльге ене отырып,өзекті ой қозғайды;
Тілдік мәдениетті сақтай отырып,ойларын дәлелді жеткізеді.
ҚБ.«Дискриптор мен бағалау»
Ресурстар: Интербелсенді тақта, үлестірмелер, қыстырмалар

Қорытынды
«Чек» әдісі Сабақтан алған ақпараттарымен, жинаған баллдарымен бөліседі.
Оқушының іс-әрекеті: Сабақтан алған ақпараттарымен бөліседі.
ҚБ: «Чек »
Интербелсенді тақта, үлестір мелер Чек
Кері байланыс
«Блоб ағашы»
Оқушының іс-әрекеті: Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі Ресурстар:Интербелсенді тақта,оқулық, үлестірмелер
Оқу тапсырмасы
О.Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңін жаттау

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *