5 саны

 Жаукумова Ботагоз

       Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: 5 саны мен цифры

Бөлімдері:Қарапайым  математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты:  5 саны мен цифрымен таныстыру.Цифр мен заттың санын

сәйкестендіруді үйрету;заттар санау және реттік санау қабілетін  ұштау;

Міндеттері:

Білімділігі: цифрын тану және дұрыс бейнелеуге үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,бекіту,ойын ойнау,мадақтау.

Қостілді компонент: сан-цифр, бір-один,екі-два, үш-трт, төрт-четыре,бес-пять

Көрнекіліктері: кеспе цифрлар,« Балапанның дәптері»,қарындаш,санау-

ға арналған  көрнекіліктер,түрлі түсті қарындаштар

 

Іс — әрекет кезеңдері. Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық  — қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Мынау-менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау-басым ақылды

Бәрін осы атқарған

Мынау-менің оң қолым

Мынау-менің сол қолым

Барлық істі атқарған

Мынау-менің оң аяғым

Мынау-менің сол аяғым

Жақсылыққа апарған

Балалар көңіл

күйлері көтеріңкі, жылы лебізбен айтады.

 

Ұйымдастыру — іздестіру -Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,шешуін табуға тырысып көріндер

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды.

-Күз айларын атайықшы.

-Күз айында қандай ерекшеліктер болады?

-Бүгін аптаның  нешінші күні?

-Балабақшаға неше күн келеміз?

Балалар кәне өткен сабақты еске түсірейік

Мына суретке назар аударайық

Д/о Нешінші тұр?

1.Түлкі нешінші тұр?

2.Тышқан нешінші тұр?

3.Қасқыр нешінші тұр?

4.Қоян нешінші тұр?

-Балалар,тақтаға қараңдаршы,

мына суретте неше аю бар?

-Дұрыс.Ал бес аю болу үшін

неше аю қосу керек?

(бір аюды қосады).

-Бес аю болды.Төрт  аю көп па,

бес аю көп па?

-Біз бүгінгі сабақта 5  саны мен

цифрымен танысамыз.

(слайд) Бес саусақтың суретің көрсету

 

-Дәптерімізді ашып  дайындала-

лайық.

Санды цифрмен белгілейік.

5 цифрын табыңдар.

Цифрды бастырып сызамыз.

Ауаға жазамыз.

1-тапсырма

Цифрды дәптерге саламыз:

Бірінші тік сызық бойымен  жо-

ғарыдан төмен қарай,содан соң дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай,көлденең жатқан

сызықты солдан оңға қарай сызамыз.

2-тапсырма

бес саны бар бұлттарды тауып бояу

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма

Әр пойызда 5-тен болатындай вагондар жапсыру

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз

Кел санайық ал енді

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Жасырып ем бесеуін

Қалды мұнда нешеуі?

Қалған екен бесеуі

Д/о  «Ойлан тап»

Карточкамен жұмыс

Д/о: « Қай сан жоғалды?»

Мақсаты: Тақтада көрсетілген

сандар арасынан жоғалған санды анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

Күз мезгілі

 

Қыркүйек,

Қазан,Қараша

 

Бүгін-бейсенбі.

Бес күн келеміз

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

Төрт аю бар.

 

Бір аю қосу керек.

 

 

Бес аю көп.

 

 

 

Дәптерлерін дайындайды.

 

 

 

 

Цифрды ауаға жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтінің

мәтініне сәйкес

қимылдар  жасай-

ды.

 

 

Балалар қызығушы-

лықпен ойынға қа-

тысады.

 

 

 

 

Рефлексивті — түзетушілік Сұрақ қою арқылы сабақты қо-

рытындылау.

Өз әсерлерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 5  саны мен цифрын табуды.

Қандай түсініктерді игерді: 5  санының жазылуы туралы түсінікті.

Меңгерген  дағдылары мен іскерліктері: 5 заттан тұратын топты табуды,

5 цифрын анықтауды.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *