Ойыншықтар

Жамбыл облысы Т.Рыскулов ауданы
Луговой ауылы
«Алтын сақа» бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші Муканова Гульмира Абдалиевна

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.Ойыншықтардың атын айтуға үйрету.Дидактикалық ойынның шартын түсініп,тапсырманы орындау,дұрыс айту.Ойыншықтарды күтіп,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: ойыншықтар,суретер,топты безендіру.
Әдіс — тәсіл:ойын,сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу.
Қос тілді компонент:ойыншықтар-игрушки,куыршақ-кукла,
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Шаттық шеңбері
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл болып жанамыз
Біз жаттығу жасаймыз
Сергіп бір сәт қаламыз.
Балалар қимыл жасай отырып,шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастырушы – ізденіс

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Балалар мына жаққа қараңдаршы?Көктем ағаштарының жапырақтарының арасында біреу ұйықтап жатыр.
-Бұл кім болды екен?
-Қонағымызбен амандасайық.
Аю:-Сәлеметсіздер ме,балалар! Менің ойыншықтар әлеміне қош келдіңдер! Тек ,әттеген-ай,бүгін ойыншықтарым ұйқтап қалыпты.Балалар,оларды ояту үшін менің жасырған жұмбақтарымды шешіңдер:
Жұмбақ
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
-Дұрыс айтасыңдар.Кәне,аю дұрыс па екен?
-Дұрыс екен.
-Балалар доп неге ұқсайды?
Допты сипаттап,түсін,неден жасалғанын сұрау.
-Допты үйде,топта ойнауға бола ма?
Жұмбақ
Аяғы бар,жүрмейді,
Аузы бар,сөйлемейді.
Көзі бар көрмейді.
-Ол не?
Қуыршақты сипаттап айту.Неден жасалғанын анықтау.
-Балалар қуыршақпен кім ойнайды?
Жұмбақ
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талдандап (ол жұмыртқадан жарып шығады)
-Балалар мыналар не: доп,қуыршақ,балапан.
Олар-ойыншықтар.
Аюымызға төрлет дейік,біздің қонағымыз болсын.
-Балалар ,ойыншықтар қайда сатылады?
Олай болса біз автобусқа отырып,ойыншықтар дүкеніне барамыз ба?
-Балалар сапқа тұрып жүрейік.
-Қане автобус қалай дыбыстайды?
Балалар біз қайда келдік?
-Біз не үшін келдік?
-Ал енді біз дүкенде сатушы болатын баланы тандап аламыз.(балалар арасынан таңдап алу)
-Ал,балалар сатушыдан қандай ойыншық алатынды айтындар?
-Сатушыға ақша беру де ұмытпандар.
-Балалар өз ойыншықтарынды алған соң.
Оның неден жасалғаның айту,түсін ол қандай ойыншық екенің айту.
-Балалар сатушыға рахмет айтып автобуска отырып топқа барайық.
-Балалар біз ойыншық дүкенге барғанда.Онда үл мен қыз қуыршақ киімдерін шаттастырып алыпты.
Оларға көмектесеміз бе?
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
-Балалар мынау қай қуыршаққа керек?
-Ұлға ма,әлде қызға ма?
Қуыршақты көрсету.
-Қыз қуыршақ қандай киім киеді екен?(көйлек,туфли т.б)
-Үлдар ше?(шалбар,шорты,жейде)
-Олай болса оларға көмек көрсетейік.
Әр затты сипаттап,айту.
-Ал,енді балалар орнымызға отырып аюға рахмет айтайық.
-Аю біздің балалар ойыншықтарды неден жасалғаның,түсін біледі.
Аю:Балалар сендер ойыншықтарды өте жақсы біледі екенсіндер.Ойншықтар недел жасалғанын.Мен сендерге сыйлық әкелдім.(қапшықтын ішінен ойыншықтарды алып шығады.)
-Көктем
-Күн жылынады,ағаштарда жапырақтар пайда болады.Құстар жылы жақтан ұшып келеді.

-Балалар қызығушылық танытады.
Амандасады.

-Балалар жұмбақтарды шешеді.

-Жауабы:доп

Дөңгелекке,домалақ.

-Жоқ онымен далада ойнау керек.

-Қуыршақ
-Қыздар ойнайды.

-Жауабы:балапан

-Дүкенде.

-Ия

-Ойыншықтар дүкеніне.

-Ойыншықтар сатып алу үшін келдік.

-Балалар ойынды қуана ойнайды.

Рефлексифті түзету
Аю біздің балалар ойыншықтарды неден жасалғаның,түсін біледі.
Аю:Балалар сендер ойыншықтарды өте жақсы біледі екенсіндер.Ойншықтар неден жасалғанын. Мен сендерге сыйлық әкелдім.Менің сыйлығымды қабыл алыңдар.
-Ал енді балалар мен сендермен қоштасамын. Сау болындар! Апайларыңның тілін алып ақылды, үлгілі бала болыңдар.

-Балалар мынау ойыншықтармен ойнауға бола ма?
(Сынық ойыншықтарды көрсету.)
-Енді шатық шеңберге тұрайық.Сабағымызды аяқтап қонақтармен қоштасайық.
Шеңбер:
Біз шеңбер құрайық
Қолымыздан ұстаймыз
Сау саламат деп айтамыз.
Қонақтарға сау болындар деп айтамыз.

-Ия

-Балалар қоштасады.

-балалар жауап береді.

-Балалар шаттық шеңберге тұрып жылы сөздерді қайталайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *