М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңінің идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.

М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңінің идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш, көзіңді оянып,
Қанған жоқ па, әлі ұйқың?
Ұйықтайтын бар, не сиқың?
(А.Байтұрсынов «Жұртыма»)

ХХ ғасыр басында өмір сүрген екі алып тұлғаның тағдыры саяси әлеуметтік тарихта бір арнада тоғысты. «Бес арыстың» ерен еңбегінің арқасында, қараңғы қазақ ұлтына сәуле түсе бастады. Ұстанымы бір тұлғалардың ойы да өз өлеңдерінде үндестік тауып жатты.
А.Байтұрсынов ұйқыда жайбірақат жатқан халқын жаны аша маса болып ызыңдап оятса, М.Дулатов рух беріп, енді жатуға болмайды деп ұрандатып, жар салып оятады. Екі алып тұлғаның да бар мақсаты елінің қамы мен болашағының жарқын болуы. Өзімен қатарлас елдермен терезесі тең болса екен дейді.
А.Байтұрсынов малыңды итке сеніп, өзің жатырсың қауіпті де сезбей, ирелеңдеп жыланша жұтпақ жауыңнан қалай сені құтқарамын деп қам жесе, М.Дулатов назаменен түртсе де ұйқыңды қимайсың, жерің де, дінің де кетіп жатыр құрдымға деп, қам жаса, болмаса бәрінен айырыласың деп қаймығады. Халқының аңғалдығын, қамсыздығын, өзгелерге сенгіштігін екі ақын да өз өлеңдерінде бейнелейді. Халқының мал соңына түсіп, өзара дауласып жүруі, білімге ұмтылмауы, атақ, билікке құмарлығы екі ақынды да қайғыртады.
Халықты қалай ұйқысынан ояту керек деген ой екі ақынды да мазалайды. А.Байтұрсыновта:
Малшыны сол уақытта маса шақты,
Оятып,бұл бәледен қағайын деп…
Өз басын қатерге тігіп маса оятса,
М.Дулатовта:
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп…
Білімді жастар халқын жарқын болашаққа жетелейді.
А. Байтұрсынов М.Дулатовтың ұстазы әрі үлгі тұтар қоғам қайраткері болды. Оны өлеңдерінен де байқауға болады. Ақмет өз басына қауіп түсуінен қопықпай, маса болып елін бәледен қорғау үшін жанын аямады, халқына ескерту жасады. Алғашқылардың бірі болып,халқына ой салды, үндеу жолдады. Жат ел билігін жүргізбектігін ескертті. Ал Міржақып ұлт басына түскен қайғыны ашық айтты. Ұлттың жоғалып бара жатқандығын, жерінен де айырылып, қапы қалып жатқандығын көрсетті. Өзі сияқты жастарға сенім артты. Алға жетелеңдер, елді басқарар, бас көтерер серке болыңдар деп сенім артты.
Қазақ халқының еркендігі, қалың қайғысы, болашағы екі арысымызлың жан қайғысы болды. Ұлтымыздың ұлылығын, ұлттық құндылығын сақтау үшін талай тер төкті. Қараңғылықтан шығару үшін білім алып, жастарға үйретті, қоғамдық дертке дауа іздеді. Өздері үлгі болып жұртты жұлқылап ұйқысынан оятуға тырысты. Болашақтың жарқындығы білімде екенін көрсетіп кетті. Жастарға тер төгіп, ұлт үшін еңбек етуді аманаттады. Ұлтымызға адал болайық, жастар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *