Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының өміршеңдік мәні.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті, 1-курс студенті

Тұрахан Нұрайым Нұрсерікқызы

Бірінші революция екпінімен қазақ баспасөзі тарихында нақты мақсат пен бағытты ұстана білген, тұрпайы халықтың болмысын шыңдау үшін, ақиқатқа көкіректі аша қараған жанашыр ұлт зиялыларымыздың аса маңызды нәтижесінен шыққан басылым “Серке”газеті болатын.  Серке деген не сөз деп сөккендер де қаншама. Сер¬ке – көсем, оған жал¬ғыз ешкілер ғана емес, күллі қойлар ба¬ғынады. Серке – намыс¬шыл, қорасына қасқыр тисін, кім тисін, қарсы барады, өзін құрбандыққа шалады. Газеттің тарихына көз жүгіртетін болсақ, 1907 жылы Петербургте татар тілінде “Улфат” газетіне қосымша ретінде шығып отырған. Бір саны шығып тоқтап қалған деседі. Газет Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен шығып отырған. Редакторына келсек, Хажы Ыбраймов деген кісі болған. Сонымен қатар, Серке туралы  Улфат газеті редакторларының бірі “Нажат”(Азаттық) деген жинағында былай деп жазады:

“1906 жылдың ақырында “Улфаттың” қазақ оқушыларына арнап қазақ тілінде “Серке” атты екі жетілік шығаруға қарар болды. Келесі жылы март айының басында сол газеттің жариялауы шықты. Артынша 28 мартта бірінші саны шықты. Ол “Улфат” газетінің 67-санына қосымша болып шықты.Бірақ, газет шыққан соң, бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің “Серке”, “Улфат” газеттерінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жыйнап, құлыптап кетті.. Ал, екінші күні тиісті орындардан себебін сұрағанымызда, олар “Серке” газетіндегі кейбір  мақалаларда қазақ халқын өкіметке қарсы үгітеуі бар. Содан ұсталды деп жауап берді” дейді.   «Серке» газетінің 6 маусым күні шыққан 2 санында «біздің мақсатымыз» атты мақала осы бүтін бір «серке» баспасының жұмысын тоқтатуға алып келген еді. Жабылу тарихын саралайтын болсақ, зиялы қауымның бірі болған Міржақып Дулатовтің “Оян қазақ” өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” мақаласы түрткі болды деген дерек кездеседі.

Серке газетінің жабылатындай Міржақып Дулатұлы “не жазған екен?” деген бірден толғаныс пайда болады. «Арғын» деп қол қойған, «Біздің мақсатымыз» деген мақаласында:

«Қазағым менің, елім менің!

Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правасының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады… деп бастау алған мақала бір баспаны жауып тастағаны тереңірек ойландыра түседі. Мақаланың бар болмысын ондағы негізгі ойдың түкпірін айтатын болсақ, сол аласапыран уақыттағы патша өкіметінің озбырлық саясатына қарсылық танытқан тұсты байқаймыз. Ресейдің отарлау саясаты көптеген халықтың зығырданын қайнатқаны рас емес пе?! Қарапайым халықтың қолынан не келер? Бір ауыз ашсаң, түрменің есігі айқара ашылар. Мақалада сол жылдардағы чиновниктер, стражниктер мен урядниктердің қазақ жерін әкесінің төріндей көріп, емін-еркін өмір сүріп жатқанын, ал біздің қазақтың не ішерге тамағы жоқ, не жатар жері жоқ, өз жерінде өздері күн көре алмай жүргендігін қынжыла білдіреді. Қара халықтың нанын жеп, жерді тоқтаусыз отарлап, талан-таражыға салып, халықты аяусыз тонағанына мүләйімсіп отыра бергенен не пайда. Өткір тілді билеймін деп авторымыз қуғынға ұшырап, сонда да берілмеген күшті айтсаңызшы. Мақаладан үзінді алсақ, «… Көріп отырғаныңыздай … шенеуніктер. Офицерлер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малды алып, қалағанын істеді …». Демократия жоқтығынан, кедей халықты соққыға жығуы қайбір оңбағандырдың ісі. Мақаланың келесі бөлімдерінде қаһарлы орыс мұжықтарының дінге араласулары, молдаларға күн көрсетпей, сатылымдағы діни кітаптарға қол тигізуі, мемлекеттің Думада халық жанашыры болса, оны орнынан тайдыруы, қазақ жігіттерінің қашып жүргендері жайлы насихатталады.

Мақала қорытындысы мына сөйлеммен аяқталған «Біздің мыңдаған ер адамдар қазірдің өзінде шөл далада немесе түрмелерде …» «Шындық — ащы һәм ажарсыз.»-демекші арыстанымыздың мақаласы патша өкіметін бей-жәй қалдырмағаны бізге аян. Кейін, мақалаға қоса “Жастарға” атты өлеңі шығады. Өлеңнің бірінші  шұмақтарында автор жастарды тірілуге, орыс саясатына берілмей тайталасуға, қазақ деген ұлы атты салиқалы ұрпаққа жеткізуге үндейді. Мың қойды серке бастамай? ,— демекші әрбір алаштың жас буынын тәубесіне шақырады. Сондағы мақала мен өлең арасындағы белгілі бір байланысты аңғарамыз. Яғни, мақалада ащы шындықтың қаймағын бетіне шығара отырып жеткізсе, “Жастарға” өлеңінде үндеу ретінде, халықтың көзін ашу мақсатында, әрекеттенуге шақырады. Патша өкіметіне бұл айып озбырлы көрініп, газетті жабуға бел буады.

«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сонау, адамзат тарихында қияметке толы, XX ғасырдың басымен тұзы сор қазақ халқы үшін қилы заман мен сындарлы кезең болғаны бізге мәлім. Ұлан байтақ даламда қайран қазағым не көрмеді?! Небір бейнетті күндерді  кешіріп, аштық мен қудалаудан безініп, бір жарытып өмірлерін сүрмеді. Тәуелсіздік алғанға дейін туған еліміздің тарихын толыққанды біле алмай, біржақты идеологиядан, кеңестік саясаттан көз аша алмай қалған дербес халқым-ай. 1937-1938 жылдардағы қаперсіз көшбасшыларымыз репрессияға ұшырап, жүректі бір езгізді. Менің ойымша, қазіргі таңда, елімізде демократия орнасада, іш жүзінде еркінділік пен сөз бостандығы әлі де шешілмеген сараң жол секілді….. Халықты тонау жоқ дегенге сенгім келмейді. Осынау фәни дүниеде, ұшса қыранның қанаты талатын, жортса құланның тұяғы тозатын жеріміз болса да, бүгінгі күнде “Біздің мақсатымыз” атты мақала маңызын жоғалтпас.

Еш сескенбей, тайынбай сондағы халықының зарына құлақ аса, сол кезеңдегі ақиқаттың есігін айқара ашып, жан-айқайын өлеңмен жеткізген арыстанымыз Міржақып Дулатұлы еді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *