Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық,қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да,тәні де таза,білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»-деп айтқандай бала біздің болашағымыз,бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының,құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз.Егемен елгемен елміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ,яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды,назар салатын басты мәселелердің бірі.Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса,жалғасы балабақшамен байланысады,яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.Сәби өседі,уақыт өткен сайын оның айналасындағы кеңістігі де  күннен күнге өзгеріп,ұлғая береді.Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қоршауы болса,екінші жағынан-тәрбиелік орта.Бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның да орны ерекше.Тіптен  «бақытты балалық шақ»деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырлған тірлігінде ғана туындайтын сияқты.Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарына көңіл бөлсек:

-педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру,ата-аналарды оқыту бағдарламасын меңгертуіне:

-іс-әрекеттің түрлі формалары (сабаққа қатысу,әртүрлі клубтар)және қосымша қызмет көрсетуіне;

-балалардың шығармашылық әрекетін дамытуына;

-жоспарлау мен бақылауды ұйымдастыруына;

-қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуына;

-әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмектесуіне.

Міне осындай негізгі бағыттарды бала тәрбиелеудегі іске асырушылар мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы.Осы екі арада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса,ұшатаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелері болары сөзсіз.

Бала тәрбиесіне тек балабақша,мектеп,оны қоршаған орта ғана емес,сонымен қатар отбасы,яғни,әкесі,атасы,әжесі,ағасы,әпкесі де әсерін тигізеді.Ата-аналарды ынтымақтастық пен серіктестікке жұмылдыра атқарған жұмыстың формаларын ұсынғым келіп отыр.Мысалы, «Әженің үйінде қонақта болу», «Ата-әжем ауылы», «Менің туған өлкем» атты өткізілген іс-шаралардың мақсаты – балалар мен ата-аналарды халқымыздың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен таныстырып,оны өзара көрсете алу дағдыларын қалыптастыру.

Ата-аналармен жұмыс дәстүрлі емес түрлерімен ұйымдастырылады:ата-аналармен тренингтер,пікірталастар, психологиялық демалыс сәттері,дөңгелек үстел.

Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан,оны нығайту,оның тәрбиелік мәнін арттыруға сол қоғамның басты назарында болуы керек.Баланың дұрыс тәлім – тәрбиесі,ең алдымен ата-ананың және тәрбиешілердің еңбексүйгіштігі мен беделіне тікелей байланысты.

Отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік,эстетикалық,дене тәрбиесінің алғашқы тәрбиешілері.Отбасы-қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан,оны нығайту,оның тәрбиелік мәнін арттыру,сол қоғамның басты назарында болуы керек.

Әр ата-ана өз баласына ұстаз екенін ұмытпауы тиіс.Тәрбиеші әр баланы жеке-жеке ата-ана арқылы білуі қажет.Ата-ананың күнделікті өміріндегі еңбегі,мінез-құлқы,балаға қарым-қатынасы баланы тәрбиелеп отырған тәрбиешіге де аян болуы қажет.Баланы сонда барып тәрбиелей аламыз.

Бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтың ата-анамен яғни отбасымен байланысты болуы педагогикалық ұжымның ең негізгі міндеті.Мектепке дейінгі ұйымы мен отбасы ынтымақтастығын нығайту үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында үлкен байланыс болуы қажет.Әр баланы тани білу тәрбиешінің ерекшелігіне де байланысты.Баланың бәрін бірдей көріп,бірдей тәлім-тәрбие беру тәрбиешінің басты міндеті.

Сауалнама таратып,ата-ананың пікірін бөлісуі қажет.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,адам баласы үшін азапқа түседі»-демекші,баланың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.Баланың үлкен саналы азамат ету өміріміздің яғни отбасы мен педагог ұжым арасындағы байланысымыздың шешімі деп те айтуымызға болады.

«Болар елдің баласын сәнінен емес сәлемінен танимын»,-деген екен қариялар,сондықтан да әр баланы елдің үлкен беделі зор азаматы етіп тәрбиелейік,ағайын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.