Мен XXI ғасыр журналистімін

Бала күнімде телевизия саласына ерекше қызықтым. Журналистикаға деген құштарлығым еш дамыл тапқан емес. Бала күнгі ақ арманның қанатында Хантәңірі етегінен Алатаудың баурайына мақсатымның биік шыңдарын көздеп келдім. Сол алға қойған мақсатыма қалайда жетіп, журналистика деген қызықты да, тағылымды мамандықтың тізгінін берік ұстаймын деген сенімдемін. Маған сенетіндердің де үмітін ақтаймын әлі.

Күмәнмен қарап,күдігі басым болған жандарға журналист ретінде жұлдызым әлі де жарқырай түсетінін дәлелдеймін деген сенімім бар. Халықпен бірге тыныстап, елімізде болып жатқан жаңалықтың жаршысына айналуды армандаймын. Менің ойымша, бұл мамандықтың қыр-сыры өте көп.

Бұл мамандық əдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Əрдайым газет-журналдарды оқи отырып, əр тақырыптағы мəселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің журналистикаға деген құлшынысым арта түседі.

Мақсатым – тек қана журналист болу емес, қоғамға керекті, елімізге еңбегі сіңер, атқарған жұмысымен үлгі болар, нағыз кəсіби маман атану. Бүгінгі күнде журналистиканың қыр -сырын толық бімесем де бұл жолда аянбай еңбек етіп, өз ізімді қалдыру, білікті де білімді мамандардың қатарында болу үлкен арман. Ал, арман адамды баулып, үлкен бір асуларға жеткізетін дүние

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Айсұлу:

    Керемет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *