Қош келдің ,Жаңа жыл

Мақсаты:ертеңгілікте балалардың жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту.Мерекелік ертеңгілікке деген ой-қиалын дамыту.Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Адина:Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр.Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын.Барлығыңызға бақыт,береке,көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін.

Адия:Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Тақпақ айтып би-билеп

Жаңа жылды бастайық

Дәулет:жаңа жылға арналған ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Ортаға Бәйтерек тобын шақырамыз.

Дәулет:жаңа жылдарыңызбен.

Адия:с новом  годом.

Адина:хаппи нью.

Адина:Балалар мынау ортадағы шыршамыз көңілсіз тұр ғой әдемі шыршаның шамын жағу үшін ортаға Ақшақарды шақырайық.Сиқырлы таяғымен шыршаны жағайық.(Муз әуенімен ақшақар келеді.

Ақшақар: Саламатсыздарма балалар  мен өзіммен бірге сендерге қонақ ала келдім .Сендердің мерекелік кештеріңді көріге.Балалар неге көңілсіз тұрсыңдар.Олай болса кәне бәріміз бірге сиқырлы сөзімді  айтайық.

Қуаныт бізді таңыртқат

Шамдарыңды жарқырат

Бір,екі,үш

Шырша шамы жан.

Ой жарайсыңдар.Балалар шыршамыздың шамы жағылды енді ортамызға кім жетіспей тұр?

Балалар:Аяз ата.

Ақшақар дұрыс айтасыңдар балалар енді бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.Хормен аяз атаны шақырады.

Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым

Қырмызы сұлу қыздарым

Өздеріңді сағындым

Көп сыйлығым жарағым

Адина:Қош келдіңіз Аяз ата

Ән салыңыз бізбен бірге

Би-билеңіз бізге еріп.

Бәйтерек тобының орындауында «Джингел бенц»әнін қабыл алыңыздар.

Адия:Ақша қар,Аяз ата  біздің балалардың өнері таусылар емес.Аяз атаның келу құрметіне Аяз ата биін тамашалаңыздар.

Би:Аяз ата.

Тақпақтар:

Музуфар:Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаға жылға жаңа жы

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Қуаныш:Тамаша  тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Нұрасыл:Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Нұртай: Ақ қырауға малынған

Сақалы да,мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлемберді жұртына.

Б.Алихан:Аппақ қарға оранып

Базарлық мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Сырым:Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Ә.Алихан:Жасыл шелек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған

Дәулет:Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың.

Хор:ән Ай дай елочка.

Адина:Аяз ата,Ақшақар біздің бәйтерке тобының дайындап келген «жеті лақ»ертегісің қабыл алыңыздар.

Ойын:Жасырынбақ «Сайқымазақ кіреді».

Шарты:музыка қосылады балалар билейді музыка тоқтайды көздерін жұмады.Сайқымазақ бір баланы жасырады балалар көзін ашып табады.

Адия:Құрметті Аяз ата,Ақшақар қыздарымыздың  биін қабыл алыңыздар.

Би:Ақшақар биі.

Тақпақтар:

Даяна:Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Адия: Без дедушки мороза

Снежинки не летят

Без дедушки мороза

Узоры не блестят.

Айзере:Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Адина:Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Медина:Дед мороз дед мороз

Елку лесу принес

А пока сад ходила

Мама елку нарядила.

Адина:Ән айтамыз, би билейміз

Біз көңілді баламыз

Шаршауды біз білмиміз-ортаға мұз ханшайымдарын шақырамыз.

Би:Мұз ханшайымы биі.

Тақпақтар:

Адема:Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Қарақат:Безендіріп шыршаны

Жыл қуанытты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Айым:Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз

Айару:Хорошо на новый год

Ёлка,песни хоровод

Я люблю его встречать

И подарки получать.

Ізет Әдемі:Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Сания :Снег идёт снег идёт

Значит скоро новый год

Дед мороз к нам придёт

В сем подарки приснёт

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым.Мені бүгін бір қуантың алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарыңның киген киімдерің қандай әдемі,өздерің өнерлі екенсіңдер.Солай емес пе қызым.Ал енді біз жолға шығайық.Басқада балабақшаға  барамыз.Ал балаларым өсе беріңдер .өркендей беріңдер.Келесі кездескенше сау болыңдар.

Хор:Шырша жыры.

Адина:Құрметті қонақтар,балалар жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *