Мен үлгі тұтатын қазақ қызы

 

Қазіргі күні әлеуметтік желі қоғамның айнасы. Дәл сол әлеуметтік желілер арқылы адамдар сан түрлі жазбаларды оқи алады.

Жазбаларында өз ойын шеберлікпен, асқан. көркемдікпен бере білі бәрінің қолынан келе бермейді. Бұл тек бойында шабыты жоғары таланттардың қолынан келеді деп ойлаймын. Сондай таланттардың бірі- Қазақстандық психолог, саяхатшы, «өмірге шексіз ғашық» кітабының авторы, суық сана, жылы жүрек иесі Динара Болат. Сонымен қатар Динара Болат еркіндік пен шынайылықты, ақыл мен қарапайымдылықты, сезім мен сұлулықты ұштастыра білген жан. Қазақ тілдідер арасында өз ойын сауатты да саналы жеткізетін Динарадай адам кемде-кем. Өз басым Динара Болаттың жазбаларын оқығаннан кейін өмірге деген ойым, санам өзгергенін байқадым. Жазбалары өзіне тәнті ететін, әр нәрсеге сүйсініп, махаббат нұрын төгетін Динара ханым жайлы шексіз айта беруге болады.

Динара Болаттың жазбалары бір ғана оқып қоятын жазба емес, адам баласы бойына сіңірері мол рухани туынды. Сол себептіде әрбір адас баласы Динара. Болатты оқып көрсе, ой-өрісін өсірсе деймін.

Авторы: Ельгазинова Карина

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *