Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Күз мерекесі — ең жарқын және көңілді іс-шаралардың бірі. Біздің мектепте «Алтын күз-2023» мерекесі өтті. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан.

Мектебімізде ұйымдастырылған байқау жаңа форматтағы таныстырумен басталып, «Өнер – өмір жемісі» кезеңінде шәкірттеріміз поэзиялық қойылым, құлақ құрышын қандырар әуендер және мың бұрала билеген бишілеріміз бүгінгі мерекенің көркін ашты. Креативті ойлау мен ерекше шығармашылық қабілетті қажет ететін «Fashion autumn -2023» кезеңінде шәкірттеріміз бірінен бірі оза шауып, сән үлгісінің түрлі нұсқаларын көрсетіп,  әділқазылар мен көрермендерді таңқалдырды.

Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және мектеп президенті Абилкаир Сымбат аталған іс-шараның ұйымдастыру кезеңінен бастап, байқау барысын қадағалап, кезекшілік атқарды. Байқау соңында мектеп президенті мен өзін-өзі басқару ұйымы ата-аналар мен ұстаздардан сұхбат алды. Байқау көрермендері ерекше эмоция,  көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

№104ЖББМ  Өзін-өзі басқару ұйымы

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *