Ғажапсыздар, ұстаздар ғажапсыздар!

Ұстаз деген Ұлы — тұлға білемін,

Ұстаз жанын түсінемін ұғамын.

Ұстаз деген — жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген — анасы ол бәрінің.

Сен де одан болашаққа нәр алдың,

Мен де одан өміріме нәр алдым.

Сондықтан да үлкен — кіші бәріміз,

Бас иеміз ұстаздарға қарызбыз.

Ұстаз деген — ғажайып халықсыздар,

Шәкірт үшін мәңгілік, — алыпсыздар.

Нұр сыйлаған таңдамай жан біткенге

Ғажапсыздар — ұстаздар, ғажапсыздар.

Авторы:

Абай негізгі орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Айтекова С.А.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.