Мен туған ауыл

Менің аулылым туған өлкем белгілі қаламгер ақын,жазушы,ұлы отан соғысының ардагері Хамит Ерғалиев атамыздың атындағы ауыл.Бұрыңғы атауы Новобогатинское 1999жылдан бері Хамит Ерғалиев ауылы болып өзгертілді.Бұл ауыл Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Қамысқала ауылдық округінің орталығы болып саналады.Аулымыздың тарихы мол. Көнеден қалған ауыз екі әңгімелерге қарағанда ауылдағы басты байлық көзі-теңіз балығы болған деседі.Кезінде орыстың бай көпестері иелік қылған теңіз байлығының учаскесі ауылдың оңтүстігінде орналасып,ауланған балықтар Гурьев қаласына,кейде Астраханьға жіберіліп отырылған деседі.1841 жылы қазіргі ауылдың орнында қамыстан алғаш үйлер құрылысын бастаған.Алыстан көрінетін,әрі қамыс материалынан салынған балықшылар үйлерін халық »Қамысқала,, деп атап кеткен екен деседі .

Ауылымыздың Новобогат атауы туралы бір-екі аңыз әңгімелер бар.Бірінші аңыз былай өрбиді:аулылымызға кезінде Разиннан кейін,1880жылдарда Негайдың баскесерлері бас сауғалаған деседі.Жергілікті байлардың алтындарын алып кетуге келген Новиков,Выборнов,Богатиков деген үш адам осы жерде алғаш  тұрақтап қалғасын осы кісілердің фамияларынан Новобогат сөзі шыққан дейді.Ауылымыздың тарихы осылай сипатталады .Аулылымыз Хамит Ерғалиев ауылы болғаннан кейін аулымыз біртіндеп дамып басқа өңірлерден адамдар көшіп келіп халық санын көбейтіп жатырған жайы бар .Қазіргі кезде ауылымзжа 2білім ордасы,35кереуеттік аурухана,мәдениет үйі және 2балабақша халық игілігінде бар. Хамит Ерғалиев атамыз туралы айта кетсем Хамит Ерғалиев(14.10.1916 жылы Атырау облысыМахамбет ауданыНовобогат — 13.12.1997) — қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы. Ұлыотан соғысының ардагері егемен қазақстан газетініңәдеби қызметкері Қазақстанның жазушылар одағыныңмүшесі. 30ға тарта жыр жинақтары бар: Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты күн», «Аңыз ата», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» депаталатын поэмалардың авторы. Хамит атамыздыңкөптеген кітаптары бар: Екі поэма.
Біздің ауылдың қызы. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1950;
Сенің өзенің. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953;
Жайық жырлары. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМ КӨБ, 1955;
Құрманғазы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958;
Дәуір дабылы. Өлеңдер, поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1963;
Өз көзімен өмірдің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965;
Күн күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;
Күй дастан. Поэма, өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
Санаттағы сарбаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
Жанарымда жұмыр жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978;
Алтын зерең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981;
Таңдамалы. Шығармаларының үш томдығы. 1982—1984;
Өмір өрнегі. Эссе, очерк, публицистика. А., «Жалын», 1986;
Жедел толғау. Өлеңдер, балладалар, поэмалары., «Жазушы», 1988;
Демарш. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1992;
Шер толғау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993;
Сонеттер. А., «Жалын», 1995;
Ғұмырнама. Естелік-эссе. А., «Өлке», 1996;
Жақсы дап шарапат. Эссе, очерк, көркемсөз. А., «Қайнар», 1996;
Ұлтым дедім, ұлғай дым. Жыр кітабы. А., «Жазушы», 1997.

осынау бабамыздың туғанына 106жылдық мерей тойы   аудан көлемінде ғана емес облыстық республикалықкөлемде аталып өткелі жатыр. Осынау ұлы бабамыздың105жылдығына ауылымызда керемет шараларұйымдастырылды. Әнде айтылды биде биленді Хамит атамыздың шығармашылығынан өлеңдері оқылып жазғаншығармаларынан театрланған көріністер қойылды. Осындай ақынның ауылында туғаныма мақтанамын. Хамит атамыздың өлеңдерін жатқа айтып өмірбаянын білу біз үшінпарыз. Қазірге кезде Хамит Ерғалиев атамыздың аты біздіңауылға берілді. Хамит Ерғалиев ауылының үстінен үлкен халықаралық маңызы бар »Атырау Астрахань,, трассасы өтеді қазіргі кезде күрделі жөндеуден өтіп жатыр 2024жылға дейін халық игілігіне беру жоспарланып отыр.Ауылымызда халықтың щарушалығының бірі мал шаруашылығы. Аулылымызда ірілі-кішілі шаруа қожалықтары мүйізді ірі қараны,жылқыны асылдандыру жұмыстарын қолға алып ет, сүт өнімдерін өндіру бағытында жақсы жетістіктерге жетуде.Атап айтсам ауылымда »Қабибулин ,, »Серижаг,, сынды шаруа қожалықтары ауылымызды ет сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде.Ауыл тұрмысы осындай қарқынмен жылдан-жылға дамып келе жатыр,және менде ауылымның өсіп өркендеуіне үлес қосатын азамат болуға барымды саламын. Ауылымыздан шыққан белгілі тұлғалар туралы аита кетсем Иманғали Тасмағамбетов ағамыздың кіндік қаны тамған жер біздің ауыл. Иманғали ағамыз секілді елімнің елеулісі халықтың қалаулысы болғым келеді. Және Хамит атамызсекілді ақын батыр болғым келеді. Мен өз ауылымнан осындай тұлғадар туғанына қуанамын . Жаңа жас буындар туралы айтар болсам,спорт саласында,мәдениет саласында,біліммен ғылымда жетісьікке жетіп жүрген ауылдастарым бар соларды айтар болсам,спорт саласында,мәдениет саласында,біліммен ғылымда жетістікке жетіп жүрген ауылдастарым бар соларды айта кетсем. Армрестлингтен Азия чемпионы атанған Хайрушев Асылан ағамды мақтан етемін. Жәнедеқазақша күрестен қазақстан чемпионы болған Сапарғалиев Олжас,Мақсотов Диас сынды болашағынан зор үміт күттіретін жас палуандарымыз бар.Ал өнер саласына келсек белгілі айтыскер ақын Саадат Нұрманов, Серікбол Панабердиев, Амангелді Панабердиев сынды ағайынды ақындар шыққан. Ал журналистика саласын айтар болсам ауылымызда талантты белгілі телеарналарда қызмет атқаратын Абылай Ғаділжанұлы Qazaqstan телеарнасындағы Tansholpan бағдарламасын жүргізеді. Өте мықты жас журналистердің бірі менде Абылай ағам секілді жақсы журналист болғым келеді. Тағыда бір жас талантты журналистердің бірі Caspian news жаңалықтар қызметінің тілшісі Гүлфәни Ерсайын әпкеміз бар . Нағыз үлгі тұтар журналистердің бірі.

Аулылымызда мен үлгі тұтар азаматтар көп және азаймасын дегім келеді. . Тек ауыл емес  ауданның,облыстың,әлемдік сайыстарда Қазақстан намысын қорғайтын азамат азаматшалармыз көбейсін. Сонымен менің ауыл туралы мақалам соңына келді. Бірге қазақ ауылдарын дамытып биікке көтерейік.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *